![]() |
|
![]() |
3.Қазақ тілі_3-сынып_3-бөлім_Уақыт_№38 сабақ _ Дыбыстардың үндесуі _ Дидактикалық материал
Дидактикалық материалдар
Бөлім:Уақыт
Уақыт туралы не білемін?
Сабақ тақырыбы: 38-сабақ. Дыбыстардың үндесуі.
Қосымша № 1
«Өмір-уақыт» аңызы
Бір дана адам шәкірттерін жинап алып, бос құмыраны таспен толтырыпты да, олардан – Құмыра толы ма? – деп сұрапты. – Иә, – деп жауап береді шәкірттері. Дана кісі бұршақ толы банканы алып, түгелдей құмыраға құяды. Бұршақ тас арасындағы бос жерді толтырды. –Енді құмыра толы ма? – деп сұрайды. Шәкірттері бас изейді. Енді ол құмыраға құм құяды. Құм бұршақ пен тас арасынан өтіп, бүкіл бос жерді толтырды. Ол шәкірттеріне тағы да сол сауалды қойып, «иә» деген жауап алады. Содан соң су толы кесені алып, құмыраға құяды. Шәкірттері мұны көріп, күледі. Дана кісі сонда былай депті: – Мына құмыра – біздің өміріміз. Тас – өміріміздің басты бөліктері: балалар, отбасы, достар, денсаулық. Бұршақ – бізге қуаныш сыйлайтын дүние, бірақ ең маңызды нәрсе емес, яғни үй, жұмыс, көлік, бағалы заттар т.б. Құм – кез келген адам өмірінде бар ұсақ-түйек нәрселер. Егер басында құмыраны құмға толтырсаңыз, бұршақ түгілі тасқа да орын қалмайды. Өмірде де солай: ұсақ-түйекке уақыт жұмсасаң, ең бастысына уақытың жетпейді...
«Самопознание КЗ» журналынан
Қосымша № 2
Қосымша №3
Берілген сөздер арасынан қатесін тауып, түзетіп жаз.
Маханбет, түнеугүні, жексембі, бүрсікүні, бейсенбі, жаздыгүні, күздігүні, қыстыкүні, Қартпағамбет, Сәндігүл.
Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Қарап көріңіз 👇
Жаңалықтар:
» Қазақстанға 5G қашан келеді? 28.01.2023
» Әскерде өзіне қол салған сарбаз туралы тың дерек шықты 23.01.2023
» Әр қазақстандық қанша гектар жер иемдене алады? 23.01.2023