Қазақ тілі_3-сынып_1-бөлім_Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен__№32-сабақ.Сөйлеу мәдениетіне үйренемін_ҚМЖ


Қысқа мерзімді жоспар

Пән Қазақ тілі

Бөлімі Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Тақырыбы 32-сабақ.

Сөйлеу мәдениетіне үйренемін.

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 3

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Оқу мақсаты:

3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, тілдік нормаларды сақтап сөйлеу;

3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету;

3.​3.​6.​1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету.

 Сабақтың

 мақсаты:

Барлық оқушылар:

-сұхбаттасын тыңдап, оның айтқанын түсінеді;

-мұғалімнің қолдауымен жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді;

-үлкен жазу жол дәптерінде бас әріп пен кіші әріп биіктігін және көлемін бағдарлап үйренеді.

Оқушылардың көбі:

-диалогке белсенді қатысады;

-жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді үлгі/талдау негізінде тауып, түзетеді;

-кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі орта темппен жазады.

Оқушылардың кейбірі:

-диалогте рөлдерді (тыңдаушы, сөйлеуші) еркін алмастыра алады;

-жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді;

-кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі шапшаң жазады.

 Бағалау критерийлері

Өз ойын жүйелей отырып, диалогке қатысады;

Тілдік нормаларды сақтап сөйлейді;

Жазу барысында каллиграфиялық нормаларды сақтап жазады;

Мәтіндегі орфографиялық және грамматикалық қателерді түзетіп жазады.

Тірек сөздер

Пәндік терминология мен тірек сөздер

Сөйлеу мәдениеті, әдептілік,қоғамдық көлікте өзін ұстау ережесі.

Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл:

Талқылау үшін сұрақтар:

Балалардың қайсысы әдептілік ережесін бұзды?

Олар не туралы сөйлесуі мүмкін?

 Құндылықтар

Әдептілікке, ізеттіліке, тәртіпті болуға баулу.

 Пәнаралық байланыс

Әдебиеттік оқу, дүниетану пәнімен байланыс көрініс табады.

 АКТ қолдану дағдылары

Алдыңғы меңгерілген білім

Әдепті сөздер, э,ф,в,ч,ц,щ,х,һ дыбыстары

Сабақ барыс

Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланғаніс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

3 минут

І.(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі.

Біз әдепті баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Үлкендерге жол беріп,

Біз ақылды боламыз.

Үлкенге де «сіз»,Кішіге де «сіз»,Барша адамды құрметтеп,Иілеміз біз.

ІІ. Түстер ассоцациясы. Оқушыларды түстер бойынша топқа бөлу. Оқушылар қызыл, жысыл, сары, ақ түстер бойынша бөлінеді.

ІІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.

Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттары таныстырылады. Оқушыларға бағалау критерийі айтылады.

Сабақтың ортасы

32 минут

10 минут

10 минут

2 минут

10 минут

(Т)ІҮ.3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету;

3.​3.​6.​1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету.

Мұғалім топтағы оқушыларға қате жазылған бірнеше сөздері бар кестені тастайды. Оқушылар бірлесе отырып, сөздердегі қатені тауып, түзетеді. Түзетілген сөздерді өз тобының бағанына жазады. Түзетілген жұмыстарын келесі топтағы оқушыларға береді. Осылайша оқушылар бір-бірінің жұмыстарын тексереді. Ең соңында өз жұмыстары қайтып келеді.

Қызыл

Жасыл

Сары

Ақ

електр

афтобус

вакзал

фудбол

ашщы

жихаз

делфин

Мұғалім топқа дұрыс нұсқасын береді. Оқушылар жұмыстарын қайта тексереді. Нәтижесін қорытындылайды. Мысалы, жеті сөздің 3-еуі қате болды. «Жасыл» тобы екі қатені дұрыс түзеткен. Оқушылар қатесіз жазылған сөздерді жұмыс дәптерлеріне көшіріп алады. Қабілеті жоғары оқушылар э,ф,в,ч,ц,щ,х,һ дыбыстары бар сөздерді өз беттерімен ойлап жазады.

Дескриптор:

- орфографиялық қателерді анықтап, түзетеді;

- қатесіз, сауатты көшіріп жазады;

- бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап жазады;

- әріптерді көлбеу салады, үзбей жазады

- сөздерді қатесіз, сауатты көшіреді.

Ү.Оқулықпен жұмыс жүргізіледі. 51-жаттығу орындалады. Оқушылар назарын суретке аударады. Екі суретті салыстыра отырып, ұқсастығы мен айырмашылығын табады. Тапсырма Венн диаграммасы арқылы жүргізіледі. Оқушылар өз ойларын «Ашық микрофон» әдісі арқылы айтады.

- Балалардың қайсысы әдептілік ережесін бұзды?

- Неліктен олай ойлайсың?

- Қай бала жол жүру ережесін бұзды?

- Неліктен олай ойлайсың?

(Т)ҮІ. Диалог құрастыру. Оқушылар сурет бойынша диалог құрастырады. Әр топ екі суреттің бірін таңдайды.

- Бұл оқиға қай жерде болды?

- Ұл бала не істеді?

- Олар не туралы сөйлесуі мүмкін?

Берілген сөйлемдерді қолдануға болады?

1-сурет бойынша

  • Өтіп кетуге бола ма?
  • Былай тұрыңызшы!
  • Өтінемін, жол беріңізші!
  • Өтінемін, өтіп кетуге бола ма?

2-сурет бойынша

  • Менің шығуым керек.
  • Өтіп кетуге бола ма?
  • Келесі аялдамадан түсесіз бе?
  • Өтінемін, өтіп кетуге бола ма?

Оқушыларға уақыт беріледі. Содан соң ортаға шығып құрған диалогтарын айтады. Оқушылар топтар жұмысын "Сұқ саусақ" белгісі арқылы бағалап отырады.

Қабілетті оқушылар іс-қимыл әрекет арқылы дауыс ырғағын келтіре отырып айтып береді.

Дескриптор:

- тақырыпқа сәйкес диалог құрастырады;

- сұхбаттасына сұрақ қояды;

- сұхбаттасының сұрағына жауап береді;

- өз ойын жүйелі жеткізеді;

- сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды.

(Ұ)ҮІІІ. Сергіту сәті. Оқушылардан « Кімге, неге рақмет айтамыз?» сұрағына жауап алынады.Мұғалім бірінші жолды айтады, оқушылар өз сөздерімен жалғастырады.

Анаға – өмір сыйлағаны үшін,

Әкеге – қорған болғаны үшін,

Далаға – гүлдері мен көк шалғыны үшін,

Күнге – жылуы үшін,

Жұлдызға – қараңғы түндегі жарығы үшін,

Досқа –көмек бергені үшін,

Әжеге – ыстық алақаны үшін,

Суға – тіршілік көзі болғаны үшін,

Мектепке – білім бергені үшін.

(Т)ҮІІ. Топқа төрт түрлі хат үлгісі беріледі: жабықхат, ашықхат, жеделхат, смс хабарлама.

Тапсырма берілген ресурстарды пайдалану нұсқалығын ескере отырып, қоғамдық көлікте өздерін қалай ұстау керектігі жөнінде екі-үш ереже құрастырып жазады. Топта ортаға шығып қорғайды.

Қосымша

№1

Слайд

Оқулық

Қосымша №2

https://s9.postimg.cc/3vgz5673j/g

http://filinfo.ru/images/photo/20942

http://lfly.ru/wp-content/uploads/2017/03

https://prostor-sms.ru/970964_16-18307591

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия

Мұғалім оқушыларға төмендегідей сұрақтар қояды. Оқушылар сұрақтарға ауызша жауап береді.

- Сіз өзіңіз үшін жаңа не білдіңіз?

- Сіз үшін не жеңіл болды?

- Сізге қай жерде көмек қажет болды?

- Сіздің қандай да бір сұрағыңыз бар ма?

Үй тапсырмасына 54-жаттығу беріледі. Оқушылар сөздерді қатесіз көшіру қажет және осы сөздерді қатыстырып кез келген тақырыпта диалог құрастыру қажет.

Қосымша ақпарат

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Мұғалім қолданған материалдар мен әдіс-тәсілдер сыныптағы оқушылар қабілетін ескеру мақсатында пайдаланылды.

Қабілеті жоғары оқушылар әріптерге байланысты сөздер ойлап табады. Тақырып бойынша диалог құрастыруда рөлге қатыса отырып айтып береді.

Оқу мақсаты бойынша алған білімді бағалау қалыптастырушы бағалау арқылы жүргізіледі. Оқушылар тапсырманы жеке, топпен орындайды. Материалды меңгеру деңгейі сұрақ-жауап әдісі арқылы бағаланады.

Сергіту сәті өткізіледі.

Жазу кезінде, жолда жүру, қоғамдық орындарда жүргенде қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігі ескертіледі.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу