2.Қазақ тілі_3-сынып_3-бөлім_Уақыт_№1 сабақ_Уақыт туралы не білемін_Презентация


Қазақ тілі 3-сынып

3-бөлім: Уақыт

Сабақ тақырыбы:

Уақыт туралы не білемін?

(«Қазақ тілі» оқу жоспары. 2018-2019 оқу жылы. НЗМ ДББҰ)

Модератор: Жангазакова Ж.М:

Оқу мақсаты

- мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер/фото/диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау;

- түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі ;

- өзіндік іс-әрекеті баяндалған күнделік/өмірбаян жазу.

Бағалау критерийлері

- тақырып пен сурет бойынша мәтін мазмұнын болжай біледі;

- сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатыса алады;

- үлгі негізінде өзіндік іс-әрекеті баяндалған күнделік жаза алады

Күнделікті әрекет

Таңертең

Түсте

Кешке

«Ойлан жұптас талқыла» стратегиясы

Бірінші бағанды толтыру

«Таңды іздеу»

ертегісінің мазмұнын болжау

Сөздік жұмысы

«Күндердің күнінде», «қас қарайып», «қараңғылық еңсере бастағанда», «кешкі», «қараңғы түн», «таң».

Жұбымен ой бөлісу, талқылау

Екінші бағанды толтыру

Сергіту сәті

Күз болды, жел тұрды,

Жел қатты тұрды.

Жаңбыр тырыс-тырс жауа бастады.

Жаңбыр қатты жауды.

Қайтадан жел тұрды,

Жаңбыр қойып, күн шықты.

Талқылау сұрақтары:

- Уақыт дегеніміз не?

- Таңертең нешеде тұру керек деп ойлайсыңдар?

- Тұрғаннан кейін не істеу керек?

- Таңертең жаттығу жасау керек пе, жоқ па?

- Уақытты сақтау не үшін қажет?

- Күн тәртібін сақтаудың адам ағзасына ықпалы бар ма?

Қызықты дерек

Дәрігерлердің пайымдауы бойынша, егер сабақ 8.30-да басталса онда сағат 7.00-де тұру керек екен. Сонда ғана біздің ағзамыз күні бойы дұрыс жұмыс істейді.

Қазақ дүниетанымындағы уақыт өлшем бірліктері :

http://massaget.kz/layfstayl/alemtanu/Qazaqstanym/8379/

Үлкен кісі мен бала арасындағы диалогті құра

Диалогке төмендегі сөздерді қолдан:

Қас қарайғанда, сағат, уақыт, күндердің күнінде, қараңғылық еңсере бастағанда, кешкі, қараңғы түн, таң.

Бағалау критерийі

- диалог барысында 3-тен кем емес тірек сөзді қолданады;

- диалогте бір бірінің сөздерін қостайды;

- диалог барысында сөйлеу мәдениетін сақтайды

Берілген сөз тіркестермен сөйлемдер құрау

1-топ. Алғаш қар жауғанда, жер көктегенде.

2-топ. Күн төбеге келгенде, таң бозарып атқанда.

3-топ. Қансонарда, қырау түскенде.

4-топ. Шөп сарғайғанда, жыл құсы қайтқанда.

Күнделік

Күнделік – адамның алға қойған мақсаты, өзін толғандыратын мәселе туралы жазбаша ойтолғауы. Өзі жазған күнделігін адам қайталап оқу барысында бүгін не істеймін, кеше не істедім деген сұраққа жауап береді, эмоциясын басқаруды, өзінің қылығына, әрекетіне, мінез-құлқына есеп беруді үйренеді.

Күнделік түрлері

жеке күнделік, рефлексивті күнделік, оқырман күнделігі, оқушы күнделігі, өзіндік іс-әрекет баяндалған күнделік, электронды күнделік.

Үлгі негізінде өзіндік іс-әрекеті баяндалған күнделік жазу

№1 үлгі

Мен таңертең сағат 7.00-де тұрамын. Жуынып, таңертеңгі тамағымды ішемін. Сабақ сағат 8.00-де басталады. Сабақтан шығып, сағат 14.00-де үйге келемін. Бір сағат дем аламын. Сағат 15.00-ден 18.00-ге дейін ертеңгі сабағыма дайындаламын. Сағат 22.00-де ұйықтауға жатамын.

№2 үлгі

Мен таңертең сағат 6.30-да тұрамын. Беті-қолымы жуамын. Тісімді жақсылап тазалаймын. Таңғы асымды ішемін. Мектепке сағат 7.20-да автобусқа отырып барамын. Сабақтан сағат 13.30-да шығамын. Үйге жеткенше сағат 14.00 болады. Киімімді ауыстырып, түскі асымды ішемін. Үй шаруасына көмектесемін. Содан соң ертеңгі сабағыма дайындаламын. Сағат 22.00-де ұйқыға жатамын.

«Ойлан жұптас талқыла» стратегиясы

Үшінші бағанды толтыру

«Коллаж әңгіме» құрастыру

Коллаж құрастыруға қойылатын талаптар

1. Бүгінгі сабақтағы мәліметтерді пайдалану;

2. Суреттермен қоса, өз қолымен де сурет салуға болады;

3. Коллаж топтың ортақ ортақ ойын білдіруі керек;

4. Коллаж ұқыпты, таза және онда «Уақыт» тақырыбының мазмұынын ашуы керек.

Өзіндік рефлексия

Үй тапсырмасы

Қазақ халқының уақыт өлшемдері мен атауларын түрлі дереккөздерден тауып, жазып келу



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу