1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні. Қазақ тілі, 7 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Қазақ тілі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 7Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім атауы:

Қазақстандағы халықтар достығы

Сабақтың тақырыбы

1мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні

Сабақтың түрі

Жазылым дағдысын бекіту сабағы

Жүзеге асатын оқу мақсаттары

Ж4.Эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдары немесе себептеріне өз көзқарасын жазу.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: Тыңдалым материалы бойынша өз ойларын айтады.

Көптеген оқушылар: Тақырыпқа байланысты берілген мәселеге өз көзқарасын білдіріп, эссе жазады.

Кейбір оқушылар: Жазылған эссені талдауға белсенді қатысады, өз пікірін білдіреді.

Бағалау критерийлері

Эссе құрылымын сақтап жазады.

Тақырыпқа байланысты өз көзқарасын білдіреді.

Дескрипторлар

  • Эссенің құрылымы мен даму желісін сақтайды.
  • Пікірлерді саралайды.
  • Мәселенің шешу жолдарына қатысты өзіндік дербес ойын жазады.

Тілдік міндеттер

Лексикалық минимум: Қазақстан халықтар Ассамблеясы, этномәдени орталықтар, ұлттар достастығы.

Жазылым үшін қолдануға ұсынылған тілдік оралымдар: менің ойымша, біріншіден, екіншіден, қорыта келе, т.б.

Құндылықтар

Туған жерді, елді сүюге тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихы

Осыған дейін меңгерілген білім

Тыңдалым дағдысын дамытуға арналған мәтінмен жұмыс істеді. Тыңдаған мәтіндері бойынша сұрақтарға жауап берді.

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 мин

1.Ұйымдастыру.

Оқушылар тыңдалым материалы арқылы сабақтың тақырыбын анықтайды.

Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлері таныстырылып, талданады.

https://www.youtube.com/watch?v=TvoHbnzt5wg

1 мамыр – Қазақстан халқы үшін ерекше мереке

№1 слайд

Сабақтың ортасы

35 мин

Эссе жазуға дайындық жұмысы бейнематериал негізінде ұйымдастырылады.

1-тапсырма.

Бейнематериалды тамашаланып, жұптық талқылау жұмысы өтеді. Оқушылар сыртқы және ішкі шеңбер құрып, бір-біріне тыңдаған материалдары бойынша сұрақтар қояды.

2-тапсырма.

«1-мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күнін біреулер ұлттар арасындағы достықты нығайтады десе, енді біреулер достықты нығайтуға соншалықты әсері жоқ деген пікір айтады. Осы пікірлерді саралай келіп, өз ойыңызды дискуссивті эссе түрінде жазыңыз.

Оқушыларға эссе жазуға көмек ретінде қолдануға болатын тірек сөздер ұсынылады. Оқушылар ұсынылған ақпараттардан өзіне қажеттісін іріктеп, мәселені шешудің жолдарын көрсетіп, өз көзқарасын дәлелдеп жазады.

Қажетті сөз тіркестері:

Қазақ халқы кеңпейілді, қонақжай халық, этномәдени орталықтар, Қазақстан Халықтары Ассамблеясы.

Қолдануға болатын мақалдар:

Саусақ бірікпей,

Ине ілікпейді.

 

Ырыс алды ынтымақ. Бірлік болмай тірлік болмас. 

Жұмыла көтерген жүк жеңіл.

Оқушылар жазған эсселерін сынып қабырғаларына іліп, кезекпен оқып шығады.

ҚБ. Оқушылар мен мұғалімнің кері байланыстары беріледі.

Сабақтың соңы

5 мин

Сабақты қорытындылау. Мұғалім оқушылардың кері байланыстарындағы ұсыныстарды келесі сабақта ескереді.

Не қиын болды?

Нені жетілдіру керек?

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Барлық оқушылар: Тыңдалым материалы бойынша өз ойларын айтады.

Көптеген оқушылар: Тақырыпқа байланысты берілген мәселеге өз көзқарасын білдіріп, эссе жазады.

Кейбір оқушылар: Жазылған эссені талдауға белсенді қатысады, өз пікірін білдіреді.

Кері байланыс арқылы, яғни сұрақтар беру арқылы және бағалау критерийлері арқылы тексеремін.

Бұл сабақтың Қазақстан тарихымен байланысы бар. Интерактивті тақтадан бейнематериалды көреді.

Халықтар арасындағы достастықтың маңызы туралы ойларын тереңдетеді.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаттары жүзеге асты. Сынып атмосферасы жағымды болды.

Дифференциацияны эсселерді талдау кезінде қабілеті жоғары оқушыларға өз пікірлерін айтып, ұсыныс жасауларына мүмкіндік беру арқылы жүзеге асырдым.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
Пікір жазу