Ғарышқа саяхат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау. Қазақ тілі, 4 сынып, сабақ жоспары.


  •  Қысқа мерзімді жоспар
  •  

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:»

Күні: 1 тоқсан

  • Мектеп:
  • Мұғалімнің аты-жөні:
  • Модератор: Байтенова Қаламқас Қыдырбекқызы
  • Сынып: 3
  • Қатысқандар:
  • Қатыспағандар саны:
  • Сабақ тақырыбы
  • «Ғарышқа саяхат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.1.1.1 тыңдаған материал бойынша негізгі тұстарын түртіп алу және солардың негізінде мәтіннің мазмұнын айту;

4.3.4.1* мәтінді құруда (жаңалық, репортаж, жарнама) сызба, график, кесте, фото және диаграмманы қолмен сызу/компьютерде теру

4.3.5.1 стилистикалық қателерді мұғалімінің көмегімен анықтап түзету, жазба жұмысын қазақ тілінің пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық нормаларға сәйкес өз бетінше редакциялау

Сабақ мақсаттары

  • мәтіннің негізгі тұстарын түртіп алу, мәтінді мазмұндау;
  • фотоларды қолданып, мәтін құрап жазу/компьютерде теру;
  • стилистикалық қателерді бірлесе отырып, жазба жұмысын қазақ тілінің пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық нормаларға сәйкес редакциялау.

Бағалау критерийлері

Мәтіндегі негізгі ақпаратқа қатысты тірек сөздерді анықтайды

Тірек сөздерге сүйеніп, мәтінді мазмұндайды.

Фотоларды қолданып, мәтін құрап жазады/компьютерде тереді.

Стилистикалық қателерді бірлесе отырып, жазба жұмысын қазақ тілінің пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық нормаларға сәйкес редакциялайды.

Сөздік қор

Пәндік терминология мен тірек сөздер:

Галактика, ақ жолақ, Құсжолы, жұлдыздар шоғыры, газ, шаң тұмандықтары, ядро.

Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл:

Талқылау үшін сұрақтар:

Неліктен жұлдыздар бір-бірімен соқтығыспайды?

Құндылықтарды дарыту

Білімққұмарлыққа баулу, жаңаны табуға ынталандыру

Пәнаралық байланыстар

Жаратылыстану, дүниетану,

Алдыңғы білім

Мәтін және түрлерін ажырата алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың бас

5 минут

І Ұйымдастыру кезеңі. «Ішкі және сыртқы шеңбер» әдісі.

-Жұлдыздар туралы не белесің? Өзара ақпарат алмасу.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлап, бағалау критерийлерімен таныстыру.

Слайд 2

Сабақтың ортасы

20 минут

10 минут

ІІ Негізгі бөлім

1-тапсырма

Мәтінді мұқият тыңда. Мәтіннен негізгі 7 тірек сөзді түртіп ал. Тірек сөздерге сүйеніп, мәтіннің мазмұнын айт.

 

 Құсжолы

Айлы түннің бұлтсыз аспанында солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып жатқан ақ жолақ көрініп тұрады. Ол Құсжолы деп аталады. Оған Күн жүйесі және тағы осындай бірнеше жұлдыздар жүйесі кіреді. Құсжолы күз айларында жақсы көрінеді. Жыл құстары көктемде келгенде және күзде жылы өлкеге қайтқанда осы жолдың бағытымен ұшады екен.

Құсжолы - Әлемдегі миллиондаған галактикалардың біреуі. «Галактика» сөзі ежелгі мысырлық «гала» - «сүт» деген сөзден шыққан. Бұл галактика «Сүтжолы» немесе «Құсжолы» ретінде әйгілі.

Құсжолы Галактикасы 200 миллиардқа жуық жұлдыз, жұлдыздар шоғыры, газ бен тозаң тұмандықтарынан құралған. Олар әртүрлі бағытта өте жылдам қозғалады. Алайда кеңістікте жұлдыздар бір-бірінен алшақ орналасқан. Сондықтан да олар бір- бірімен ешқашан соқтығыспайды.

Құсжолы әртүрлі болып көрінеді. Спиральді Галактиканың екі жеңіне қарағанда ядросында жұлдыздар тығыз орналасқан. Жер – Құсжолының жеңдерінің бірінде, Галактиканың шетіне қарай орналасқан.

Тірек сөздер: __________________________________________

  • Мәтінде төменде берілген суреттерге қатысты қандай ақпараттар бар? Кестеге жаз.

  • Тірек сөздер мен кестедегі ақпараттарға сүйеніп, тыңдаған мәтінді мазмұнда.

(Ө) Телеарнаға «Құсжолы» туралы шағын жаңалық дайындау.

- Жаңалық жазуда нені ескеру керек?

- Жаңалық қызығушылық ояту үшін қандай сөздер қолдануды ескереміз?

(Ж) Тексеру және қатемен жұмыс. Өзара жұмыстарын таныстыру, тексеру, сөйлемдерді жетілдіру бойынша идея қосу.

http://dostoprim.almaty.kz/page.php?lang=3&page_id=234

Сабақтың соңы

35-40 минут

Рефлексия.

Үй тапсырмасы:

Галактика туралы қызықты мәліметтер табу, жаңалық дайындау.

Үлестірме қағаздар

Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Жиынтық бағалау дескрипторлар негізінде жүзеге асырылады.

Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылар оқу мақсаттарына қол жеткізді ме?

Оқу мақсаттарына қол жеткізілмесе себебі неде?

Ынтымақтастыққа қол жеткізілді ме?

Саралау бойынша жұмыстар дұрыс жүргізілді ме?

Уақыт кезеңдері дұрыс сақталды ма?

Жоспардан ауытқулар орын алды ма? Неліктен?

Қорытындылау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымды жетілдіруге не көмектесетін білдім?

  •  


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу