4. Қазақ тілі_ 3-сынып_3-бөлім_Уақыт_ №3сабак_Сөздердің айтылуы мен жазылуы_Мұғалімге әдістемелік нұсқау


 Мұғалімге әдістемелік нұсқау

Бөлім: Уақыт

Сабақ тақырыбы: №3 сабақ Сөздердің айтылуы мен жазылуы

Сабақ мақсаттары

3.1.7.1 сөз ішінде қатар тұрған дауыссыз дыбыстардың өзара үндесуін сақтап айту (сенбі – сембі, Жангүл –Жаңгүл);

3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру;

3.3.2.1 өзіндік іс-әрекеті баяндалған күнделік/өмірбаян жазу;

3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету.

Ресурстар: үлестірме материалдар, А4 қағаз, фломастер.

Қауіпсіздік және денсаулық сақтау

Сыныпта оқушылар ержелері еске түсіріледі. Сергіту сәті ұйымдастырылады.

Сабаққа қажетті теориялық материалдар

Өткен сабақта берілген теориялық материалдарды қайталайды. Ереже сұралады, оқушылар жауап береді өз мысалдарын келтіреді.

Сабаққа қатысты ескертпелер

«Шын-жалған» ойыны.

Мақсаты: оқушылардың уақыт кеңістігіндегі өлшемдерге бағдар жасай алуы тексеріледі.

Оқушылар таратылған парақшада шын немесе жалған екенін ☺ белгілейді.

Ықтимал жауаптар:

шын

жалған

1

Мен бүгін таңертең сағат 10-да тұрдым

2

Мен екінші сабаққа келдім

3

Кеше мен туған күнге бардым

4

2 жыл бұрын мен 7 жаста болдым

5

5-10 минуттан соң сабақ аяқталады

3.1.7.1 «Ойлан-жұптас-бөліс» тапсырмасы

Әр оқушы алдымен өзі ойланып сөздердің айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктерін ескере отырып берілген сөздерді екі бағанға жіктейді. Жіктелген сөздерді көршісімен екеуі (жұпта) талқылап, дұрыс жазылуын анықтайды. Оқушылар отырған орындарына байланысты топ құрап, топ ішінде жазғандарын салыстырып талқылайды. Әр жұп өз жазғандарын ортаға салып, топ ішінде тексереді. Тақтаға екі оқушы шығып біреуі «Жазылу» екіншісі «Айтылу» үлгілерін жазады, қалған оқушылар тексеріп, қажет болса қателерін түзетеді.

Сөздерді жазылуы және айтылуы бойынша екі бағанға бөліп жазу.

Қоныспек-Қонысбек, Тынысбек-Тыныспек, тас бер- тас пер, Жаңақорған-Жаңағорған, кім гелді-кім келді, Жампейіс-Жанпейіс, Ермағанбет-Ермағамбет, ашшы-асшы, жасса-жазса, тұс сал-тұз сал, Божжігіт-Бозжігіт, Дошшан-Досжан, Жаңғожа-Жанқожа.

Үлгі:

Жазылуы Айтылуы

Қонысбек Қоныспек

Сабақ тақырыбы мен мақсаты хабарланады.

3.2.3.1 (Ж) Сызба бойынша сөйлемдер құрап жазу тапсырмасы өздігінен орындалады. Берілген сызба негізінде оқушылар өз бетінше сөйлемдер құрайды. Құрастырған сөйлемдерін көршісі екеуі талқылайды. Соңынан қай күні үйірме, қосымша сабақтар немесе демалысында не істейтіні туралы ақпаратты толықтырып жазып, жұбымен бөліседі.

Ықтимал жауап:

Мен дүйсенбі күндері сурет саламын.

Мен сейсенбі күндері тоғызқұмалақ ойнаймын.

Мен сәрсенбі күндері би үйірмесіне барамын.

Мен бейсенбі күндері футбол ойнаймын.

Мен жұма күндері мұражайларға барамын.

Мен сенбі күндері атам мен әжемнің үйіне барамын.

Мен жексенбі күндері үй шаруашылығына көмектесемін.

Сергіту сәті ұйымдастырылады. Қауіпсіздік ережесін сақтау қажеттігі ескертіледі.

Мәтінмен жұмыс ұйымдастырылады. Оқушылар мәтінді түсініп оқиды. Оқылған мәтін бойынша сұрақтар қойылады.

Оқушыларға талқылауға қойылатын сұрақтар:

- Уақытқа қатысты қандай сөздер кездеседі?

- Уақытты тиімді өткізу үшін немен айналысу керек?

- Болашағыңызға қазіргі әрекеттеріңіздің қандай әсері бар?

- Қай сөздердің айтылуы мен жазылуы бірдей емес? Себебін түсіндір?

Ықтимал жауаптар:

- Уақытқа қатысты сенбі, жексенбі, апта сайын, анда-санда, сағат 9.00, түнгі, осы уақытқа дейін, бос уақыт, дүйсенбіден, сағат 6.00, қандай сөздер кездеседі?

- Уақытты тиімді өткізу үшін күн сайын қосымша музыкамен, кітап оқумен айналысу керек.

- Болашағыңызға қазіргі әрекеттердің әсері бар, себебі біз өазірден бастап сүйген нәрсемен айналысу керек.

- Нарынқол, Амангүл, Жанбике, Жанболат, сенбі, жексенбі. Бұл сөздер өзінен кейінгі тұрған дауыссыз дыбыстар әсер етіп, айтылғанда басқа дыбыс болып естіледі.

3.3.2.1 (Ұ, Ө) Сәуленің күнделігін оқыңдар тапсырмасы.

Сыныпта «Сәуленің күнделігі» оқылады. Мұғалім оқушылардың жеке күнделіктерінің бар немесе жоғы туралы сұрақ қоюына болады.

3.3.6.1 (Ө, Ж). Темірланның хатын жаз тапсырмасы.

Оқушыларға парақшалар таратылады. Темірланның Нұрболға хатын толықтырып жазу тапсырмасы беріледі. Мұнда оқушылар алдымен өздері ойланып алып, содан жұбымен бөліседі.

Ықтимал жауаптар:

Кімге:Нұрболға

Кімнен: Темірланнан

Сәлем, Нұрбол. «Көшпенділер» фильмі «Заманай» кинотеатрында болып жатыр. 12.00 Үлкен залда болады. Барасың ба?

(Ө, Ж). Темірлан мен Нұрбол екеуі көрген фильмі бойынша өз әсерлерін күнделікке түсіру тапсырмасы беріледі. Оқушыларға парақшалар таратылады. Біріншіден әркім өзі ойланып содан парталас көршісімен жауаптарымен бөлеседі. Ортаға бірнеше жұптарды шығарып жауаптарын тыңдауға болады.

Ықтимал жауаптар:

Фильм қатты ұнады. Нағыз қазақ батырлары, олардың ерліктері туралы. Екі достың біреуінің өлген сәті қатты әсер етті. Мансұр атты кейіпкерге ұқсағым келеді.

Сабақ бойынша рефлексия (кері байланыс)

Оқушыларға кері байланыс алу үшін мына кестені таратып беруге болады. Оқушылар кестені толтыру арқылы сабақтың ұнаған және қиналған тұстарына, тағы да нені меңгергісі келетіні туралы пікірлерін жаздыртуға болады.

Оқушылардың әр тапсырманы орындау барысындағы жетістіктерін мадақтауға назар аудару.

Бағалау критерийлері

Қолымнан келеді

Көмек

қажет етемін

Өз көзқарасымды білдіре аламын

Сөз ішінде қатар тұрған дауыссыз дыбыстардың өзара үндесуін сақтаймын

Үлкен жазу жол дәптерінде бас әріп пен кіші әріп биіктігін және көлемін сақтап жазамын

Мұғалім кестемен танысқан соң, оқушылардың «Көмек қажет етемін» бағанын толтырылғаны сәйкес келесі сабақта қайталауды қажет ететін материалды ескеруі қажет.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу