Ғарышқа саяхат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау. Қазақ тілі, 4 сынып, презентация.


«Қазақ тілі» пәні

4-сынып

8-бөлім

Ғарышқа саяхат

Сабақ тақырыбы: Бөлім бойынша жиынтық бағалау. (БЖБ)

Құрастырған: Байтенова Қ.Қ.

Ішкі және сыртқы шеңбер

Жұлдыздар туралы не белесің?

Жиынтық бағалаудың мақсаты

мәтіннің негізгі тұстарын түртіп алу, мәтінді мазмұндау;

Бағалау критерийлері

Мәтіндегі негізгі ақпаратқа қатысты тірек сөздерді анықтайды;

Тірек сөздерге сүйеніп, мәтінді мазмұндайды.

Бөлім бойынша жиынтық бағалау

1-тапсырма. Мәтінді мұқият тыңда. Мәтіннен негізгі 7 тірек сөзді түртіп ал. Тірек сөздерге сүйеніп, мәтіннің мазмұнын айт.

Құсжолы

Айлы түннің бұлтсыз аспанында солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып жатқан ақ жолақ көрініп тұрады. Ол Құсжолы деп аталады. Оған Күн жүйесі және тағы осындай бірнеше жұлдыздар жүйесі кіреді. Құсжолы күз айларында жақсы көрінеді. Жыл құстары көктемде келгенде және күзде жылы өлкеге қайтқанда осы жолдың бағытымен ұшады екен.

Құсжолы - Әлемдегі миллиондаған галактикалардың біреуі. «Галактика» сөзі ежелгі мысырлық «гала» - «сүт» деген сөзден шыққан. Бұл галактика «Сүтжолы» немесе «Құсжолы» ретінде әйгілі.

Құсжолы Галактикасы 200 миллиардқа жуық жұлдыз, жұлдыздар шоғыры, газ бен тозаң тұмандықтарынан құралған. Олар әртүрлі бағытта өте жылдам қозғалады. Алайда кеңістікте жұлдыздар бір-бірінен алшақ орналасқан. Сондықтан да олар бір- бірімен ешқашан соқтығыспайды.

Құсжолы әртүрлі болып көрінеді. Спиральді Галактиканың екі жеңіне қарағанда ядросында жұлдыздар тығыз орналасқан. Жер – Құсжолының жеңдерінің бірінде, Галактиканың шетіне қарай орналасқан.

2-тапсырма

 

Мәтінде төменде берілген суреттерге қатысты қандай ақпараттар бар? Кестеге жаз.

Тірек сөздер мен кестедегі ақпараттарға сүйеніп, тыңдаған мәтінді мазмұндау

Сабақтың мақсаты

- фотоларды қолданып, мәтін құрап жазу/компьютерде теру;

стилистикалық қателерді бірлесе отырып, жазба жұмысын қазақ тілінің пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық нормаларға сәйкес редакциялау.

Бағалау критерийлері

Фотоларды қолданып, мәтін құрап жазады/компьютерде тереді.

Стилистикалық қателерді бірлесе отырып, жазба жұмысын қазақ тілінің пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық нормаларға сәйкес редакциялайды.

Жаңалық құрап жазу

Телеарнаға «Құсжолы» туралы шағын жаңалық дайындау.

- Жаңалық жазуда нені ескеру керек?

- Жаңалық қызығушылық ояту үшін қандай сөздер қолдануды ескереміз?

Тексеру және қатемен жұмыс.

Жұмысыңды жаныңдағы досыңа оқып бер.

Қай сөйлемді әлі де жақсартуға, толықтыруға болады?

Қандай ұсыныс айтасың?

Дәптерлерді алмастырып, жай қарындашпен тексеру. Қателерді талқылау.

Рефлексия

Үй тапсырмасы

Галактика туралы қызықты мәліметтер табу, жаңалық дайындау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу