Қазақ тілі_2-сынып_3-бөлім Менің мектебім_Менің сүйікті кітабым _Дидактика
Оқылым тапсырмасы.
1) Кітап адам өмірінде аса маңызды роль атқарады. Кейіпкерлер бізді мейірімді, ақылды болуға үйретеді. Жақсы кітап адамды тәрбиелейді, себебі кітап - сенің досың. Әр бетін түсініп оқу керек, себебі сен көп жаңа ақпаратпен танысасың.
2) Бірде анам маған базардан кітап сатып әперді. Сол кезде мен қатты қуандым. Себебі, кітаптың ішінде мақалдар, ертегілер, жұмбақтар, жаңылтпаштар бар екен. Кітаптың аты: «Жаңа заман ертегілері». Осы кітап менің білімімді арттыруға себеп болды. Әсіресе мен «Үш дос» деген әңгімеден бәрін үйрендім. Кітаптың ішіндегі ертегілерді бір күн тастамай оқыдым. Содан менің тілім жаттығып, тез оқып, тез жазуға үйрендім. Оқыған ертегілерімді достарыма айтып бердім. Ертегілер оларға қатты ұнады.
А) екі мәтінді жеке оқу;
В) бірінші мәтінннің мазмұнын анықтау; (оқушылар тізбектеп айтады)
С) екінші мәтіннің мазмұнын анықтау; (оқушылар тізбектеп айтады)
Д) бірінші мәтіннің түрін анықтау;
Е) екінші мәтіннің түрін анықтау.
Мәтіндерді салыстыр | 1-мәтін | 2-мәтін |
Мазмұны не туралы? | ||
Мәтіннің түрі қандай? |
Өзіндік бағалау (дайын критерий бойынша өз-өзін бағалайды)
Бағалау критерийі | Дескриптор | Балл | ||||
Мәтінге талдау жасайды |
|
| ||||
|
|
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?