Тоқсан бойынша жиынтық бағалау


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8-бөлім. «Демалыс мәдениеті. Мерекелер»

Күні: 4 тоқсан

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Модератор: Абдрасилова Гулсим Лесбековна

Сынып: 3

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

№15 сабақ. Тоқсан бойынша жиынтық бағалау ЖБ)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.4.1 Тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау

3.2.3.1 Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру

3.2.4.1 Өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау

3.4.2.4 Негізгі, туынды зат есім/сын есім/етістікті анықтау

3.4.2.1 Негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату

Бағалау критерийлері

- тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрайды;

- мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады;

- сұраққа өзіндік пікірін білдіріп жауап береді;

- мәтіннің тақырыбын қояды;

- негізгі ойды анықтай алады;

- туынды зат есім/сын есім/етістікті анықтайды

Сөздік қор

Пәндік терминология мен тірек сөздер:

саябақ, ойын, жарысу, шынығу, оқу.

Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл:

Талқылау үшін сұрақтар:

Құндылықтарды дарыту

Жазғы демалысты пайдалы өткізуге баулу

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, дене шынықтыру, музыка

Алдыңғы меңгерілген білім

Сөз мағыналары, сөз таптары

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-10 минут

Ұйымдастыру кезеңі. (Т, Ұ)

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Жиынтық бағалаудың мақсаты, қандай оқу мақсаты тексерілетінін оқушыларға таныстырылады. ТЖБ-ды орындау уақыты 40 мин, тапсырма саны мен түрі қысқаша таныстырылады. Оқушыларға түсінбеген тұстары бойынша сұрақ қоюға мүмкіндік беріледі. ТЖБ-ны орындау тәртіп ережесі еске түсіріледі.

  • Ешкімнен көмек сұрамау.
  • Тапсырмаларды өз бетінше орындау.
  • Қателескен жағдайда жай қарындашпен түзету.

Слайд 2

Слайд 3-4

Сабақтың ортасы

11-34 минут

Негізгі бөлім

Тыңдалым және айтылым

1-тапсырма

1. Берілген тірек сөздерді мұқият тыңда. Тірек сөздер мен суретті пайдаланып, «Жазғы демалыс» тақырыбына әңгіме құрап айт.

Тірек сөздер: саябақ, ойын, жарысу, шынығу, оқу.

Жоспар:

  • Алақай, жаз келді!
  • Қызықты ойын.
  • Қорытынды

Оқылым

2-тапсырма. Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында.

Менің атам – соғыс ардагері. Ол соғыс кезінде Отанымызды, жерімізді қорғаған. Атамның ерлігі үшін көп орден мен медаль берген.

Жеңіс күні отбасымызбен алаңға шықтық. Алаңда мерекелік шеру болды. Атам медальдары мен ордендерін тақты. Барлық адамдар атамды мерекемен құттықтады, алғыс айтты. Мен атама: «Орден мен медальдарыңызды неге күнде тақпайсыз?», – дедім. Ол күлді. «Менің орденім мен медалім – сенсің», – деді.

1) Неліктен атасы немересін ордень мен медалдарына теңеді деп ойлайсың? _____________________________________________________________________________________________________________________________

2) Мәтіннің мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған 1 сұрақ құрастырып жаз және жауап бер.

_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

3) Мәтінге ат қой.________________________________________________

4) Мәтіннің негізгі ойын анықта ________________________________________________________________________________________________________________________

Жазылым

3-тапсырма

1) Берілген сөздерді кестеге жіктеп жаз: тәртіпті, жастық, суар, биші, ақылды, үтікте.

Туынды зат есім

Туынды сын есім

Туынды етістік

2) Бас сөзінен екі түбірлес сөз жаса. Түбірлес сөзді қатыстырып, бір сөйлем құрастырып жаз.

_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Қосымша №1

Слайд 6

Слайд 7

Слайд 8

Сабақтың соңы

35-40 минут

Рефлексия

Өзін-өзі бағалау.

  • Бүгінгі тапсырмалар түсініксіз, орындау маған қиын болды.
  • Бүгінгі тапсырмалар түсінікті, кейбірін орындау маған қиын болды.
  • Бүгінгі тапсырмалар түсінікті, орындау маған оңай болды.

Үйге тапсырма: «Жазғы демалысты ұйымдастыру» жоба әзірлеуге дайындалу.

Слайд 9

2-қосымша 3-қосымша

Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топтық тапсырмаларды саралау бойынша беру.

Қабілеті жоғары оқушылар пікір білдіруге бағытталған сұрақтарды өз бетінше құрады. Қолдауды қажет ететін оқушыларға сұрақ үлгілері ұсынылады.

Топтық жұмыстың нәтижелері бағалау дескрипторлары негізінде, сондай-ақ өзін-өзі тексеру, өзара тексеру және мұғалімнің түзетуі арқылы тексеру бағаланады.

Сергіту сәті жасатылады, белсенді оқыту әдістері қолданылады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылар оқу мақсаттарына қол жеткізді ме?

Оқу мақсаттарына қол жеткізілмесе себебі неде?

Ынтымақтастыққа қол жеткізілді ме?

Саралау бойынша жұмыстар дұрыс жүргізілді ме?

Уақыт кезеңдері дұрыс сақталды ма?

Жоспардан ауытқулар орын алды ма? Неліктен?

Қорытындылау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымды жетілдіруге не көмектесетін білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу