Қазақ тілі 3-сынып _6-бөлім Атақты тұлғалар_Атақты тұлғалар туралы оқу_ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Сабақ жоспарының үлгісі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6-бөлім: Атақты тұлғалар

Мектеп: Көкшетау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні :

Сынып:

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Атақты тұлғалар туралы оқу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.2.1.2 мәтінді іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп/ шолып/ түртіп алып/ қажетті ақпаратты тауып/ белгі қойып/сын тұрғысынан бағалап оқу

3.2.2.2 мұғалімнің қолдауымен шығармадағы әдеби көркемдеуіш құралдарды ( теңеу, эпитет, кейіптеу) табу

3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша нақтылау және пікір білдіру/бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру

3.2.3.2 бірлесе құрастырған жоспар бойынша толық/таңдауына қарай мазмұндау/ сахналау

 Сабақ мақсаттары

Мәтінді іштей оқу, қажетті ақпаратты белгілеу

Көркемдеуіш құралдарды ( теңеу, эпитет, кейіптеу) табу

Мәтін мазмұны бойынша нақтылау және пікір білдіру/бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру

 Бағалау критерилері

Мәтіндегі қажетті ақпаратты белгілейді

Көркемдеуіш құралдарды табады

Нақтылау сұрағын құрайды және жауап береді

Пікір білдіру сұрағын құрайды және жауап береді

 Тілдік мақсаттар

 

Тұлға, атақты, ..меніңше, менің ойымша, неліктен, себебі, т.б.

 Құндылықтарды дарыту

Еңбек ету, өзін өзіне қызмет көрсетуге баулу, өмір бойы білім алу

 Пәнаралық байланыстар

Математика, дүниетану

Алдыңғы меңгерілген білім

Сценарий жазу

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

(Ұ)Ұйымдастыру.

Қазақ тілім тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сөз ойдағы

Өссе тілім мен де бірге өсемін

Өшсе тілім мен де бірге өшемін

(Ұ) Адасқан сөздер

А Ш Қ А , А Х Т, А У Д Р А М Ы Ш А, С А Т Я Х А Т Н А У Ы Ш, А Ғ А Ы М Л.

Оқушылар қима әріптерден сөз құрау арқылы сабақтың тақырыбын болжайды.

Шоқан Уалихановтың ақшада бейнеленген суретін көрсетеді.

- Ақша дегеніміз не?

- Ақшада бейнеланген сурет арқылы нені түсінуге болады?

-Неліктен Шоқан Уалиханов ақшада бейнеленген деп ойлайсыңдар?

/оқушылар өз ойларын ортаға салады/

-Ендеше, бүгінгі сабағымыз не туралы болмақ?

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау

Бағалау критерийлерін шығару

Презентация

Қима қағаздар

Сабақ ортасы

5 минут

7 минут

15 минут

5 минут

(Ұ) Өткенді қайталау.

Оқушылар қарама-қарсы шеңберге тұрып, Абай Құнанбаев пен Шоқан Уалиханов туралы сұрақ қояды, жауап береді.

дескрипторлар

  • Ш.Уалиханов туралы біледі
  • Абай Құнанбаев туралы біледі

/Оқушылардың жауаптары тыңдалады, кері байланыс жасалады/.

(Ж) Оқылым.

Мақсаты: мәтінді іштей оқып, тірек сөздердің астын сызу,көркемдеуіш сөздерді анықтау, нақтылау, пікір білдіру сұрақтарын құру және жауап беру.

  • Мәтінді іштей оқып, тірек сөздерді белгіле.

Шоқан Уалиханов 1835 жылы қараша айында Омбы қаласы, Аман-Қарағай округінде дүниеге келген.

Шын аты Мұхаммед-Ханафия (Мұхаммед Қанафия). Ол ғалым, тарихшы, этнограф, саяхаттанушы. Шоқан Уалиханов Абылай ханнның ұрпағынан тараған. Атасы Уалихан Абылай ханның 30 ұлының бірі болған. Шоқан жас кезінде қойылған аты. Әкесі аға сұлтан болған.

Шоқан бастауыш білімін қазақша, персидше, қыпшақ*шахатайлық, арабша тілде алған. Шоқан Уалиханов сурет салғанды жақсы көрген. Ол айналасында болып жатқан құбылысты суреттеп, оны өмір бойы сақтаған. 12 жасынада алғыр Шоқан Омбыдағы Кадет корпусында білім алып, досы Г.Н. Потанинмен танысады. Оның айтуынша Шоқан 14-15 жасында сол кездегі атақты халымдардыың деңгейндегі зерттеулерді ашқан.

Ш. Уалиханов 1865 жылы10 сәуірде (29 жасында) дүниеден өткен.

/Ұжыммен, тірек сөздерді анықтап, ауызша мазмұндайды/

  • Мәтін кім туралы?
  • Шоқан Уалихановтың Г.Н. Потанинмен қайда танысты__________________________________
  • Шоқан Уалихановтың өмір сүрген жылдары
  • Мәтін неше абзацтан тұрады__________________________________________________________________________________
  • Мәтінді бөліктерге бөліп, ат қой

____________________________________________________________________________________________________________________________________

  • Мәтіндегі эпитет сөздерді теріп жаз.

____________________________________________________________________________________________________________________________________

  • Мәтін бойынша нақтылау және пікір білдіру сұрақтарын құрастыр.

Оқушылар тапсырманы өздік жұмыс ретінде орынайды, жұппен алмасып, ұжыммен тексеріледі.

Дескрипторлар:

  • Эпитет сөздерді анықтайды;
  • Нақтылау сұрағын құрайды, жауап береді
  • Пікір білдіру сұрағын құрайды, жауап береді
  • Мәтінді бөліктерге бөліп, ат қояды

Сызбалар

Бейнежазба

Кесте

қима қағаздар

Сабақтың соңы

3 минут

Сен бүгін не үйрендің?

Саған бүгін ең маңызды болған нәрсе? Неге?

Не туралы тағы да көбірек білгің келеді?

Қай тапсырма сені қызықтырды?

Саған кішкене қиындау болған тапсырма? Неге ?

Сабақтың қай жерінде өзіңді жақсы көрсете алдың?

Бүгін сабақта алған біліміңді қайда қолдана аласың?

«Жетістік жолында» өзін-өзі бағалау

Слайд

«Жетістік жолы»

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

  • Қабілеті төмен оқушыларға жақсы үлгі боларлықтай етіп топтарды мұқият таңдау,
  • Қабілеті төмен оқушыларды қолдау үшін, топтарда бірігіп жұмыс жасау және талқылау.
  • Негізгі мәселелер бойынша қалыптастырушы бағалау бойынша оқу жоспарына қараңыз.
  • жеке оқушыларға сұрақ қою мүмкіндігі
  • «Топтар үшін өмір қауіпсіздік ережесінде» қарастырылатын қауіпсіздік сұрақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу