👈 қаріп өлшемі 👉

4.Қазақ тілі_3-сынып_3-бөлім_Уақыт_№37 сабақ _ Дыбыстардың үндесуі _ Әдістемелік нұсқау


  Мұғалімге әдістемелік нұсқау

Бөлім: Уақыт

Уақыт туралы не білемін?

Сабақ тақырыбы: 37-сабақ. Дыбыстардың үндесуі.

Ресурстар: уақыт ұғымдарын көрсететін суреттегі сөздер, тақырыптық суреттер, кесте, түрлі түсті қарындаштар, А4 қағазы

Сабақ мақсаттары:

3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау;

3.1.7.1 сөз ішінде қатар тұрған дауыссыз дыбыстардың өзара үндесуін сақтап айту (сенбі – сембі, Жангүл –Жаңгүл);

3.3.6.1 бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету.

Қауіпсіздік және денсаулық сақтау

Оқушылардың сынып ішінде қозғалысын дұрыс ұйымдастырып, қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет. Сабақта оқу әрекеті түрлерін жиі алмастырып отыру, шаршамауын қадағалау жағдайын назарда ұстап оқушылардың сынып ішінде қозғалысын тиімді ұйымдастыру басты назарда болу тиіс.

Сабаққа қажетті теориялық материалдар

  • Дауыссыз дыбыстардың түбір мен қосымшаның жігінде бір-біріне ықпал етіп, өзара үндесіп айтылуын дыбыс үндестігі деп атаймыз.
  • Орфографиялық сөздікпен жұмыс. (Көкжиек, басшы, қараңғы түн, таң) сөздерінің мағынасы сөздік арқылы анықтатылады)
  • Кестемен жұмыс.

Сабаққа қатысты ескертпелер

«Сөздер тізбегі» әдісі

Әдістің ерекшелігі берілген уақыт ұғымдарын көрсететін суреттегі сөздерден мақал құрастыру арқылы уақытты бағалап, бос өткізбеуге, оның қадірін түсінуге назар аударту. Сонымен қатар бөлім тақырыбын және сабақ тақырыбын оқушыларға хабардар ету керек.

Әдеттегідей бұл жұмысты оқушылардың жұппен ауызша орындауы ықтимал. Содан кейін мұғалім бірнеше оқушының пікірін тыңдайды. Оқушылар осылайша мақал мағыналарын ашып, ой тұжырым жасайды. Қарамен жазылған қымбат сөзінің айтылуы мен жазылу ерекшелігіне көңіл бөлу керектігі айтылады.

Көркем жазу

Кең жолды дәптерге жазу үлгісін көрсету.

Өө ӨӨӨ өөө өлке өсиет өмір өнеге өсімдік өскін өркениет өлең

Дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу үлгісі тақтада көрсетіледі. Жазу каллиграфиясы нашар оқушылармен дәптеріне үлгі көрсету, әріп элементтерін бастырып жазуға арналған материалдар ұсыну арқылы үйретуге болады.

Мәтінмен жұмыстың ерекшелігі

«Таңды іздеу» тақырыбындағы ертегімен жұмыста оқушылардың тыңдалым дағдыларын, сыни ойлауын дамыту арқылы ертегінің негізгі ойын табу ұсынылады.

Оқушылардың топтық жұмысы ұйымдастырылады. Ертегі неліктен «Таңды іздеу» деп аталған деп ойлайсың? сұрағын топта талқылап, өз ойларымен бөліседі. Негізгі ойды, ертегі мазмұны бойынша топта ақылдаса отырып, жазады. Оны А4 қағазға жазып топ жұмысын таныстырады және төменде берілген суреттердің қайсысы ертегі мазмұнына сай келетінін анықтап, өз ойын дәлелдейді.

(Ертегі арқылы автор не айтқысы келді деп ойлайсың?

Ертегіден қандай ой түйдің?) деген сияқты қосымша сұрақтарды оқушыларға қоюға болады?

  • «Таңды іздеу» тақырыбындағы ертегіні тыңдау.
  • Сұрақтарға жауап беру.
  • Ертегінің негізгі ойын анықтау.
  • Берілген суреттердің қайсысы ертегі мазмұнына сай келетінін анықтау.
  • Сәйкес суреттерді дәлелдей білу.
  • Ертегінің негізгі ойына сәйкес қорытынды жасау.

Саралау

3-жаттығу.

Белгіленген уақыт аралығында, яғни 3 минут ішінде тапсырманы орындауды ұсыну.

Мұғалім сөздерді топтарға бөліп береді. Алдымен жұпта сөздердің айтылуы мен жазылуын салыстырып, ой бөліседі, содан соң топта идея алмасады, жариялайды. Өз ой тұжырымдарын жасайды.

1. Сөздерді оқу.

2. Сөздердің айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктерді байқау.

3. Қатар тұрған дауыссыз дыбыстардың өзара үндесуін сақтап айту.

Шығармашылық диктант

Шығармашылық диктант — үйрету диктанттарының ішінде мазмұн, құрылым, әдіс-тәсіл жағынан ең күрделісі, оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын, білім деңгейі мен өздігінен жұмыс істеудегі шеберліктерін арттыру көрсеткіші. Оқушылар сөздердің айтылу, жазылу ерекшеліктеріне мән береді. Жазып болып, жұпта алмасып, тексереді және дыбыстардың өзгеру себебін айтады.

Айтылуы

Жазылуы

сөмбеді

сөнбеді

түңгі

түнгі

Тасполат

Тасболат

Орымбасар

Орынбасар

көгпембек

көкпенбек

жассын

жазсын

4-жаттығу.

Оқушылар жұппен жұмыс жасай отырып, тыйым сөздердің мағынасына талдау жасап, жұбына дәлелдеп, түсіндіреді. Жазған тыйым сөздерді мұғалімнің көмегімен бір-бірінің қатесін тауып, түзетеді. Өзара бағалау жүзеге асырылады.

  • Бас әріп пен кіші әріптің биіктігін сақтап, әдемі жазу.
  • Тыйым сөздердің мазмұнын түсіну.

Орфографиялық сөздікпен жұмыс

Сөздікпен жұмыс ұйымдастырылып, көкжиек, басшы, қараңғы түн, таң сөздерінің мағынасы анықтатылады.

Қараңғы түн — жарық жоқ, қараңғылыққа шомған, түнек.

Таң -жаңа күннің көрінісі, жаршысы

Көкжиек- аспан мен жер бетінің астасып көрінетін сызығы.

Басшы- бұл  жұмысты беруші және сол жұмыстардың орындалуына жауап беруші адам. Бұл адамның лауазымы. 

Басшы- қимылды білдіреді. (Қолымды басшы.)

Сөздік жұмыс

  • Көкжиек, басшы, қараңғы түн, таң сөздерін қатыстырып сөйлем құрастыру.
  • Сөздерді сөз құрамына талдау.

Өзара бағалау.

Саралау тапсырмасы.

Саралау тапсырмасы тест жұмысы арқылы жүзеге асырылады.

Тест

1) Дұрыс жазылған сөзді белгіле

а) жұмысшы ә)жұмышшы б)жұмызшы

2) «Ауызша» сөзінің айтылуын белгіле.

а) ауышша ә) ауызшша б)ауұшша

3) «Ұшшаң» сөзінің жазылуын белгіле.

а) ұшсан ә)ұщсаң б)ұшзсаң

Қорыту мақсатында мұғалімнің көмегімен дауыссыз дыбыстардың түбір мен қосымшаның жігінде бір-біріне ықпал етіп, өзара үндесіп айтылуының дыбыс үндестігі екеніне тұжырым жасалады. Жасалған қорытынды оқулықтағы ережемен салыстырылады.

  • Дыбыстардың өзара үндесуін байқау.
  • Сөздердің айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктерді байқау.
  • Қатар тұрған дауыссыз дыбыстардың өзара үндесуін сақтап айту.

Қалыптастырушы бағалау

Оқушылар сабақта әр тапсырманы орындау барысындағы жеткен жетістіктерін, сабаққа белсенді қатысуын мадақтап, үнемі қолпаштап отыру-оқушының алға қарай қадам басуына негіз болады. Оқушыларға үнемі қолдау көрсетіп отыру қажет. Бағалау критерийлері бойынша өзін бағалайды. Өзіне деген сенімін арттырады.

Оқушылардың сабақты қаншалықты меңгергенін тексеруі үшін «Қол белгісі» стратегиясы қолданылады. Осылайша, олардан тақырыпты түсінгендігін немесе түсінбегендігін қол белгілері арқылы көрсетулері сұралады.

Мен ________ түсініп отырмын және түсіндіре аламын (қолдың бас бармағын жоғары көтереді).

Мен ___________ әлі түсінбей отырмын (қолдың бас бармағын бір жанына қарай бұрады).

Мен __________ түсінгеніме сенімді емеспін (қол¬ды бұлғау).


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» 2023 жылдан бастап Қазақстанда қандай өзгерістер болады? 03.12.2022
» Алаяқтар IPO бойынша жалған мобильді қосымшаларды іске қосты 29.11.2022
» Айлакер-алаяқтар интернетте делдалдарды қалай және қандай мақсатпен іздейді 26.11.2022

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы