1.Қазақ тілі_3-сынып_1-бөлім_Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен__№31-сабақ.Х,һ дыбысы._ҚМЖ


Қысқа мерзімді жоспар

Пән Қазақ тілі

Бөлімі Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Тақырыбы 31-сабақ.Х, һ дыбыстары

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 3

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Оқу мақсаты:

3.​3.​6.​1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету;

3.​4.​1.​4 х, һ әріптері бар сөздерді ажыратып жазу.

3.1.6.1 интонацияны, вербалды емес тілдік құралдарды (қимыл, ым-ишара), қаратпа сөздерді қолдана отырып, тақырыпқа тыңдарманның назарын аударту.

 Сабақтың

 мақсаты:

Барлық оқушылар:

-үлкен жазу жол дәптерінде бас әріп пен кіші әріп биіктігін және көлемін бағдарлап үйренеді;

-құрамында х, Һ әріптері бар сөзді орфоэпиялық нормаға сай айтып, үлгі негізінде есте сақтап жазады;

-тыңдаушының назарын аудартуға ықпал ететін техникалар (қимыл, дауыс ырғағы, екпін) мен қаратпа сөздерді үлгі негізінде қолдана алады.

Оқушылардың көбі:

-кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі орта темппен жазады;

-құрамында х, Һ әріптері бар сөзді орфоэпиялық нормаға сай айтып, сөз құрамында дыбыстарды ажыратып, сөздерді сауатты жазады;

- тыңдаушының назарын аудартуға ықпал ететін техникалар (қимыл, дауыс ырғағы, екпін) мен қаратпа сөздерді қолдана алады.

Оқушылардың кейбірі:

-кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі шапшаң жазады;

-сөзді орфоэпиялық нормаға сай айтып, сөз құрамында дыбыстарды ажыратып, сауатты жазады;

- тыңдаушының назарын аудартуға ықпал ететін техникалар (қимыл, дауыс ырғағы, екпін) мен қаратпа сөздерді еркін қолдана алады.

 Бағалау критерийлері

х, һ әріптері бар сөздерді ажыратып жазады

Жазу барысында каллиграфиялық нормаларды сақтап жазады

Біреудің назарын аудару үшін қаратпа сөздерді қолданады

Тірек сөздер

Пәндік терминология мен тірек сөздер

Қатаң дауыссыз дыбыс, басқа тілден енген сөздер.

Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл:

Талқылау үшін сұрақтар:

-Шоқан Уәлиханов туралы не білесің?

-Кітапханадан кітапты қандай жолмен табасың?

 Құндылықтар

Ұлы тұлғаларды дәріптеу,шығармашылыққа баулу.

 Пәнаралық байланыс

Әдебиеттік оқу, дүниетану пәнімен байланыс көрініс табады.

 АКТ қолдану дағдылары

Алдыңғы меңгерілген білім

Сөйлемдегі сөздердің бір-бірімен байланысы. Қаратпа сөз, э, в, ф, ч, щ дыбысы.

Сабақ барыс

Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланғаніс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

7 минут

7 минут

(Т)І.Ұйымдастыру кезеңі. Үстел үстінде бірнеше әріптер жатады. Оқушылар қатаң, ұяң, үнді дауыссыз дыбыстары және дауысты дыбыстар таңбаланған әріптерді таңдау бойынша төрт топқа бөлінеді. Әр топқа суретті мозайкалар беріледі. Оқушылар мозайкадан шыққан бейненің берілген қай сөздің мағынасына сәйкес келетіндігін және неліктен олай ойлайтындықтарын айтады.

Сөздер тақтада жазылулы тұрады: хикая, саяхатшы, жиһангез, қаһарман.

ІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.

Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттары таныстырылады. Оқушыларға бағалау критерийі айтылады.

Слайд

http://pngimg.com/uploads/bulb/bulb https://simkl.in/fanart/64/646554dd937b1a13

http://www.stihi.ru/pics/2010/

https://erketai.org/wp-content/uploads

http://sb

Сабақтың ортасы

28 минут

5 минут

5 минут

7 минут

1 минут

10 минут

ІІІ. )Үй тапсырмасын тексеру. Үй тапсырмасы берілген сөздерді көшіріп, мағынасын табу болатын. Мұғалім сөздердің мағынасының орнын ауыстырп айтады. Оқушылар «иә», «жоқ, ол-...» деп жауап береді. Оқушылар балмұздақ таяқшалары арқылы жауап береді.

Жаһан –ер, батыр (жоқ,ол –жер жүзі, барлық әлем );

Хоккей-мұзайдында ойналатын ойын (иә);

Ханталапай – қазақтың ұлттық тағамы (жоқ, ол –ұлттық асық ойыны);

Қаһарман – ел, жұрт (жоқ, ол- ер, батыр адам);

Мархабат –жақсылық, қайырымдылық (иә).

46-жаттығуды оқушылар кезекпен оқып шығып, қандай мекеме екенін айтады: асхана, емхана, аурухана, кітапхана, дәмхана,дәріхана, шеберхана.

- Һ қандай дыбыс?

-Х қандай дыбыс?

-Ұқсастығы неде?

-Айырмашылығы неде?

ІҮ.(Т).Оқулықпен жұмыс жүргізіледі. Оқушылар өлеңді мәнерлеп оқиды. Мағынасы қиын сөздерді сөздіктен қарайды. Бұл тапсырма «Кластер» әдісі бойынша жүргізіледі.

-Өлең кім туралы?

-Шоқан Уәлиханов туралы не білесіңдер? (ғалым, саяхатшы, жиһангез, суретші, жазушы. Шын есімі Мұхамед Қанафия

-Берілген тірек сөздерден қай сөз сәйкес келеді?

-Саяхатшы, жиһангездің мақсаты не?

Ү.(Ж;Т) 3.​3.​6.​1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету.

3.​4.​1.​4 х, һ әріптері бар сөздерді ажыратып жазу.

Оқушылар алдымен оқулықта берілген мақалды оқиды. Жұмыс дәптеріне әдемі әрі қатесіз көшіріп жазады. Оқушылардың бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып көлбеу және таза жазуы қадағаланып, бағыт беріледі. Мағынасын түсіну үшін алдымен сөздердің бір-бірімен байланысын табады.

Халықтың ортақ үйі –Отаны.

Қаһарлы ел қамал бұзады.

«Автордың орындығы» әдісі бойынша оқушылар мақалдың мағынасын айтады..

Қабілеті жоғары оқушылар сөздерді сөз құрамына талдайды.

Дескриптор:

-бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап жазады;

- әріптерді көлбеу салады, үзбей жазады;

- мақалдарды қатесіз, сауатты көшіреді;

-х әрпін ажыратады;

-һ әрпін ажыратады.

ҮІ. (Ұ) Сергіту сәті. Оқушылар тақпақтап қимыл жаттығуларын жасайды.

Еркiн ұста денеңдi,

Тарсылдатпай едендi.

Орнымыздан тұрып ап

Жүгiрейiк бiр уақ.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Аяқты алға созайық

Тiк көтерiп, қозғайық.

Тым сылбыр да болмайық

Алға қарай озбайық.

Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.

Ү.(Т) 3.1.6.1 интонацияны, вербалды емес тілдік құралдарды (қимыл, ым-ишара), қаратпа сөздерді қолдана отырып, тақырыпқа тыңдарманның назарын аударту.

Төрт топқа тапсырмалар беріледі. Тақырып.Кітапхана.

1-топ. Кітапханалар қай жерде орналасады?

2-топ. Оқушыларға қандай кітап оқыған тиімді?

3-топ.Қажет кітапты қалай табасың?

4-топ. Кітап авторларының көрсеткішін пайдаланасың ба?

ҮІ.(Т)Қаратпа сөздерді қолданып, «Кітапхана» тақырыбы бойынша жарнама құрастырады. «Галереяға саяхат» әдісі бойынша жүргізіледі.

«Галереяны шарлау» стратегиясы бойынша рефлексия жасайды. Басқа топтың жұмыстарын оқиды. Оқушылар стикерлерге өз көзқарастарын жазып, жабыстырады.

Дескриптор:

- сурет бойынша жарнама құрастырады;

- каратпа сөздерді орынды қолданады.

Оқулық

Слайд

Фломастер, түрлі маркерлер, қатырма қағаз

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия.«Екі тілек, бір ұсыныс» стратегиясы арқылы бір-бірінің жұмысын бағалайды. Орындаған жұмыстарының екі жақсы жағы мен бір кемшілігіне ұсыныс білдіру арқылы өз іс-әрекеттеріне кері байланыс жасайды.

Үй тапсырмасы берілген тақырыптардың біреуіне қаратпа сөзді қатыстырып, диалог құрастырып келу.

  • Асханада.
  • Ауруханада
  • Дәріханада

Қосымша ақпарат

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Мұғалім қолданған материалдар мен әдіс-тәсілдер сыныптағы оқушылар қабілетін ескеру мақсатында пайдаланылды.

Қабілеті жоғары оқушылар сөйлемдегі сөздерді сөз құрамына талдайды. Шоқан Уәлиханов өміріне қатысты деректерден х,һ әріптері бар сөздерді табады.

Оқу мақсаты бойынша алған білімді бағалау қалыптастырушы бағалау арқылы жүргізіледі. Оқушылар тапсырманы жеке, топпен орындайды. Материалды меңгеру деңгейі өзара тексеру және екі жұлдыз, бір тілек арқылы бағаланады.

Сергіту сәті өткізіледі.

Жазу кезінде, қимыл жаттығуларды көрсету кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігі ескертіледі.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу