1.Қазақ тілі_3-сынып_3-бөлім_Уақыт_№1 сабақ_Уақыт туралы не білемін_КМЖ


Пән: Қазақ тілі

Бөлімі: Уақыт

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Жангазакова Жанар

Сабақ тақырыбы:

1-сабақ. Уақыт туралы не білемін

Сынып: 3

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

3.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер/фото/диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау;

3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап диалогке қатысу;

3.3.2.1 өзіндік іс-әрекеті баяндалған күнделік/өмірбаян жазу.

Сабақтың

мақсаты:

Барлық оқушылар:

  • жетекші сұрақтар көмегімен сурет бойынша мәтін мазмұнын болжайды;

- сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысады;

  • үлгі негізінде өзіндік іс-әрекеті баяндалған күнделік жаза алады.

Оқушылардың көбі:

  • тақырып пен сурет бойынша мәтін мазмұнын болжайды;
  • сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысады;
  • сөйлем құрылысын сақтап, іс-әрекеті баяндалған күнделік жаза алады.

Оқушылардың кейбірі:

  • сурет бойынша жасаған болжамын негіздей алады;
  • түрлі жағдаяттарда жүйелі, сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысады;
  • болған оқиғаны сипаттап күнделік жаза алады

Бағалау критерийлері

  • тақырып пен сурет бойынша мәтін мазмұнын болжай біледі
  • сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатыса алады;
  • үлгі негізінде өзіндік іс-әрекеті баяндалған күнделік жаза алады.

Сөздік қор

Пәндік терминология мен тірек сөздер: күндердің күнінде, қас қарайып, қараңғылық еңсере бастағанда, кешкі, қараңғы түн, таң, уақыт, өлшем бірлігі, сағат.

Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл:

Талқылау үшін сұрақтар:

- Уақыт дегеніміз не?

- Таңертең нешеде тұру керек деп ойлайсындар?

- Тұрғаннан кейін не істеу керек?

- Таңертең жаттығу жасау керек пе, жоқ па?

- Күн тәртібін сақтаудың адам ағзасына ықпалы бар ма?

Құндылықтар

Уақытты дұрыс қолдану мәдениетін сақтау маңыздылығын түсінуге баулу

Алдыңғы меңгерілген білім

Бұл бөлім материалдарының алғашқы сабағын оқытуда алдыңғы бөлімдерде алған білім, білік, дағдылары басшылыққа алынады.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-5 минут

5 минут

5-10 минут

10-25 минут

25-30 минут

30-35 минут

Ұйымдастыру кезеңі.

) 3 қатардағы оқушыларға стикерлер таратылады, онда олар күнделікті істейтін әрекеттерін жазады. Таңертең - Түсте – Кешке Мысалы: жуынамын, тамақтанамын т.с.с.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.

(Ж, Т) «Ойлан жұптас талқыла» стратегиясы.

Уақыт туралы не білеміз? ББҮ кестесінің бірінші бағанын толтыру.

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

- Қандай құстың суреті?

- Біздің сабағымызға қандай қатысы бар деп ойлайсыңдар? (Әтеш)

Сурет бойынша «Таңды іздеу» ертегісінің мазмұнын болжауды ұйымдастырады.

3.1.2.1 (Ұ, МК) Ертегіні тыңдау және өз болжамының сәйкестігін тексеру. Уақытқа қатысты сөздерді түртіп алу. ББҮ кестесінің екінші бағанын толтыру.

Сөздік жұмысы ертегіні оқу барысында жүргізіледі: күндердің күнінде, қас қарайып, қараңғылық еңсере бастағанда, кешкі, қараңғы түн, таң.

Таңды іздеу

(Бразилия ертегісі)

  Күндердің күнінде бір адам өз жұмысымен алыс сапарға аттанады. Қас қарайып, қараңғылық еңсере бастағанда, анадайдан шам жарығы көрінген үйге жақындап кеп, қонуға рұқсат сұрайды. Үй иелері қонақты құшақ жая қарсы алып, тамағын беріп, сыйлап, төсек ұсынады. Алайда олар кешкі тамақтан соң бір жаққа жинала бастайды.

– Мына қараңғы түнде қайда барасыздар? – деп сұрайды жолаушы.

– Біз таңды іздейміз, – дейді үй иесі. Ештеңені жөнді түсінбеген ол жан-жағына қараса, әлгілер қолдарына бір-бір бос қап ұстап, үйден шығады. Алдында отағасы, артынан отанасы, балалары, енелері, аталары тізіліп, асыға қараңғылыққа сүңгігендеріне қарап тұрып, қонақ та жолға шығады.

Жүре-жүре бірнеше сағаттар өткенде таң алаулап ата бастайды. Бір кезде әлгілер қаптарын ашып, таңның жарығын салған сияқты қимыл жасап, артынша аузын буып, кері қайтады. Олар үйге қайтып оралғанда таң да атады. Үй иелері қаптарының аузын ашып, оны сілкіп-сілкіп жібереді. Таңдана қараған жолаушы жақын келіп сұраса: – Біз таңды алып келдік. Өзіңізге айтып едік қой, – дейді олар. Қонақ басын шайқап, қоштасып жолға шығады.

Қайтар жолында әлгі адам инабатты үй иелеріне бір әтешті алып келеді.

Бұл сіздерді таңды іздеуден құтқарады. Биік жерге қонақтатыңыздар. Оның бірінші шақырғаны – «таң әлі алыс» дегені, екінші шақырғаны – «таңның жақындағаны», ал үшінші шақырғанда таң өзі аулаға кіріп келе жатады. «Бұл құстың аты – Әтеш», – дейді жолаушы. Сөйтеді де әтешті жерге қоя береді, ол «ку-ка-ре-ку» деп шақырып жөнеледі. Алғашқыда қорыққанмен, бірте-бірте бойы үйреніп, үй иелеріне әтешті алып, алғысын айтады.

Аударған Шәкен Күмісбайұлы

Ертегіні тыңдап болған соң өз болжамының сәйкестігін тексереді. Уақытқа қатысты сөздерді түртіп алады.

«Білемін, білгім келеді, үйрендім» кестесінің екінші бағанын толтырады. Жұбымен ой бөлісіп, талқылайды.

«Идеал» стратегиясын топта талқылап толтырады

Кейіпкерлер қандай негізгі мәселені шешулері қажет?

Автор қандай маңызды ақпарап ұсынып отыр?

Мәселені шешуге тағы не көмектесе алады?

Мәселені шешудің үш негізгі тәсілі қандай?

Сіз таңдаған тәсілдердің ішіндегі ең жақсысы қайсы?

Сергіту сәті

Мұғалім айтып, қимылдарды көрсетеді.

Күз болды, жел тұрды,

Жел қатты тұрды.

Жаңбыр тырыс-тырс жауа бастады.

Жаңбыр қатты жауды.

Қайтадан жел тұрды,

Жаңбыр қойып, күн шықты.

Оқушыларға талқылауға қойылатын сұрақтар:

- Уақыт дегеніміз не?

- Таңертең нешеде тұру керек деп ойлайсыңдар?

- Тұрғаннан кейін не істеу керек?

- Таңертең жаттығу жасау керек пе, жоқ па?

- Күн тәртібін сақтаудың адам ағзасына ықпалы бар ма? 3.1.3.1 (Ж) Кейіпкерлері үлкен кісі мен бала болатындай диалог құра. Диалогке төмендегі сөздерді қолдан:

Қас қарайғанда, сағат, уақыт, күндердің күнінде, қараңғылық еңсере бастағанда, кешкі, қараңғы түн, таң.

Бағалау критерийі

- диалог барысында 3-тен кем емес тірек сөзді қолданады;

- диалогте бір бірінің сөздерін қостайды;

- диалог барысында сөйлеу мәдениетін сақтайды.Қызықты дерек. Дәрігерлердің пайымдауы бойынша, егер сабақ 8.30-да басталса онда сағат 7.00-де тұру керек екен. Сонда ғана біздің ағзамыз күні бойы дұрыс жұмыс істейді.

Қазақ дүниетанымындағы уақыт өлшем бірліктері: http://massaget.kz/layfstayl/alemtanu/Qazaqstanym/8379/

Топтар берілген сөз тіркестермен сөйлемдер құрады:

1-топ.Алғаш қар жауғанда, жер көктегенде.

2-топ. Күн төбеге келгенде, таң бозарып атқанда.

3-топ. Қансонарда, қырау түскенде.

4-топ. Шөп сарғайғанда, жыл құсы қайтқанда.

3.3.2.1 Үлгі негізінде өзіндік іс-әрекеті баяндалған күнделік жазу.

Күнделік дегеніміз не?

Күнделік – адамның алға қойған мақсаты, өзін толғандыратын мәселе туралы жазбаша ойтолғауы. Өзі жазған күнделігін адам қайталап оқу барысында бүгін не істеймін, кеше не істедім деген сұраққа жауап береді, эмоциясын басқаруды, өзінің қылығына, әрекетіне, мінез-құлқына есеп беруді үйренеді.

Күнделіктің түрлері: жеке күнделік, рефлексивті күнделік, оқырман күнделігі, оқушы күнделігі, өзіндік іс-әрекет баяндалған күнделік, электронды күнделік.

Жеке күнделік – адамның қоғамдағы, отбасындағы өсу барысындағы жеке әсерін сипаттайды.

Рефлексивті күнделік – белгілі бір тақырып бойынша адамның жетістікке жету деңгейін анықтауды болжайды.

Оқырман күнделігі – оқыған әдеби шығарма бойынша оның жанры, кейіпкерлері, әсері туралы пікірі.

Оқушы күнделігі – оқушының апталық сабақ кестесі мен күнделікті оқу үлгерімі көрсетілетін құжат.

Өзіндік іс-әрекет баяндалған күнделік – адамның күнделікті іс-әрекеті уақытымен көрсетілетін жазба түрі.

Электронды күнделік – ата-ананың оқушы баласының сабағына, үлгеріміне қатысы туралы ақпарат көрініс тапқан бағдарлама.

Жеке күнделік үлгісі:

Жазушы Әзілхан Нұршайықовтың жеке күнделігінен: «Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық – аздырар адам баласын» деген Абай сөзі рас екен. Мен қалада жүргенде анау-мынау ұсақ өлеңдер жаза беруші ем. Колхозға келгелі еш нәрсеге мойным жар бермейді».

Рефлексивті күнделік үлгісі:

Ұсынылған нұсқаның бірін таңдаңыз:

Аты-жөні

Оқу материалы мен үшін пайдалы?

Иә

Жоқ

Ішінара

Сабақ материалы маған түсінікті

Иә

Жоқ

Ішінара

Мен сабақтағы жұмысыма ризамын

Иә

Жоқ

Онша емес

Осы тақырып туралы қосымша білгім келе ме?

Иә

Жоқ

Қосымша сұрақтар

oмен бүгін... білдім

o…қиын болды

oмен…түсіндім

oмен…үйрендім

oмен…жасадым

o…екенін білу қызық болды

oмені…таң қалдырды

oмен… және т.б. жасағым келді.

Оқырман күнделігінің үлгісі:

Шығарма авторының аты-жөні

Шығарманың атауы

Шығарманың жазылу жылы

Шығарма жанры

Шығарманың қысқаша мазмұны

Шығарма туралы пікір

Өзіндік іс-әрекет баяндалған күнделік үлгілері:

№1 үлгі

Мен таңертең сағат 7.00-де тұрамын. Жуынып, таңертеңгі тамағымды ішемін. Сабақ сағат 8.00-де басталады. Сабақтан шығып, сағат 14.00-де үйге келемін. Бір сағат дем аламын. Сағат 15.00-ден 18.00-ге дейін ертеңгі сабағыма дайындаламын. Сағат 22.00-де ұйықтауға жатамын.

№2 үлгі

Мен таңертең сағат 6.30-да тұрамын. Беті-қолымды жуамын. Тісімді жақсылап тазалаймын. Таңғы асымды ішемін. Мектепке сағат 7.20-да автобусқа отырып барамын. Сабақтан сағат 13.30-да шығамын. Үйге жеткенше сағат 14.00 болады. Киімімді ауыстырып, түскі асымды ішемін. Үй шаруасына көмектесемін. Содан соң ертеңгі сабағыма дайындаламын. Сағат 22.00-де ұйқыға жатамын.

Алынған мәліметтерді ескеріп, ББҮ кестесінің соңғы үшінші бағанын толтыру.

(Т). Әр топ «Коллаж әңгіме» құрастыру тапсырмасы. Оқушыларға түрлі-түсті суреттер беріледі. Олар суреттерді қиып алып, флипчартқа жабыстырып өздерінің күн тәртібін әңгімелеп айтып береді.

Коллаж құрастыруға қойылатын талаптар:

1. Бүгінгі сабақтағы мәліметтерді пайдалану;

2. Суреттермен қоса, өз қолымен де сурет салуға болады;

3. Коллаж топтың ортақ ортақ ойын білдіруі керек;

4. Коллаж ұқыпты, таза және онда «Уақыт» тақырыбының мазмұнын ашуы керек.

Қосымша №1

Қосымша №2

Қосымша №3

Қосымша №4

Қосымша №5

Қорытынды бөлім

35-40 минут

5 минут

Рефлексия

Бағалау критерийлері

Бағалау критерийлері

Қолымнан келеді

Көмек

қажет етемін

Тақырып пен сурет бойынша мәтін мазмұнын болжай білемін

Сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатыса аламын

Үлгі негізінде өзіндік іс-әрекеті баяндалған күнделік жаза алады

Үйге тапсырма: Қазақ халқының уақыт өлшемдері мен атауларын түрлі дереккөздерден тауып, жазып келу

Қосымша ақпарат

Саралау

Бағалау – оқушылардың білімдерін қадағалауды қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланысдүниетану

  • Тапсырма көлемі бойынша саралау;
  • Деңгейлік тапсырмаларды орындату;
  • Бақылау негізінде қолдауды қажет ететін оқушыларды белгілеу
  • Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін оқылым тапсырмалары негізінде ұйымдастыру
  • Топтық, жұптық жұмыс барысында берілген мәтін, өлең мазмұны бойынша тұжырым жасай алуы, сыпайы жауап бере білуге бағалау

Топта бірі-бірі тыңдау, сыйлау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Рефлексия

Сабақ мақсатына жеттім бе?

Оқушылар не үйренді?

Ынтымақтастық атмосферасы орнады ма?

Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма?

Жоспарланған уақытты ұстандым ба?

Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен?

Қорытынды бағалау

Сабақтың ең ұтымды кезеңдері.

1:

2:

Сабақты жақсартуға септігін тигізген екі әдіс.

1:

2:

Келесі сабақты жоспарлауға септігін тигізетіндей осы сабақтан сыныптағы және жеке оқушылар жайлы не білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу