4.Қазақ тілі_3-сынып_1-бөлім_Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен__№30сабақ._Х,һ дыбысы_Әдістемелік нұсқаулық


Әдістемелік нұсқаулық

Сабақ №30. 1-бөлім.Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.

Сабақ тақырыбы Х, һ дыбысы

Оқу мақсаттары

3.​1.​1.​1 тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру;

3.​3.​6.​1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету;

3.​4.​1.​4 х, һ әріптері бар сөздерді ажыратып жазу.

Бағалау критерийлері

•Мәтінге қатысты тірек сөздерді анықтайды;

•Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді;

• х, һ әріптері бар сөздерді ажыратып жазады;

•Жазу барысында каллиграфиялық нормаларды сақтап жазады.

Құндылықтар Ізеттілікке баулу, ер адамды құрметтеуге баулу, ұлттық салт-дәстүрді жаңғырту.

Пәнаралық байланыс. Әдебиеттік оқу, дүниетану.

Ресурстар кесте, суреттер, маркер, түрлі түсті қарындаштар, жұмыс дәптері.

Сабақ барысы

1 (Ж)І.Ұйымдастыру кезеңі. Өткен сабақты қайталау мақсатында суретті диктант жүргізіледі. Мұғалім үнсіз суретті көрсетеді, оқушылар заттың атауын жазады. Оқушылар бейнеленген суретті сөздермен жаза білулері тиіс.Суреттер экраннан көсетіліп тұрады. Бұл диктантты үнсіз диктант деп те атайды.

Э

Ф

В

Ц

Щ

Ч

Диктант аяқталған соң, оқушылар жазған сөздерін тақтадан тексереді. Дұрыс сөздің жоғары жағына жай қарындашпен «+» таңбасын, қате болса, «-» таңбасын қояды. Қорытындысында басқа тілден енген сөздердің жазылуын еске сақтап жүру қажеттігі ескертіледі. Диктант нәтижесі "Сұқ саусақ" белгісі арқылы бағаланады. Мұғалім бірде-бір қате жоқ десе, бас бармағын жоғары көрсетеді. 1-3 қате болса, бас бармақ көлденең көрсетіледі. 4- одан көп қате болса, мұғалім бас бармағын төмен көрсетеді.

Оқушылар өз таңдауы бойынша бір сөзге дыбыстық талдау жасайды.

Қабілеті жоғары оқушылар белгіленген уақыт ішінде екі сөзді қатыстырып, бір сөйлем ойлайды. Үлгі Экскаватор электр жарығымен жер қазды. Туфли киген қыз микрофон алды. Көшеде автобус және велосипед жүретін жолдар бар. Ағам мотоциклмен барып, циркуль сатып әкелді. Апам щеткамен плащын тазалады.Чемпион балаға чек берді.

ІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.

Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттары таныстырылады. Оқушыларға бағалау критерийі айтылады.

(Ж) ІІІ. 3.​3.​6.​1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету;

1.Оқушылардың назарын суретті сөзжұмбаққа аудартамын.

-Екінші суретте қандай әріп болуы мүмкін?(Жауабы:һ)

-Бірінші суретте «+» таңбасы болса, екінші суретте қандай әріп болады деп ойлайсыңдар? (Жауабы:х)

- Оқушылар, х дыбысы туралы не білеміз?

- Оқушылар, һ дыбысы туралы не білеміз?

- Неліктен х, һ дыбыстары дауыссыз дыбыстар түріне жатады?

- Дауыссыз дыбыстардың қай түріне жатады?

- х дыбысы сөз ішінде қай жерде кездеседі?

- һ дыбысы сөз ішінде қай жерде кездеседі?

Х - дауыссыз дыбыс.Себебі бұл дыбысты айтқанда өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында түрлі кедергілерге ұшырап, ауа қысылып шығады.Үннің қатысына қарай-қатаң дауыссыз дыбыс.Себебі, ол тек қана салдырдан тұрады. Айтылу тәсіліне қарай-ызың дауыссыз дыбыс. Себебі, бұл дыбысты айтқанда, дыбыстау мүшелері бір-біріне жуысып,ауа сүзіліп шығады.Жасалу орнына қарай тіл арты дауыссыз дыбыс.

Һ-дауыссыз дыбыс.Себебі бұл дыбысты айтқанда өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында түрлі кедергілерге ұшырап,ауа қысылып шығады.Үннің қатысына қарай-қатаң дауыссыз дыбыс.Себебі, ол тек қана салдырдан тұрады. Айтылу тәсіліне қарай-ызың дауыссыз дыбыс. Себебі, бұл дыбыстыайтқанда, дыбыстау мүшелері бір-біріне жуысып,ауа сүзіліп шығады.Жасалу орнына қарай тіл арты дауыссыз дыбыс.

Қ- дауыссыз дыбыс.Себебі бұл дыбысты айтқанда өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында түрлі кедергілерге ұшырап,ауа қысылып шығады.Үн мен салдырдың қатысына қарай-қатаң дауыссыз дыбыс.Себебі, ол тек қана салдырдан тұрады.Айтылу тәсіліне қарай-шұғыл дауыссыз дыбыс. Себебі, бұл дыбысты айтқанда, дыбыстау мүшелері бір-біріне қатты соқтығысып, ауа кілт үзіліп, шұғыл шығады.Жасалу орнына қарай тіл арты дауыссыз дыбысы.

2.(Ж).Оқушылар оқулықтағы 43-жаттығуды орындайды. Кестеде берілген сөздерді іштей оқиды. қ, х, һ дыбыстарының айтылуын өзара салыстырады. Сөздерді салыстыру кезінде байқағандарын айтып, ой қорыту жасайды. Ой қорытуларын оқулықта берілген ақпаратпен салыстырады.

3.Оқушылар жұмыс дәптерлеріне Х, һ әрпі бар сөздерді көшіріп жазады. Мұғалім х мен һ дыбыстарының келесі әріппен байланысуын еске түсіреді. Тақтаға жазып көрсетеді. Бұл тарсыпма оқушылардың жұмыс дәптерлерін жинап алған кезде тексеріледі.

Қабілеті жоғары оқушылар сөздіктен хикая, жиһангер сөздерінің мағыналарын табады.

Хикая – болған іс, бастан кешкен жағдай, оқиға.

Жиһангер – жер жүзін кезуші, аралаушы.

Дескриптор:

- сөздерді қатесіз, сауатты көшіреді;

- бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап жазады;

- әріптерді көлбеу салады, үзбей жазады.

ІҮ.Сергіту сәті. Оқушылар 1,2,3,4 деп санай отырып, топқа бөлінеді.Олар кез

келген затпен (тек оқу құралдары емес), қимылмен т.б Х немесе һ әрпін бейнелеп көрсетулері тиіс (Үлгі: аяқтарын айқастыру, өздері айқастыра қатарға тұрып көрсету, орындық т.б.). Әр топ бір үлгі ғана ұсына алады. Сәтті шыққан топ мадақталады.

Ү.Оқушылар тақтадан сөз ішінде х мен һ дыбыстары бар сөздерді оқиды. Сөздердің айтылу мен жазылу ерекшелігіне мән береді. Оқушылар алдымен хормен оқиды. Содан соң жеке оқиды.

хабар саяхат хан қаһарман

хабарландыру халық ханзада жиһаз

хабарласу хор ханшайым гауһар

(Т)ҮІ. 3.​1.​1.​1 тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру;

1.Оқушылар оқулықта берілген 44-жаттығуды орындайды. Алдымен, мәтінді түсініп тыңдайды. Мәтінді үнтаспадан тыңдайды.Мәтін үнтеаспадан 3 рет оқылады. Содан соң мәтін бойынша сұрақтар қойылады.

- Ізет сөзінің синонимі қандай? (әдеп, сыпайылық, кішіпейілділік)

-Неліктен мәтін «Ізет» деп аталған?

-Мәтінде қандай кейіпкерлер бар?

2. Топқа карточка беріледі. Оқушылар бірігіп отырып, сұрақтарға жауап береді.

- Әжей кімге жол берді? Белгіле ().

- Әже ол адамға жол беруінің себебін қалай түсіндіреді?

- Мәтіннен қандай ой түйдің?

Содан соң мәтіннен қаратпа сөздерді табу тапсырылады.

«Ашық микрофон» әдісі бойынша оқушылар өз пікірлерін қорғайды.

Қабілеті жоғары оқушылар мәтін мазмұны бойынша ашық және жабық сұрақтар құрайды.

Қазақтың салт-дәстүрі бойынша ер адамдарды жоғары бағаланады. Алдынан үлкен әйел адам болса да кесіп өтпейді.

Дескриптор:

мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді;

-мәтіннің мазмұнына қатысты ойын айтады.

(Ө,Т)ҮІІ. 3.3.5.1 Х, һ әріптері бар сөздерді ажыратып жазу.

Тапсырма беріледі. Көп нүктенің орнына х және һ әріптерін қою қажет. Оқушылар алдымен жеке орындайды. Содан соң топ ішіндегі оқушылармен өзара бір-бірін тексереді. Жіберілген қателерді мұғалімнің көмегін талдай отырып түзетеді. Оқушыларға бұл сөздердің жазылуын еске сақтау қажеттігі ескертіледі.Мұғалім оқушылар тапсырманы орындау барысында қадағалап, тексеріп жүреді.

кітап...ана

Гау...ар

қа...рман

ша...ар

сая...ат

ауру...ана

дәрі...ана

...абар

...ан

жи...аз

...ор

айда...ар

Дескриптор:

-х әрпі бар сөздерді ажыратады;

-һ әрпі бар сөздерді ажыратады.

Сабақ соңында рефлексия жүргізіледі. Сабақты қорытындылауда өзін-өзі бағалау кестесі қолданылады.

Бағалау критерийі

Иә

Көмек қажет

Жоқ

Сөздерді қатесіз көшіре аламын;

Әдемі жаза аламын;

Сұрақтарға жауап бере аламын;

Х әрпі бар сөздерді жаза аламын;

һ әрпі бар сөздерді жаза аламын;

Үй тапсырмасы 45-жаттығу. Сөздерді көшіру. Сөздердің мағынасын сөздіктен қарау. Қалаған сөзге сөйлем ойлау. 46-жаттығу. Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойып, жаңа сөздер жасау

Қосымша әдебиеттер

  • 2018-2019 оқу жылында қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хат.Астана.2018.
  • Қазақ тілі. Оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында). Бастауыш білім беру (2-4 сыныптар)
  • «Назарбаев Зияткерлік Мектептері »ДББҰ. Қазақ тілі.Оқу жоспары.2018-2019 оқу жылы. 3-сынып.
  • С.Рахметова. Қазақ тілін оқыту әдістемесі.
  • «Қазақ тілі» оқулығы 3-сынып. Жұмабаева Ә.Е., Алматы «Атамұра», 2018 ж
  • «Қазақ тілі» оқулық-тест.2007,
  • Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер. Әдістемелік кітапша
  • Балдырған журналы


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу