4. Қазақ тілі_3-сынып_3-бөлім_Уақыт_№7сабақ_Сөйлемнің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелері_Мұғалімге әдістемелік нұсқау


 Мұғалімге әдістемелік нұсқау

Бөлім: Уақыт

Сабақ тақырыбы: Сөйлемнің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелері

Сабақ мақсаттары

3.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер/фото/диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау

3.4.2.7 сөйлемнің тұрлаулы (бастауыш, баяндауыш) және тұрлаусыз мүшелерін ажырату

3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап диалогке қатысу.

Ресурстар: үлестірме материалдар, А4 қағаз, фломастер.

Қауіпсіздік және денсаулық сақтау

Сыныпта оқушылар ержелері еске түсіріледі. Сергіту сәті ұйымдастырылады.

Сабаққа қажетті теориялық материалдар

Сөйлемдегі бастауыш, баяндауыштардан басқа сөйлем мүшелерін тұрлаусыз мүшелер деп атайды. Оларға қандай? кімге? неге? қашан? қайда? т.б. сұрақтар қойылады.

Сабаққа қатысты ескертпелер

«Дұрыс-бұрыс» ойыны көмегімен оқушылардың уақыт бірліктеріне қатысты білімдері тексеріледі. Мұғалім сұрақтар қояды, ал оқушылар қойылған сұрақтарға «иә», «жоқ», «білмеймін» деп белгілейді.

Ықтимал жауаптар:

Сағат – уақыттың өлшем бірлігі

Иә

Минут – уақыттың ең үлкен өлшем бірлігі

Жоқ

Минут сөзін қысқартып жазуға болмайды

Жоқ

Бір минутта үлкен кітапты оқуға болады

білмеймін

Мұғалім оқушыларға бастауыш пен баяндауыштың өзара айырмашылығы мен ортақ қасиеттерін Венн диаграммасын толтырып, жазады.

Ықтимал жауаптар:

Бастауыш

Ортақ қасиет

Баяндауыш

Кім? деген сұраққа жауап береді

Сөйлем мүшесі

Не істеді? деген сұраққа жауап береді

Қимыл іс-әрекет иесін білдіреді

Бастауыштың қимыл іс-әрекетін білдіреді

Мұғалім сабақ тақырыбы мен мақсатын хабарлайды.

Сөйлемдердің ұқсастықтары мен өзгешеліктерін көрсету тапсырмасы оқушылардың сөйлемнің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерінің ұқсастықтары мен өзгешеліктерін ажыратуға бағытталған. Мұғалім презентация слайдтарынан оқушыларға сөйлемдерді оқуды ұсынады. Олардың қандай ұқсастықтары мен өзгешеліктері бар екенін сұрайды.

Ереже түсіндіріледі.

Тапсырма ережені бекітуге арналған. Оқушылар сөйлемдерді оқып, тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерді екі бағанға бөліп жазады. Сөйлем мүшелерінің астын тиісті сызықпен сызады.

Үлгі: Біз ұшаққа міндік.

Тұрлаулы Тұрлаусыз

Біз міндік ұшаққа

Айзат қаламмен жазды. Көк гүл өсті. Біз жаңа мектепте оқимыз. Мен бірінші партада отырамын.

Сергіту сәті ұйымдастырылады. Қауіпсіздік ережесін сақтау қажеттігі ескертіледі.

Мәтінмен жұмыс. Тапсырма өз бетімен орындалады. Мұғалім оқушыларға мәтінге ат қоюды ұсынады. Сөйлемдерді көшіріп жазады. Қарамен белгіленген сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдайды. Екінші сөйлемде неше сөйлем мүшесі бар екенін анықтап, түсіндіреді.

«Суретті әңгімеле» стратегиясы арқылы сурет бойынша мәтіннің мазмұны болжанады.

Сурет бойынша әңгіме құрау тапсырмасы топ бойынша ұйымдастырылады. Мұғалім сыныпты төрт топқа өзі бөледі. Мұғалім әрбір топқа суретті таратады. Оқушыларға суреттер әңгіменің бір бөлігі екені ескертіледі. Мұғалім оқушылардан суреттерде бейнеленген сәттің алдында не болғаны және кейін не болатыны болжауды ұсынады. Оқушылар топта не айтуға болатынын топта талқылайды.

Жұмыстарын топта жариялау тапсырмасын оқушылар алдымен суреттегі оқиғаны әрқайсысы жеке болжайды. Құраған әңгімесін жұбына баяндайды.

«Екі тілек, бір ұсыныс» стратегиясы арқылы бір-бірінің жұмысын бағалайды. Орындаған жұмыстарының екі жақсы жағы мен бір кемшілігіне ұсыныс білдіру арқылы өз іс-әрекеттеріне кері байланыс жасайды. Мұғалім оқушыларға талқылау сұрақтарын қою арқылы теориялық материалды игергендерін анықтайды.

Өздік диктант ұйымдастырылады. Мұғалім оқушыларға сөйлемдерді презентация слайдтарынан көрсетеді. Оқушылар жақшадағы сөздерді сөйлем мағынасына қарай өзгертіп жазады. Сөйлемдерді сөйлем мүшесіне талдайды. Тапсырманы орындап болған соң жұппен бір бірінің жұмыстарын тексереді.

«Коллаж әңгіме» стратегиясы топтық жұмыс түрінде жүзеге асырылады. Сабақтың басында құрған топ әрі қарай жұмыс істей береді. Мұғалім оқушыларға түрлі түсті суреттері бар журналдар береді. Олар журналдардан ұсынылған тақырыпқа сәйкес суреттерді қиып алып флипчартқа жабыстырып, әңгіме құрастырады.

Оқушылардың топтық жұмысы ұйымдастырылады. Мұғалім топ құрамын сол қалпы сақтауына болады. «Уақытыңды бағала» тақырыбы бойынша постер құрастырады.

Топтар бірін-бірі бағалау критерийлері бойынша бағалайды.

- сөйлеу барысында тақырыптан ауытқымау;

- сөйлеу барысында берілген уақытты сақтау;

- жұмысқа топтың барлық мүшелерінің белсенді қатысуы.

Сабақ бойынша рефлексия (кері байланыс)

Оқушыларға кері байланыс алу үшін мына кестені таратып беруге болады. Оқушылар кестені толтыру арқылы сабақтың ұнаған және қиналған тұстарына, тағы да нені меңгергісі келетіні туралы пікірлерін жаздыртуға болады.

Оқушылардың әр тапсырманы орындау барысындағы жетістіктерін мадақтауға назар аудару.

Бағалау критерийлері

Қолымнан келеді

Көмек

қажет етемін

Сөйлем мүшелерін ажыратып, сөйлемдер құрастыра аламын

Кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі үлгі негізінде жазамын

Сұхбаттасының айтқанын тыңдап, сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатыса алады

Мұғалім кестемен танысқан соң, оқушылардың «Көмек қажет етемін» бағанын толтырылғаны сәйкес келесі сабақта қайталауды қажет ететін материалды ескеруі қажет.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу