3.Қазақ тілі_3-сынып_3-бөлім_Уақыт_№5 сабақ_Сөйлем мүшелері_Дидактикалық материал


Бөлімі: Уақыт

Сабақ тақырыбы: 5-сабақ. Сөздердің айтылуы мен жазылуы

Қосымша №1

«Сөйлем» тақырыбына кластер жасау

Қосымша 2

Мәтінді оқып, көшіріп жаз.

Анам ерте тұрады. Ол таңғы ас әзірлейді. Біз тамақтанамыз.

Әрбір сөйлемде неше сөз барын анықта. Сөздің үстіне оған қойылатын сұрақты жаз.

Кім? Қашан? Не істейді?

Үлгі: Анам ерте тұрады.

Қосымша №3

Кестені толтыру мақсатында бейнематериалды қайта қараңыз. Жинақтаған мәліметпен таныстырыңыз.

Алғашқы сағат түрлері

Су сағаты туралы мәліметтер

Ең сапалы сағат өндіретін ел

Қосымша 4

Сағат түрлерін уақыт хронологиясы бойынша орналастыру.

Дереккөздерден тақырып бойынша мәліметтерді жинақтау.

1-топ: «Құм сағаты»

2-топ: «Су сағаты»

3-топ: «Қазіргі заманғы сағаттар»

4-топ: «От сағаты»

Мәліметтерді жүйелеп, жарнама жасау.

Дереккөздер үлгісі:

Уақыт туралы

 Жүректің соғуы, теңіз суының көтерілуі мен қайтуы, күннің шығуы мен батуы, жыл мезгілдерінің алмасуы белгілі бір уақыт аралығында үздіксіз қайталанып отырады. Күн мен түннің алмасуын, Күн мен Айдың қозғалысын бақылай отырып, адам баласы жылды айларға, айды күндерге, ал күнді бұдан анағұрлым қысқа уақыт бөліктері сағаттарға бөле бастаған.

 

 Құм сағаты

 Құм сағаты екі шыны сауыттан тұрады. Олардың тұтасқан тар мойыны болады. Құм жоғарғы сауыттан төменгі сауытқа сусып ағады. Содан кейін сағатты айналдыру керек. Айналдырғаннан кейін осы үдеріс басынан басталады. Құм сағаты уақытты дәл көрсетеді. Бірақ та оларды белгілі бір уақыттан кейін айналдырып отыру керек. Сол себепті олар қолданыстан шыға бастады.

 Қазіргі уақытта құм сағаттарын тек кәдесый ретінде, дәрігерлік емдеу шараларын өткізуде қолданады.

 

 Су сағаты

 Су сағаттарының механизмі құм сағаттар тәрізді болған. Су сағатында су бір ыдыстан екінші ыдысқа бірқалыпты тамшылап құйылып тұрған. Мұндайда көрсеткіш тілі бар қалтқы жоғары көтеріліп немесе төмен түсіп, уақыттың дәл мезгілін білдірген. Бұл сағат уақытты күндіз де, түнде де көрсету үшін суын еселеп құйып отырған. Су сағатының түрлері XVII ғасырға дейін қолданыста болған.

 

 Қазіргі заман сағаттары

 Соңғы бірнеше жылдарға дейін барлық сағатқа тән маңызды тетіктер - сағаттық, минуттық, секундтық уақыт бірліктерін көрсететін тілдері болып келеді. Ал бүгінгі таңда мұның басқа да түрлері кең тарай бастады. Яғни уақытты көрсететін тілі мен сандық межелері жоқ сағаттар шықты.

 Мұның орнына бетіндегі әйнекшелерден сағаттық, минуттық, секундтық, белгілерді санмен көрсетіп тұратын кішкене сағаттар дүниеге келді. ал, кейбір сағаттар, сонымен бірге, жылдың айы мен күнін, аптаның қай күнін де көрсете алады.

 Кварц «маятникті» сағаттар отыз жыл ішінде бір секундқа ғана қателесуі мүмкін. Уақытты бұдан да дәлірек көрсететін «маятниктер» іздеу барысында ғылым өте күрделі тербеліс қимылдарын жүзеге асыратын молекулалар мен атомдарға назар аударды. Қазіргі кезде уақытты ең дәл көрсететін де осы атомдық және молекулалық сағаттар.

 

 От сағаты

  От сағаты ежелгі қытайда пайда болды. От сағат ауа райы және күнге тәуелсіз болғандықтан күн сағатына қарағанда біраз қолайлы еді. Тіпті қытайлықтар от сағатын оятқыш ретінде де пайдаланған. Шамның межеленген жеріне темір шарларды жіппен байлап қоятын болған. Белгіленген жеріне дейін жанып келген шаммен бірге жіп те өртеніп, темір шар төмендегі темір ыдысқа түсіп, қатты дыбыс беретін болған екен.  



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу