Туған жер шежіресін зерттеймін. Қазақ тілі, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1-бөлім: Менің Отаным – Қазақстан

Күні:1 тоқсан

Мектеп: Көкшетау қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 4

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Туған жер шежіресін зерттеймін

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.2.9.1 дереккөздерден (мәтін, газет-журнал, сөздік, сызба, кесте, диаграмма,сайт) қажетті ақпараттарды табу, кездескен жаңа сөздердің мағынасын сөздік/мәнмәтін бойынша анықтау, ақпаратты өңдеу, тұжырымын ұсыну

4.2.1.1 мәтінді дауыстап түсініп/рөлге бөліп/ мәнерлеп/теріп/ шапшаң оқу

Сабақ мақсаттары

Дереккөздерден ақпаратты тауып, өңдеу. Жаңа сөздердің мағынасын ашып, мәтінді мәнерлеп, түсініп оқу.

 Сөздік қор

Шежіре, тәуелсіздік, дереккөз, ақпарат, т.б.

 Бағалау критерийі

Мәтіннен қажетті ақпаратты анықтайды;

Жаңа сөздердің мағынасын сөздік арқылы анықтайды;

Мәтінді мәнерлеп, түсініп оқиды.

Құндылықтарды дарыту

Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікті бейнетаспа көру арқылы, шежіре құрастыру арқылы қалыптастыру.

 Пәнаралық

 байланыстар

Дүниетану, өнер

Алдыңғы меңгерілген білім

Мәтін түрлері

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы 5 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, сабаққа әзірлігін тексеру.

ІІ. Өткенді қайталау.

Сөйлемді тыныс белгілерімен толықтыр.

Айпыр – ай басқадан күтсем де сенен күтпеген ем!

Айт балам өзің үшін күрес.

  • Айт, балам, өзің үшін күрес.
  • 2. Әрине, әлбетте, рас, сірә, мүмкін, шамасы, расында,
  • 3. Айпыр - ай, басқадан күтсем де, сенен күтпеген ем!

Тақтадағы дұрыс жауаппен тексереді

презентация

Сабақтың ортасы 13 минут

ІҮ. Негізгі бөлім

«Шежіре» сөзін қалай түсінесіңдер?

Оқушылар пікір алмасады.

Шежіре- (арабша шаджарад — бұтақ, тармақ) – халықтың шығу тегі, таралуын баяндайтын тарих ғылымының бір тармағы.

-Балалар сендер не байқап, түсіндіңдер?

Оқушылар бір -бірлерімен пікір алмасады. -Бүгінгі сабағымызда не жайлы сөз өтеміз деп ойлайсыңдар?

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру, бағалау критерийлерін анықтау

(Ө.МК) Мақсаты: мәтіннің мазмұнын түсініп, негізгі ақпаратты түртіп алып, пікір алмасады.

Тапсырма:

1.Мәтінді іштей/дауыстап, түсініп оқу.

2. Қажетті ақпаратты түртіп алып, пікір алмасу.

1832 жылы Есіл өзенінің жағасы Қараөткел шатқалында Ақмола бекінісі салынды. 1863 жылы 16 шілдеде Ақмола қаласы аймақтық қала болып ресми түрде бекітілді. 1960 жылдың желтоқсанында Ақмола Қазақстанның барлық тың игеретін облыстарының орталығы болып жарияланды. Қала 1961 жылға дейін Ақмола, 1961 жылдан 1992 жылға дейін Целиноград, 1992 жылдан 1998 жылға дейін Ақмола деп аталды. 1998 жылы Ақмола Қазақстан Республикасының астанасы болып жарияланған соң, қала атауы Астана деп өзгертілді. Қала Сарыарқаның солтүстігінде, Есіл өзенінің бойында орналасқан. Еуропа мен Азияны байланыстыратын тарихи орталық. 2019 жылы 20 наурызда Қазақстанның жаңа президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қаланың атын экс-президент Н. Назарбаевтың құрметіне Нұр-Сұлтан деп өзгертуге бұйрық берді.

(Т.МК) Топтық жұмыс.

1)Мәтін бойынша қала тарихының хронологиясын жасау.

2)Мәтіндегі жаңа сөздермен жұмыс жасау.

Мұғалімнің кері байланысы

Үй тапсырмасы:Қыстырма, одағай, қаратпа сөздерді қолданып, туған жер туралы сөйлем құрастыру .

презентация

мәтін

Сабақтың соңы

3 мин

Рефлексия:Оқушылар жұптарынан сұрайды:

-Балалар, біздің елемізді келешекте қандай етіп елестетесіңдер?

-Ол қандай шақ болады?

-Бүгінгі сабақта қандай ақпараттар білдің?

-Сен үшін не қызықты болды?

Оқушылар өз ойларын айтады.

презентация

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топтар бойынша тапсырмалар орындау

Мәтіннен негізгі ойды анықтап дереке көздерін жинақтауын бағалау.

Топта бірі-бірі тыңдау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу