Қазақ тілі 3-сынып _6-бөлім Атақты тұлғалар_Атақты тұлғаладың ерекшеліктерін талқылау_ҚЫСҚАМЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Сабақ жоспарының үлгісі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6-бөлім: Атақты тұлғалар

Мектеп: Көкшетау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні :

Сынып:

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

 Атақты тұлғаладың ерекшеліктерін талқылау

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.2.1.2 мәтінді іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп/ шолып/ түртіп алып/ қажетті ақпаратты тауып/ белгі қойып/сын тұрғысынан бағалап оқу

3.2.2.2 мұғалімнің қолдауымен шығармадағы әдеби көркемдеуіш құралдарды ( теңеу, эпитет, кейіптеу) табу

3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша нақтылау және пікір білдіру/бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру

 Сабақ мақсаттары

Мәтінді іштей оқу, қажетті ақпаратты белгілеу

Көркемдеуіш құралдарды ( теңеу, эпитет, кейіптеу) табу

Мәтін мазмұны бойынша нақтылау және пікір білдіру/бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру

 Бағалау критерилері

Мәтіндегі қажетті ақпаратты белгілейді

Көркемдеуіш құралдарды табады

Нақтылау сұрағын құрайды және жауап береді

Пікір білдіру сұрағын құрайды және жауап береді

 Тілдік мақсаттар

 

Тұлға, атақты, ..меніңше, менің ойымша, неліктен, себебі, т.б.

 Құндылықтарды дарыту

Еңбек ету, өзін өзіне қызмет көрсетуге баулу, өмір бойы білім алу

Пәнаралық байланыстар

Математика, дүниетану

Алдыңғы меңгерілген білім

Сценарий жазу

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

(Ұ)Ұйымдастыру.

Оқушылар шеңберге тұрып, жүрекшені беру арқылы бір-бірінің атына жақсы қасиетін қосып айту арқылы тізбекті жалғастыру.Сәттілік тілеу.

  • - Балалар, біз не істедік?

/Бір-біріміздің жақсы қасеттерімізді айттық, тілек тіледік/

  • - Осы қасиеттерге ие болу үшін, адам қандай болу керек?
  • - Жақсылық пен еңбектің нәтижесі қандай болады?

(Ұ) Талқылау.

Мақсаты: сыни ойлау дағдыларын дамыту, сабақтың тақырыбын болжау.

«Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді»

Оқушылар мақалдың мағынасын ашу арқылы сабақтың тақырыбын болжайды

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау

Бағалау критерилерін шығару

презентация

Сабақ ортасы

5 минут

7 минут

10 минут

5 минут

5 минут

(Ұ) Анықта

Оқушыларға Абай Құнанбаев пен Шоқан Уалихановтың суреттерін көрсетіледі. Оқушылар стикерге білетін мәліметтерін жазып, суреттерге жапсырады. Мұғалім жинақталған мәліметтің көлеміне қарай тақтаға оқушыны шығарып, жинақталған мәліметті оқытады.

  • Кімді танисыңдар?
  • Олар жайлы не білесіңдер?
  • Бет бейнесіне қарап сипаттама бер.

/Оқушылардың жауаптары тыңдалады/.

(Ж) Бейнежазба. Кестемен жұмыс.

Мақсаты: атақты тұлғалар туралы ақпаратты кестеге түсіру,өзара салыстыру.

Бейнежазба бойынша кестені толтыр.

Шоқан Уалиханов

Абай Құнанбаев

/Жұппен ақпарат алмасып, ұжыммен тексеру, толықтырулар енгізу/

) Венн диаграммасы.

Мақсаты: атақты тұлғалардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау.

2 нақтылау және пікір білдіру сұрақтарын құру.

Оқушылар «Атомдар және молекулалар» ойыны бойынша топқа бірігеді.

Әрбір топқа Венн диаграммасы сызылған қағаздар беріледі.

Топ оқушылары кестеге жазған мәліметтерін топта біріктіріп, Венн диаграммасына түсіреді

Тапсырма:

  • Венн диаграммасына атақты тұлғалардың ұқсас тұстары мен айырмашылықтарын анықтап, жаз
  • 2 нақтылау сұрағын құрастыр және жауап бер
  • 2 пікір білдіру сұрағын құрастыр және жауап бер.

/Оқушылар тапсырманы орындайды, «Галлерея» әдісі бойынша сұрақтарынмен постерлерімен алмасады, әрбір топ берілген сұрақтарға жауап береді. Топтар өз жұмыстарын қорғайды, «Екі жұлдыз бір тілек» бойынша өзара бағаланады/

(Ө) Сөйлем құра.

 Мақсаты: Теңеу, эпитет сөздерді қолданып сөйлем құрау.

 Тапсырма: Абай Құнанбаев пен Шоқан Уалиханов туралы теңеу және эпитет сөздерді қатыстырып сөйлем құра.

 ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

/Ұжыммен тексеріледі. Оқушы жазған сөйлемін оқиды. Сөйлемдегі теңеу және эпитет сөздерді анықтап, түсіндіреді. Басқа оқушылар жауапты тыңдап, тапсырма дұрыс орындалса, 2- рет шапалақ соғады, қате орындаса 1- рет аяқты жерге тарсылдатады.Кері байланыс жасалады. Өзін –өзі «Басбармақ» әдісі бойынша бағалайды/.

Сызбалар

Бейнежазба

https://www.youtube.com/watch?v=QxiNH_3qVZk

https://www.youtube.com/watch?v=bqITs8vQRUQ

Кесте

постерлер

Венн диаграммасы

Дәптермен жұмыс

Сабақтың соңы

3 минут

Сен бүгін не үйрендің?

Саған бүгін ең маңызды болған нәрсе? Неге?

Не туралы тағы да көбірек білгің келеді?

Қай тапсырма сені қызықтырды?

Саған кішкене қиындау болған тапсырма? Неге ?

Сабақтың қай жерінде өзіңді жақсы көрсете алдың?

Бүгін сабақта алған біліміңді қайда қолдана аласың?

слайд

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

  • Қабілеті төмен оқушыларға жақсы үлгі боларлықтай етіп топтарды мұқият таңдау,
  • Қабілеті төмен оқушыларды қолдау үшін, топтарда бірігіп жұмыс жасау және талқылау.
  • Негізгі мәселелер бойынша қалыптастырушы бағалау бойынша оқу жоспарына қараңыз.
  • жеке оқушыларға сұрақ қою мүмкіндігі
  • «Топтар үшін өмір қауіпсіздік ережесінде» қарастырылатын қауіпсіздік сұрақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Оқушының аты-жөні______________________________

Шоқан Уалиханов

Абай Құнанбаев

Оқушының аты-жөні______________________________

Шоқан Уалиханов

Абай Құнанбаев

Оқушының аты-жөні______________________________

Шоқан Уалиханов

Абай Құнанбаев

Оқушының аты-жөні______________________________

Шоқан Уалиханов

Абай Құнанбаев

Оқушының аты-жөні______________________________

Шоқан Уалиханов

Абай Құнанбаев



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу