Үстеу. Қазақ тілі, 4 сынып, дидактикалық материал. 123 сабақ


 Мұғалімге әдістемелік нұсқау

1.Бөлім: 8-бөлім: Болашаққа сахат

Сабақ тақырыбы: №123 Үстеу

Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)

4.2.3.1 - мәтін мазмұны бойынша шешім табуға бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру

4.4.2.5 - үстеуді мағынасына қарай ажырату, етістікпен байланыстырып, сөйлемде қолдану

4.3.5.1 стилистикалық қателерді мұғалімінің көмегімен анықтап түзету, жазба жұмысын пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық нормаларға сәйкес өз бетінше редакциялау

Сабақ мақсаттары:

  • Мәтін мазмұнына қарай сұрақтар құрастырады.Қателерді табады. Үстеулерді ажыратады
  • Үстеулерді ажыратады және сөйлем құрауда қолданады
  • Сөйлемдегі қателерді тауып, сөйлемдерді түзетіп жазады.

Құндылықты дарыту: өзгелердің көзқарастарына құрметпен қарау;

Пәнаралық байланыс: Дүниетану

Ресурстар:

Қосыша материалдар:

  • таныстырылым

2.Қауіпсіздік және денсаулық сақтау нұсқаулығы, оқушыларға психологиялық жағымды ахуалды қалай ұйымдастырылады:

Топтық және оқу құралдарын қолдануда қауіпсіздік ережелерін сақтау

3. Әдіс-тәсілдерді ұйымдастырудың егжей-тегжейлі нұсқаулығы

Ж.Ж «Ойлан,жұптас,бөліс» әдісі

Мақсаты: айтылым мен тыңдалым дағдысын арттырады. Диалогке қатысып, өз пікірін дәлелдеу

Қолданылуы: Өлеңді тиісті тыныс белгісімен толықтырып жаз.Үстеуді тап, оған сұрақ қой.

Ұ.Ж «Сөзден-сөйлем» әдісі

Мақсаты: оқылым, айтылым, тыңдалым дағдысына және дауыстап ойлануын арттырады

Қолданылуы: Берілген үстеулерді қатыстырып сөйлем құра.

Алға, ілгері, төмен, артта.

«Түсіп қалаған сөз» әдісі

Мақсаты:оқылым менжазылым дағдысын арттыру және сын тұрғысынан ойланады

Қолданылуы: Көп нүктенің орнына мекен үстеулерін қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.

Керекті сөздер: тысқары, жолшыбай, мұнда

«Топтастыр» әдісі

Мақсаты: оқылымды арттыру, сөздің мағынасын түсініп оқу.

Қолданылуы: Үстеулерді оқы. Осы үстеулерді білдіретін мағыналарына қарай топтап жаз

«Суреттерді сөйлет» әдісі

Мақсаты:суреттерді тану арқылы, айтылым мен тіл байлықтары артады

Қолданылуы: Суреттердегі зат атауларының алғашқы әріптерінен мақал құрап оқы

Ж.Ж «Қатесін тап» әдісі

Мақсаты:сөздердің жазылу емлесіне мән беру. Сұрақ қою арқылы сөздердің байланысын анықтау дағдысын қалыптастыру

Қолданылуы: Сөйлемдерді қатесін түзеп жаз, үстеулерді тап. Үстеулерге сұрақ қойып, мағынасын анықта. Қай сөзбен байланысып тұрғанын айт.

Ж.Ж «Еркін жазу» әдісі

Мақсаты:есте сақтау қабілетін, зейінін арттыру

Қолданылуы: Өлеңді оқып, жатқа жаз. Сын-қимыл үстеуін тап

5. Қалыптастырушы бағалауға ұсыныстар;

Қ.Б: жұптар бір-біріне бас бармақ әдісін қолданады

Қ.Б: мадақтау , ынталандыру сөздерін қолдану

Қ.Б:топтар бір-бірін бағдаршам әдісін қолданады

Қ.Б:жұлдызша әдісін қолдану

Бағалау критерий:

  • Үстеуді анықтауға сұрақтар құрастырады және жауап береді
  • Үстеуді мағынасына қарай ажыратады және етістікпен байланыстырып сөйлем құрастырады
  • Қателерді мұғалімінің көмегімен анықтап түзетеді

Кері байланыс: «Табыс сатысы» әдісі

Мақсаты:оқушы бүгінгі алған білімін тексеру, яғни өзін-өзі бағалау

Қолданылуы:

Сатының 1-ші баспалдағы

*Мен......... білемін*

2-ші баспалдағы

*Мен .........түсінемін*

3-ші баспалдағы

*Мен..........жасай аламын*

 6. Қосымша сілтемелер:

 

 1. Оқу жоспары Қазақ тілі Т1 4 сынып 2018-2019 жж

 2.Оқулық Қазақ тілі «Атамұра» баспасы

 3. Оқу бағдарламасы Қазақ тілі Т1

 4.Сабақ тиімділігін арттыратын 370 әдіс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу