4.Қазақ тілі_3-сынып_3-бөлім_Уақыт_№1сабақ_Уақыт туралы не білемін_Әдістемелік нұсқаулық


Мұғалімге әдістемелік нұсқау

Бөлім: Уақыт

Сабақ тақырыбы: № 1 сабақ Уақыт туралы не білемін

Сабақ мақсаттары:

3.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер/фото/диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау;

3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап диалогке қатысу;

3.3.2.1 өзіндік іс-әрекеті баяндалған күнделік/өмірбаян жазу.

Тірек сөздер: күндердің күнінде; қас қарайып; қараңғылық еңсере бастағанда; таң;

Кешкі, қараңғы түн, уақыт, өлшем бірлігі, сағат

Ресурстар: жұмыс парақтары; рефлексияға арналған кесте; бейнежазба.

Қауіпсіздік және денсаулық сақтау

Сыныпта оқушылар ережелері еске түсіріледі. Сергіту сәті ұйымдастырылады.

Сабаққа қатысты теориялық материалдар

күнделік жазу туралы анықтамалық материал

Сабаққа қатысты ескертпелер

Сабаққа жағымды психологиялық ахуал, соның ішіне өзіне сенімділікті қалыптастыру үшін күнделікті үш мезгілде істейтін әрекеттерін жазу тапсырылады. Сонымен қатар жазғандарын стикерлерге жапсырып, үш мезгіл көрсетілген плакатқа жапсырады.

Оқушылар сабақтың белгілі бір кезеңдерінде «Ойлан жұптас талқыла» стратегиясына сәйкес «Білемін, білгім келеді, үйрендім» кестесін толтырып отырады.

Оқушыларға әтештің суреті көрсетіледі. Төмендегі екі сұрақ бойынша оқушылардың жауаптары тыңдалады.

- Қандай құстың суреті?

- Біздің сабағымызға қандай қатысы бар деп ойлайсыңдар?

- Уақыт туралы не білеміз?

Бірнеше оқушының жауабы тыңдалады.

Ықтимал жауаптар

Әтештің суреті.

Қораздың суреті.

Әтеш таңертең, кешке «Ку-ка-ре-ку» деп шақырады.

Мүмкін әтеш туралы айтамыз.

Мүмкін сабақта уақыт туралы айтамыз.

Мүмкін сабақта күні бойы не істегенімізді талдаймыз.

«Білемін, білгім келеді, үйрендім» кестесінің бірінші бағанын толтырады.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.

Болжам жасау

Сурет бойынша «Таңды іздеу» ертегісінің мазмұнын болжауды ұйымдастырады.

Мұғалім ертегіні мәнерлеп оқиды. Уақытқа қатысты сөздерге және құбылыстарға назар аудартылады: «күндердің күнінде», «қас қарайып», «қараңғылық еңсере бастағанда», «кешкі», «қараңғы түн», «таң». Сөздік жұмысы ұйымдастырылады. Қажет жағдайда мәтінді қайта оқиды.

Күндердің күнінде – белгісіз бір күні

Қас қарайып – қараңғылық түсе бастаған кешкі уақыт

Қараңғылық еңсере бастағанда – адамның қараңғылыққа көзі үйреніп, маңайындағы заттарды көре алатын түнгі уақыт

Кешкі - сағат 18 бен 21 аралығы

Қараңғы түн -  жарық жоқ, қараңғылыққа шомған, түнек.

Таң – сағат 4-тен асқан уақыт

Уақытқа қатысты сөздерді түртіп алу қажеттігі ескертіледі (күндердің күнінде, қас қарайып, қараңғылық еңсере бастағанда, кешкі, қараңғы түн, таң).

3.1.2.1 Ертегіні тыңдау «Таңды іздеу» Бразилия ертегісі

Ертегіні тыңдап болған соң өз болжамының сәйкестігін тексереді. Уақытқа қатысты сөздерді түртіп алады.

«Білемін, білгім келеді, үйрендім» кестесінің екінші бағанын толтырады. Жұбымен ой бөлісіп, талқылайды.

«Идеал» стратегиясын топта талқылап толтырады

Ықтимал жауаптары

Кейіпкерлер қандай негізгі мәселені шешулері қажет?

Таңның атқанын білу

Автор қандай маңызды ақпарат ұсынып отыр?

Таңның атқанын басқаша білуге болатынын

Мәселені шешуге тағы не көмектесе алады?

Келген қонақтың мәселеге бей-жай қарамауы, өз білгенімен бөлісуі

Мәселені шешудің үш негізгі тәсілі қандай?

1. Таңның атқанын әтештің көмегімен білуге болады

2. Кезекпен ұйықтамай таңның атқанын қарсы алады

3. Күн шықса таң атқанның белгісі

Сіздердің таңдаған тәсілдердің ішіндегі ең жақсысы қайсы?

Мысалы, бірінші жауап әтештің көмегімен таңның атқанын білу

Сергіту сәті. Бұл кезеңде мұғалім айтып тұрып, қимылдарды көрсетеді. Екі-үш рет қайталайды.

Іс-қимыл көрсеткен кезде партаның, орындықтың бұрышына соғылып қалмау керектігі ескертіледі.

Оқушыларға талқылауға қойылатын сұрақтар:

- Уақыт дегеніміз не?

- Таңертең нешеде тұру керек деп ойлайсыңдар?

- Тұрғаннан кейін не істеу керек?

- Таңертең жаттығу жасау керек пе, жоқ па?

- Уақытты сақтау не үшін қажет?

- Күн тәртібін сақтаудың адам ағзасына ықпалы бар ма?

Ықтимал жауаптар:

Уақыт деген көрсеткіш.

Уақыт деген сағат.

Уақыт деген бір нәрсені жасауға кететін уақыт.

Таңертең сағат 6-да тұру керек.

Таңертең сағат 7-де тұру керек.

Тұрған соң жуыну керек.

Тұрған соң жаттығу жасау керек.

Уақытты сақтау жоспарланған әрекеттерді жасап үлгеру үшін.

Күн тәртібін сақтамаса адамның ұйқысы қанбай қалады?

Қызықты дерекпен оқушыларды мұғалім таныстырады.

Талқылау сұрақтары арқылы оқушылардың уақыт туралы түсініктері пысықталады, мұғалім оқушыларды уақытты бағалауға баулиды.

3.1.3.1 (Ж) Кейіпкерлері үлкен кісі мен бала болатындай диалог құрады. Диалогке төмендегі сөздерді қолданады:

Қас қарайғанда, сағат, уақыт, күндердің күнінде, қараңғылық еңсере бастағанда, кешкі, қараңғы түн, таң.

Бұл тапсырма жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап диалогке қатысу мақсатында беріледі.

Ықтимал жауаптар:

- Сәлеметсіз бе, әже!

- Амансың ба, балам!

- Қайда бара жатырсын балам?

- Дүкенге бара жатырмын әже, сізге не ала келейін?

- Бүгін демалыс қой дүкен жұмыс істей ме?

- Бүгін кешкі сағат 18.00-ге дейін жұмыс істейді.

- Менің немереме қас қарайғанға дейін үйге келсін деп айта салшы.

- Жақсы, әже, айтайын. Сау болыңыз.

- Сау бол, өркенің өссін балам.

Диалогті бағалау критерийі беріледі (топта жұптар бірін-бірі тыңдап бағалауға болады).

- диалог барысында 3-тен кем емес тірек сөзді қолданады;

- диалогте бір бірінің сөздерін қостайды;

- диалог барысында сөйлеу мәдениетін сақтайды.

Тапсырманы орындап болған соң, бағалау критерийлеріне сәйкестігі тексеріледі.

Мұғалім оқушыларға қызықты деректі ауызша айтып кетеді.

Қазақ дүниетанымындағы уақыт өлшем бірліктерімен таныстыру мақсатында оқушыларға бейнежазба көрсетіледі.

Бейнежазба арқылы оқушылар қазақтың дүниетанымындағы уақыт өлшем бірліктерімен танысады.

4 топқа сөз тіркестер беріледі, топтағы оқушылар сөйлемдер құрады.

Ықтимал жауаптар: Қараша айында алғашқы қар жауады. Жер көктегенде бәйшешек ерекше көрінеді. Күн төбеге келгенде Серік ыстықтай бастады. Таң бозарып атқанда Әсет атына отырып жолға шықты. Қансонарда аңшылар аң аулауға шығады. Жазда аяқ астынанкүн суытып кырау түскенде гүлдердін кейбіреуі солып қалды. Шөп сарғайғанда рақаттанып жалаңаяқ жүгіре алмайсың. Жыл құсы қайтқанда адамдар күннің суытуын күтеді.

Сабақтың теориялық материалы беріледі. Күнделік, оның түрлері мен үлгілері көрсетіледі.

Оқушыларға күнделік дегеніміз не деген сұрақ қойлады. Оқушылардың жауаптары тыңдалған соң мұғалім күнделіктін түсінігін береді. Күнделік – адамның алға қойған мақсаты, өзін толғандыратын мәселе туралы жазбаша ойтолғауы. Өзі жазған күнделігін адам қайталап оқу барысында бүгін не істеймін, кеше не істедім деген сұраққа жауап береді, эмоциясын басқаруды, өзінің қылығына, әрекетіне, мінез-құлқына есеп беруді үйренеді.

Сонымен қатар, күнделіктің бірнеше түрлері болатыны туралы айтылады. Күнделіктің түрлері: жеке күнделік, рефлексивті күнделік, оқырман күнделігі, оқушы күнделігі, өзіндік іс-әрекет баяндалған күнделік, электронды күнделік.

3.3.2.1 (Ө) Уақыт бірліктерін қолдана отырып, өзіндік іс-әрекет баяндалған күнделік жазу тапсырмасында мұғалім оқушыларға өзіндік-іс әрекет баяндалатын 2 түрлі үлгіні көрсетеді. Сол үлгіге сәйкес ықтимал жауаптарды ұсынады және оқушыларға өз бетімен жұмыс істеуге тапсырма береді. «Білемін, білгім келеді, үйрендім» кестесінің үшінші бағанын толтырады.

Сабақ бойынша рефлексия (кері байланыс)

Оқушыларға кері байланыс алу үшін мына кестені таратып беруге болады. Оқушылар кестені толтыру арқылы сабақтың ұнаған және қиналған тұстарына, тағы да нені меңгергісі келетіні туралы пікірлерін жаздыртуға болады.

Бағалау критерийлері

Қолымнан келеді

Көмек

қажет етемін

Тақырып пен сурет бойынша мәтін мазмұнын болжай білемін

Сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатыса аламын

Үлгі негізінде өзіндік іс-әрекеті баяндалған күнделік жаза алады

Мұғалім кестемен танысқан соң, оқушылардың «Көмек қажет етемін» бағанын толтырылғаны сәйкес келесі сабақта қайталауды қажет ететін материалды ескеруі қажет.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу