👈 қаріп өлшемі 👉

4.Қазақ тілі_3-сынып_3-бөлім_Уақыт_№38 сабақ _ Дыбыстардың үндесуі _ Әдістемелік нұсқау


Мұғалімге әдістемелік нұсқау

Бөлім: Уақыт

Уақыт туралы не білемін?

Сабақ тақырыбы: 38-сабақ. Дыбыстардың үндесуі.

Сабақ мақсаттары:

3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау;

3.1.7.1 сөз ішінде қатар тұрған дауыссыз дыбыстардың өзара үндесуін сақтап айту (сенбі – сембі, Жангүл –Жаңгүл);

3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету.

Ресурстар: кесте, түрлі түсті қарындаштар, А4 қағазы, жұмыс парағы, доп

Қауіпсіздік және денсаулық сақтау жағдайларын басты назарда ұстай отырып, оқушыларға денені шынықтыру мақсатында сабақта «Күн, жер, су» ойыны ойнатылады.

Сабаққа қажетті теориялық материалдар «Өмір-уақыт» аңыз әңгімесі

Сабаққа қатысты ескертпелер

«Доппен қозғалыс» әдісі

Мақсаты:Оқушылар берілген тақырып туралы ойларын жүйелейді, сабаққа қызығушылығын арттырады. Бүкіл сынып ішінде қозғала жүріп, берілген тақырып бойынша ақпарат жинайды.

Оқушылар ортада дөңгелене тұрады. Жүргізуші шығып, допты кез-келген балаға сабақта өткен тақырыпқа байланысты сөз айтып, лақтырады. (дыбыстар, дауысты дыбыс, дауыссыз дыбыс, жуан дауысты дыбыс т, б) Допты қағып алған бала сол тақырыпқа байланысты білетінін айтады. Осылайша ойын жалғасын табады.

Көркем жазу

Кең жолды дәптерге жазу үлгісін көрсету. Жж ЖЖЖ жжж жұлдыз жүлдегер жігерлі жеңіске жүлделі

Дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу үлгісі тақтада көрсетіледі. Жазу каллиграфиясы нашар оқушылармен дәптеріне үлгі көрсету, әріп элементтерін бастырып жазуға арналған материалдар ұсыну арқылы үйретуге болады.

Мәтінмен жұмыс

«Өмір-уақыт» аңыз әңгімесімен жұмыс.

Мұғалім аңызды әңгімелеп береді. (Қажет жағдайда қайта айтады)

Мақсаты:Оқушылардың тыңдалым дағдыларын дамыту, аңыздағы негізгі ойды анықтау.

  • Аңыз не туралы? Ондағы негізгі ойды анықта.

Аңыз әңгімеден тірек сөздерді тап. ( құмыра, тас, бұршақ, құм, су, отбасы, достар т. б)

  • Аңыз неліктен «Өмір-уақыт» деп аталған деп ойлайсың? Өз пікіріңмен бөліс.
  • Өзің бос уақытыңда қандай істермен айналысасың?
  • Аңыздан қандай ой түйдің?

Оқушылардың топтық жұмысы ұйымдастырылады. Аңыздағы тірек сөздерді, негізгі ойды, топта ақылдаса отырып, жазады. Оны А4 қағазға жазып топ жұмысын таныстырады. Әр топ өз тірек сөздерін толықтыра алады.

Тірек сөздермен жұмыс.

Аңыздағы таңдап алынған тірек сөздерді қатыстырып сөйлем құрау. Сөйлем ішіндегі бір сөзді сөз құрамына талдау жасау ұсынылады.

  • Аңыз әңгімеден тірек сөздерді табу.
  • Негізгі ойды табу.
  • Сөздерді сөз құрамына талдау.
  • Қатесіз, сауатты жазу.

Оқылым.

5-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқы.

Мұғалім өлеңді оқиды. Топтық жұмыс ұйымдастырылады. Оқушыларға өлең мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беріп, пікірлерін айту ұсынылады.

  • Өлеңде қандай бала суреттелген деп ойлайсың?
  • Ол жексенбі күні неліктен ауырып қалмады? Ойыңды бөліс.
  • Өзің жексенбі күнді қалай өткізесің?
  • Өлең кейіпкері туралы өз пікіріңді айт.
  • Өлеңдегі қарамен жазылған сөздерге назар аудар. Олардың айтылуы мен жазылуын салыстыр.

Өлеңде қандай бала суреттелгенін айтып, өз ойларымен бөліседі. Ол неліктен жексенбі күні ауырып қалмағанына болжау жасайды. Жексенбі күнді қалай өткізетіндері туралы топта әңгімелейді. Өлең кейіпкері туралы өз пікірлерін айтып, талқылайды.

  • Кейіпкерге сипаттама жаса.
  • Постер туралы көзқарасыңды білдір.

Оқушылар жасаған талқылауарына сүйеніп, өз қалаулары бойынша өлеңде бейнеленген баланы қалай елестететінін мұғалімнің басшылығымен суретін салу арқылы көрсетеді. Жұмыстарын топта жариялайды. Басқа топтардың жұмыстарымен танысады. Стикерлерге өз көзқарастарын жазып, постерлерге жабыстырады.

«Галереяны шарлау» стратегиясы бойынша рефлексия жасайды. Басқа топтың постерлерін оқиды. Оқушылар орындалған тапсырма мазмұнының ашылуын, безендірілуін ескере отырып, стикерлерге өз көзқарастарын жазып, постерлерге жабыстырады.

Сөздікпен жұмыс.

«Дүйсенбі», «сейсенбі», «сәрсенбі», «бейсенбі», «сенбі», «жексенбі» сөздерінің айтылуы мен жазылуын салыстыр және жаз. Оқушылардың назары өлеңдегі қарамен берілген сөздерге аударылады. Мұғалім сөздерді бірнеше рет айтқызып, жаттықтырады. Айтылу ерекшеліктеріне мән беріледі. Олардың айтылуы мен жазылуын салыстырып, өз ой тұжырымдарын жасайды.

  • Өлеңдегі балаға көзқарастарын білдіру.
  • Өлеңде бейнеленген баланы ойша елестету арқылы сурет салу.
  • Қарамен жазылған сөздерге назар аудару, салыстыру.
  • Қатар тұрған дауыссыз дыбыстардың өзара үндесуін сақтап жазу.
  • Сөздердің айтылуы мен жазылуындағы айырмашылықты анықтау.
  • Баланың іс әрекеттеріне баға беру.

Кестемен жұмыс.

Оқушылар топқа бөлініп, кестені берілген үлгіге сүйеніп толықтырады. Топта идея алмасып, ой бөліседі.

  • Дүйсенбек, Жұмагүл деп ат қою себебі неде деп ойлайсың?

Әр топтан бір оқушыдан шығып, ат қоюдың себебін, нақты дәлелдемелер келтіріп, айтады. Топта жазған адам аттарының қатесіз жазылуына мән береді, өзара тексереді. Қате болса түзетеді.

  • Кестені үлгі бойынша толтыру.
  • Жазған адам аттарын, дәлелдеп айту.
  • Қатар тұрған дауыссыз дыбыстардың өзара үндесуін сақтап айту, қатесіз жазу.
  • Сөздердің қатесіз жазылуын тексеріп, қатесі болса, түзету.

Саралау.

«Қате болса, тауып көр»

Мақсаты: Сөз ішінде қатар тұрған дауыссыз дыбыстардың өзара үндесуін сақтап айтуға дағдыландыру.

«түнеугүні», «жексембі», «бүрсікүні», «бейсенбі», «жаздыгүні», «күздігүні», «Маханбет», «қыстыкүні», Қартпағамбет, Сәндігүл.

Оқушылар тапсырманы жұпта орындап, бірін-бірі тексереді, қатесін түзетеді.

  • Қатар тұрған дауыссыз дыбыстардың өзара үндесуін сақтап айту.
  • Берілген сөздердің қателерін түзету.

Шығармашылық үзіліс

8-жаттығу. Жұмбақты оқып, шешуін тап. (Шешуі: аптаның жеті күні)

  • Жұмбақты оқып, шешуін табу.
  • Сызбадағы апта күндерін атау.
  • Сол күндері істеген істерін әңгімелеп, өзара бағалау.

Қалыптастырушы бағалау

 Оқушылардың әр тапсырманы орындау барысындағы жетістіктерін мадақтауға назар аудару қажет. Оқушылар өзара бағалауды жүзеге асыру барысында «Неліктен бұлай бағаладың? Қай дескрипторға сүйендің? Қандай ұсыныс жасар едің?» сұрақтары арқылы, бағалаудың әділдігін қамтамасыз етуге көңіл бөліну керек.

Оқушылар қолдау қажет ететін мәселелер бойынша дер кезінде немесе бағытталған топ құру арқылы ұйымдастыру тиімді болатыны туралы ойланыңыз. Оқушының оқу мақсатын игеруіне тиімді шараларды жоспарлаңыз. Белсенді әдістерді тиімді пайдаланыңыз.

Бағалау критерийлері

Қолым

нан келеді

Көмек

қажет етемін

мәтіннің тақырыбын қоямын, негізгі ойды мұғалімнің көмегімен анықтаймын;

сөзде қатар тұрған дауыссыз дыбыстардың өзара үндесуін сақтап айтамын;

жіберілген орфографиялық қателерді мұғалімнің көмегімен табамын, түзетемін.


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Түркия: Ыстанбұлда тағы жарылыс 17.11.2022
» Қазақстандықтар тісін тегін емдете алады: Шарттары қандай? 08.11.2022
» Несие төленбеген жағдайда, банк жалақыңыздың қанша пайызын ұстап қалады? 03.11.2022

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы