4.Қазақ тілі_3-сынып_3-бөлім_Уақыт_ №5сабақ_Сөйлем мүшелері_ Мұғалімге әдістемелік нұсқау


 Мұғалімге әдістемелік нұсқау

Бөлім: Уақыт

Сабақ тақырыбы: №5. Сөйлем мүшелері

Сабақ мақсаттары:

3.4.2.7 сөйлемнің тұрлаулы (бастауыш, баяндауыш) және тұрлаусыз мүшелерін ажырату

3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап диалогке қатысу

3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету.

3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру

Ресурстар: үлестірме материалдар, А4 қағаз, фломастер.

Қауіпсіздік және денсаулық сақтау:

Сыныпта оқушылар ержелері еске түсіріледі. Сергіту сәті ұйымдастырылады.

Сабаққа қажетті теориялық материалдар:

Сөйлем құрамындағы нақты сұраққа жауап беріп тұрған толық мағыналы сөздерді сөйлем мүшелері дейміз: Кім? Қайда? Не істеді?

Мысалы, Ілияс тақтаға жазды.

Сабаққа қатысты ескертпелер

«Жүгіртпе» жаттығуы арқылы оқушылардың уақыт кеңістігі туралы білімдері анықталады.

Мұғалім уақытқа қатысты сөйлемдерді айтады, оқушылар қажетті сөздерді қосады. Ыұтимал жауаптар жақшаның ішінде берілген.

Бір жылда неше ай? (12)

Бір сағатта неше минут? (60 минут)

Бір ғасырда неше жыл? (100 жыл)

Ақпан айында неше күн? (28-29 күн)

Бір аптада неше күн? (7 күн)

(Ұ) «Сөйлем» тақырыбына кластер жасау ұжымдық тәсілмен жүзеге асырылады. Оқушылардың сөйлем туралы білімдері анықталады.

Ықтимал жауаптар:

Толық ойды білдіреді.

Сөйлем мүшелерінен құралады.

Соңында тыныс белгісі қойылады.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылады.

Мәтінді оқып, көшіріп жазады. Мұғалім алдымен бір оқушыдан сөйлемді дауыстап оқуды ұсынады. Әрбір сөйлемде неше сөз барын анықтап жазады. Сөздің үстіне оған қойылатын сұрақты жазу ұсынылады.

Анам ерте тұрады. Ол таңғы ас әзірлейді. Біз тамақтанамыз.

Кім? Қашан? Не істейді?

Үлгі: Анам ерте тұрады.

3.3.6.1 (М,К) Ереже презентация слайды арқылы таныстырылады.

Мұғалім оқушыларға теориялық материалын түсіндіреді. Түсіндіру барысында мысалдар келтіреді.

Сөйлем мүшелерінің санын арттырып жазу. Мұғалім оқушыларға қосымша парақты таратып береді. Оқушылар екі сөзден жасалған сөйлемдерді оқиды. Тиісті сөздерді қосып, әр сөйлемдегі сөйлем мүшелерінің санын арттырып жазады. Сөйлем мағынасында болған өзгерісті аңғарады.

Ықтимал жауаптар:

Серік сабақтан келді. Дина доп ойнады. Сиыр су ішті. Балалар жидек терді.

Сергіту сәті. Қауіпсіздік ережесі еске түсіріледі.

Мұғалім оқушыларға сұрақтарға жауап алу арқылы танымдық отандық теледидар бағдарламаларын көруге баулиды. Бірнеше балалардың жауаптары тыңдалады. Неғұрлым көп танымдық бағдарламаны қазақстандық телеканалдаран көретін оқушылар ауызша мадақталады.

(М) Оқушыларға сұрақтар қойылады:

- Қандай теледидар бағдарламаларын көресіңдер?

- Қандай Отандық танымдық теледидар бағдарламасын білесіңдер?

- Астананың уақыты бойынша «Қазақстан» каналынан таңертең сағат 07.00-ден сағат 10.00-ге дейін болатын қандай бағдарламаны білесіңдер?

Ықтимал жауаптар:

- «Балапан», «Саяхатшы Дарья», мультфильмдер.

- «Балапан» және т.б.

- «Таңшолпан» бағдарламасы.

(Ұ,Ө) Мұғалім Таңшолпан бағдарламасы дайындаған «Сағаттың шығу тарихы» бейнематериалын көрсетеді. Оқушылар өз бетінше жаңа маңызды мәліметтерді түртіп алады.

Оқушыларға талқылауға қойылатын сұрақтар:

- «Уақыттың қадірі» дегенді қалай түсінуге болады?

- Ертеде адамдар уақытты қалай ажыратқан?

- Сағаттың қандай түрлері пайда болды?

- Неге күн арқылы уақытты анықтау қиын болды?

- Мектептегі қоңыраулар мен шырылдауық сағаттардың ерекшеліктері қандай?

- Сөйлем неден тұрады?

- Тыныс белгісіне қарап сөйлемді қалай ажыратамыз?

- Барлық сөйлемнің айтылу интонациясы бірдей ме?

Ықтимал жауаптар:

- Сөйлем - сөздерден тұрады.

- Тыныс белгісіне қарап сөйлемді хабарлы сөйлем, лепті сөйлем, сұраулы сөйлем деп ажыратамыз.

- Барлық сөйлемнің айтылу интонациясы әртүрлі. Лепті сөйлемде интонация көтерінкі айтылады.

3.2.5.1 (Т) Мұғалім топтық жұмысты ұйымдастырады. Топқа қатар бойынша бөлуге болады. Кестені толтыру мақсатында бейнематериалды қайта қарайды. Жинақтаған мәліметті таныстырады. Мұғалім топтардың мәліметтерді түртіп алуын қадағалайды, қажет жағдайда қайта көрсетеді. Таныстыру барысында топтардың бірін-бірі толықтыруына, сұрақ қоюына мүмкіндік беріледі. Мұғалім таныстыру барасындағы әр топтың рөлін бөліп береді.

(Т,Қ) Мұғалім оқушыларға қосымша парақта жазылған дерек көздерін таратады. Дереккөздермен танысып болған соң оқушылар сағаттар түрлерін уақыт хронологиясы бойынша орналастырады. Оқушылар дереккөздерден тақырып бойынша мәліметтерді жинақтайды. Мәліметтерді жүйелеп, жарнама жасайды. Әрбір топ өзінің жарнамаларын сынып алдында айтады. Берілген критерийлер бойынша әрбір топ өзінен басқа 3 топты бағалайды. Мұғалім олардың бағалау балдарын қосу арқылы ең үздік жарнаманы анықтауына болады.

Топтар бір-бірін келесі критерий бойынша бағалайды:

- жарнама тартымды, әсерлі болу керек;

- берілген ақпарат түсінікті болу керек;

- жарнаманың сөздері қысқа, нақты болу керек.

Сабақ бойынша рефлексия (кері байланыс)

Оқушыларға кері байланыс алу үшін мына кестені таратып беруге болады. Оқушылар кестені толтыру арқылы сабақтың ұнаған және қиналған тұстарына, тағы да нені меңгергісі келетіні туралы пікірлерін жаздыртуға болады.

Оқушылардың әр тапсырманы орындау барысындағы жетістіктерін мадақтауға назар аудару.

Бағалау критерийлері

Қолымнан келеді

Көмек

қажет етемін

Сөйлем мүшелерін ажыратып, сөйлемдер құрастыра аламын

Кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі үлгі негізінде жазамын

Анықтамалық материалдарды пайдалана аламын

Мұғалім кестемен танысқан соң, оқушылардың «Көмек қажет етемін» бағанын толтырылғаны сәйкес келесі сабақта қайталауды қажет ететін материалды ескеруі қажет.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу