Туған жер шежіресін зерттеймін. Қазақ тілі, 4 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1-бөлім: Менің Отаным – Қазақстан

Күні:1 тоқсан

Мектеп: Көкшетау қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 4

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Туған жер шежіресін зерттеймін

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.2.9.1 дереккөздерден (мәтін, газет-журнал, сөздік, сызба, кесте, диаграмма,сайт) қажетті ақпараттарды табу, кездескен жаңа сөздердің мағынасын сөздік/мәнмәтін бойынша анықтау, ақпаратты өңдеу, тұжырымын ұсыну

4.2.1.1 мәтінді дауыстап түсініп/рөлге бөліп/ мәнерлеп/теріп/ шапшаң оқу

Сабақ мақсаттары

Дереккөздерден ақпаратты тауып, өңдеу. Жаңа сөздердің мағынасын ашып, мәтінді мәнерлеп, түсініп оқу.

 Сөздік қор

Шежіре, тәуелсіздік, дереккөз, ақпарат, т.б.

 Бағалау критерийі

Мәтіннен қажетті ақпаратты анықтайды;

Жаңа сөздердің мағынасын сөздік арқылы анықтайды;

Мәтінді мәнерлеп, түсініп оқиды.

Құндылықтарды дарыту

Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікті бейнетаспа көру арқылы, шежіре құрастыру арқылы қалыптастыру.

 Пәнаралық

 байланыстар

Дүниетану, өнер

Алдыңғы меңгерілген білім

Мәтін түрлері

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы 5 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, сабаққа әзірлігін тексеру.

ІІ. Өткенді бекіту.

Ойын: «Ішкі және сыртқы шеңбер»

Мақсаты: Мәтіннің мазмұнын түсіну деңгейлерін анықтау, өз сөздерімен әңгімелеп айту.

Сабақтың ортасы 30минут

ІҮ. Негізгі бөлім

Мағынаны ашу. Өрнектер шығарып, мәндерін өсу ретімен қою арқылы «Шежіре» сөзін шығару.

Мақсаты: Оқушыларды жаңа сөзбен таныстыру.

308*5 3000+8907890-90

480:806300:90120*4

Шежіре сөзіне түсініктеме беру.

Жаңа ақпарат:Шежіре- (арабша шаджарад — бұтақ, тармақ) – халықтың шығу тегі, таралуын баяндайтын тарих ғылымының бір тармағы.

(МК)Оқушыларға Тәуелсіздік жайлы бейнефильм көруді ұсыну.

-Балалар сендер не байқап, түсіндіңдер?

Оқушылар бір -бірлерімен пікір алмасады. -Бүгінгі сабағымызда не жайлы сөз өрбітеміз деп ойлайсыңдар?

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру, бағалау критерийлерін анықтап, тақтаға жазу.

Оқылым:Өздік/жұптық жұмыс:

Мақсаты: мәтіннің мазмұнын түсініп, негізгі ақпаратты түртіп алып, пікір алмасады.

Тапсырма:

1/Мәтінді іштей/дауыстап, түсініп оқу.

2/ Қажетті ақпаратты түртіп алып, пікір алмасу.

Астана қаласының тарихы.

1832 жылы Есіл өзенінің жағасы Қараөткел шатқалында Ақмола бекінісі салынды. 1863 жылы 16 шілдеде Ақмола қаласы аймақтық қала болып ресми түрде бекітілді. 1960 жылдың желтоқсанында Ақмола Қазақстанның барлық тың игеретін облыстарының орталығы болып жарияланды. Қала 1961 жылға дейін Ақмола, 1961 жылдан 1992 жылға дейін Целиноград, 1992 жылдан 1998 жылға дейін Ақмола деп аталды. 1998 жылы Ақмола Қазақстан Республикасының астанасы болып жарияланған соң, қала атауы Астана деп өзгертілді. Қала Сарыарқаның солтүстігінде, Есіл өзенінің бойында орналасқан. Еуропа мен Азияны байланыстыратын тарихи орталық.

Оқылымнан кейінгі тапсырма:

1/Мәтінге сүйеніп, қала тарихының хронологиясын жасау.

2/Мәтіндегі жаңа сөздердің астын сызғызып, мағынасын анықтау.

3/Жаңа сөздермен сөйлем құрап жазу.

Топтық жұмыс.

Мақсаты: Оқушылардың бойында патриотизм сезімін ояту.

Тапсырма:«Астана» тақырыбына «Синквейн» әдісі бойынша өлең құрау.

https://www.youtube.com/watch?v=v7MW0IFZXMc

карточка

презентация

Астананың тарихы туралы мәтін, сурет,А3 қағаз, маркер.

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия:Оқушылар жұптарынан сұрайды:

-Балалар, біздің елемізді келешекте қандай етіп елестетесіңдер?

-Ол қандай шақ болады?

-Бүгінгі сабақта қандай ақпараттар білдің?

-Сен үшін не қызықты болды?

Оқушылар өз ойларын айтады.

Үй жұмысы: Астана қаласы туралы шығармашылық жұмыс жасап келу.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топтар бойынша тапсырмалар орындау

Мәтіннен негізгі ойды анықтап дереке көздерін жинақтауын бағалау.

Топта бірі-бірі тыңдау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу