4. Қазақ тілі_3-сынып_4-бөлім_Сәулет өнері_№51сабақ_Сөйлем мүшелері_Әдістемелік нұсқаулық
Әдістемелік нұсқаулық
51-сабақ . 4-бөлім. Сәулет өнері
Сабақ тақырыбы Сөйлем мүшелері
Оқу мақсаттары 3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап диалогке қатысу
3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету;
Бағалау критерийлері
- Өз ойын жүйелей отырып, диалогке қатысады.
- Тілдік нормаларды сақтап сөйлейді.
- Жіберілген қателерді анықтайды және түзетеді.
Құндылықтар Өз ұлтын, халқын құрметтеу және мақтаныш сезімін қалыптастыру.
Пәнаралық байланыс. Әдебиеттік оқу, дүниетану.
Ресурстар кесте, суреттер, маркер, түрлі түсті қарындаштар, жұмыс дәптері.
Сабақ барысы
1 (Ұ) Ұйымдастыру кезеңі. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. «Төрт сурет бір сөз» әдісі бойынша жасырылған «Сәулет» сөзін табады.
Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттары таныстырылады. Оқушыларға бағалау критерийі айтылады.
3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап диалогке қатысу.
(Ұ) 3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап диалогке қатысу
Оқушыларға үлестірмелі қағаздар таратылады. Берілген түстер бойынша топқа бөлінеді. Топта оқушыларға бірнеше сөздер беріледі. Оқушылар берілген сөздерді сәйкестендіреді.Бұл тапсырма «Миға шабуыл» әдісі бойынша жүргізіледі.
|
| |||||
|
|
2. (Ж) Сурет бойынша «Сәулетші» тақырыбында диалог құрастырады. Бұл тапсырма «Еркін хат» стратегиясы арқылы жүзеге асады. Оқушы алдымен сурет бойынша тірек сөздерді таңдап алады. Содан кейін жұбымен ойласып, тақырыпқа қажеттісін іріктейді де, қажетсізін сызып тастайды. Одан әрі «Тоғысқан пікірталас» әдісімен жалғасады. Оқушылар жұптаса отырып, бір-біріне сұрақ дайындайды. Жауабын іздейді.
Дескриптор:
- тақырыпқа сәйкес диалог құрастырады; - сұхбаттасына сұрақ қояды;
- сұхбаттасының сұрағына жауап береді;
- өз ойын жүйелі жеткізеді;
- сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды.
Қалыптастырушы бағалау өзара бағалау арқылы жүзеге асырылады.
3. (Т).Әр топқа үлестірмелі қағаз таратылады. (Т).Әр топқа үлестірмелі қағаз таратылады. Тапсырма сөйлемде берілген ойды аяқтап жазу. Оқушылар бір-бірімен ақылдаса отырып, сөйлемді толықтырады.«Стикерлер стратегиясы» әдісі бойынша топтар бір-бірінің құрастырған сөйлемдерін тексереді. Құрастырылған сөйлемдерді топтар сағат тілі бағытымен басқа топқа жібереді. Олар сөйлемдерді тексеріп, жапсырма қағазға пікірін жазады.
1-топ.Сөйлем ішінде сөздер мағыналық жағынан ...
2-топ.Сөйлем аяқталған ........
3-топ. Сөйлемнің бірінші .......
4-топ. Сөйлемнің соңына ......
4. (Ж). Оқушылар назары тақтаға аударылады. Оқушылар жұптаса отырып, сөздерден сөйлем құрастырады. Барды, Асқар, құрылысқа.
Асқар құрылысқа барды.
- Сөздерден не құрастырдыңыздар?
- Сөйлем дегеніміз не?
- Сөйлемде қанша сөзге сұрақ қойылды?
- Үш сөз осы сөйлемнің мүшелері болады.
Асқар құрылысқа барды.Бөл сөйлемде үш сөйлем мүшесі бар.
2)Үйлер, қалада, салынды, биік.
-Бұл сөйлемде қанша сөйлем мүшесі бар?
-Төрт сөйлем мүшесі бар екенін қайдан білдіңдер?
- Сонымен сөйлем мүшесі дегеніміз не?
Оқушылар мұғаліммен біріге отырып қатемен жұмыс жүргізеді.Себебін дәлелдейді.
Ұлан үйге кірді (3 сөйлем мүшесі бар).
Әкем құрылыста кірпіш қалайды (үш сөйлем мүшесі бар)
Қабілеті жоғары оқушыларға сөйлем ішінде бір сұраққа екі сөз жауап беретін сөздері бар сөйлемдер беріледі.
Сәкен ағай құрылыс басына келді.Құрылыста қызу жұмыс жүріп жатыр.
Сергіту сәті жүргізіледі.
Қолда алтын қалағым,Зәулім үйлер саламын.
Ертең менде ел сүйгенҚұрылысшы боламын.
Қолда темір қалағым,Саздан сарай саламын.Астанадан аумайтын
Әсем қала саламын.
(Ж)3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету;
Оқулықта берілген 4-жаттығу орындалады. Оқушылар жақшадағы сөздерді мазмұнына қарай өзгертіп, мәтінді көшіріп жазады. Екінші сөйлемде қанша сөйлем мүшесі бар екенін табады. Сөздің үстіне сұрақтарын жазады. Оқушылар тапсырманы жұмыс дәптеріне жеке орындайды.
Қабілеті жоғары оқушыларға екі құстың айырмашылығы кестемен беріледі. Берілген кестедегі сөздерді сөйлемге айналдырып, мәтін (ауызша) құрастырып айтады. Мысалы
Ләйлек құсының мойны тік, ал көкқұтанның мойны иілген. Ләйлектің салмағы ауыр, массасы 4 кг, ал көкқұтан салмағы жеңіл, массасы – 2кг.
Ләйлек (аист),дегелек | Көққұтан (цапля) |
Мойны тік | Мойны иілген |
Бойы 120 см, массасы 4кг. | Бойы 100 см, массасы 2 кг. |
Өмір сүру ортасы- су қоймаларынан алыс | Өмір сүру ортасы- су қоймалары, батпақты жерлер |
Ұясы – биік жерде | Ұясы – жерде |
Жүзе алмайды | Жүзеді |
Қорегі – жәндік, тыышқан, жылан, бақа | Қорегі – балық |
Күндіз | Күндіз де, түнде де |
Адамдарға жақын | Адамдардан алыс |
Дауыс жоқ, тек тұмсығымен тоқылдату | Дауысы қатты |
Дескриптор:
- жақшада берілген сөздерді мағынасына қарай өзгертіп, түзетіп жазады;
- сөйлемдерді сауатты жазады.
Қалыптастырушы бағалау мұғалімнің бағалауы арқылы жүзеге асырылады. Мұғалім оқушылардың жұмыстарын қадағалайды. Көмек қажет ететін оқушыларға жетелеу сұрақтары арқылы көмек береді. Содан соң мәтін оқылып, сөздердің жазылу емлесі талданып айтылады. Қабілеті жоғары оқушылар екі құстың (ләйлек пен көққұтанның) айырмашылығын айтып береді. Мұғалім жұмыс дәптерін жинап алады.
Рефлексия
Оқушылардың сабақты қаншалықты меңгергенін тексеруі үшін «Қол белгісі» стратегиясы қолданылады. Осылайша, олардан тақырыпты түсінгендігін немесе түсінбегендігін қол белгілері арқылы көрсетулері сұралады.
Мен сөйлем мүшесі туралы түсініп отырмын және түсіндіре аламын (қолдың бас бармағын жоғары көтереді).
Мен сөйлем мүшесі туралы әлі түсінбей отырмын (қолдың бас бармағын бір жанына қарай бұрады).
Мен сөйлем мүшесі туралы түсінгеніме сенімді емеспін (қолды бұлғау).
Үй тапсырмасы оқулықтағы 3-жаттығу:
-ғимараттардың атауын білу;
-осы сөздерді қатыстырып сөйлемдер құрау;
-неше сөйлем мүшесі бар екенін табу;
- үлгі бойынша сөздің үстіне сұрақтарды жазу.
Қосымша әдебиеттер
- Қазақ тілі. Оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында). Бастауыш білім беру (2-4 сыныптар)
- «Назарбаев Зияткерлік Мектептері »ДББҰ. Қазақ тілі.Оқу жоспары.2018-2019 оқу жылы. 3-сынып.
- С.Рахметова. Қазақ тілін оқыту әдістемесі.
- «Қазақ тілі» оқулығы 3-сынып. Жұмабаева Ә.Е., Алматы «Атамұра», 2018 ж
- «Қазақ тілі» оқулық-тест.2007,
- Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер. Әдістемелік кітапша
- «Сәулет өнері» туралы энциклопедия
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?