Қазақ тілі_2-сынып_3-бөлім Менің мектебім_Менің сүйікті кітабым _Қысқа мерзімді жоспар


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3-бөлім:

Менің мектебім

Күні:

Сынып:

Мектеп: Көкшетау қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні :

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Менің сүйікті кітабым

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.10 Мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау

2.2.10.1 мұғалімнің қолдауымен белгілі бір тақырыпта жазылған мәтіндердің (жанры, мәтін түрі) ұқсастығы мен айырмашылығын табу

3.6 Шығармашылық жұмыстарды түрлі формада ұсыну

2.3.6.1* мұғалімнің қолдауымен тірек сөздерді, сөйлем, суреттерді пайдаланып, қарапайым постер / хабарлама/калиграмма құрастыру құрастыру .

Сабақ мақсаттары

Мәтін мазмұнын түсіріп, таладй жасай алады, тақырып бойынша постерін қорғай алады.

Бағалау критерилері

Мәтінге талдау жасай алады;

Тақырып бойынша постерді қорғай алады.

 Сөздік қор

кітап сөресі, сүйікті, кейіпкер, бет, ақпарат, қызықты оқиға, басы, соңы ......

 Құндылықтарды дарыту

Жұпта бірлесе жұмыс істеу, бір-біріне қолдау көрсету.

 Пәнаралық байланыстар

Мәтіндеге салыстырмалы талдау жасау. (әдебиетпен байланыс)

Алдыңғы меңгерілген білім

Менің сыныптастарым

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут

«Шеңбердегі сөйлем» (ғимарат, сыныптас, болашақ, ғажайып, білім)

А) бір сөзді алып, сөйлем құрайды;

В) жанындағы оқушы сол оқушының сөйлемін қайталап айтады.

Слайд

Сабақ ортасы

10 минут

20 мин

10 минут

25 минут

Сабақтың мақсаты мен тапсырма түрлері айтылады.

Оқылымалды тапсырмасы. (сөздерді оқу, сөйлемдер құрастыру)

Сөздікпен жұмыс: кітап сөресі, сүйікті, кейіпкер, бет, ақпарат, қызықты оқиға, басы, соңы ......

Оқылым тапсырмасы. Екі мәтінді оқу, салыстыру.

1) Кітап адам өмірінде аса маңызды роль атқарады. Кейіпкерлер бізді мейірімді, ақылды болуға үйретеді. Жақсы кітап адамды тәрбиелейді, себебі кітап - сенің досың. Әр бетін түсініп оқу керек, себебі сен көп жаңа ақпаратпен танысасың.

2) Бірде анам маған базардан кітап сатып әперді. Сол кезде мен қатты қуандым. Себебі, кітаптың ішінде мақалдар, ертегілер, жұмбақтар, жаңылтпаштар бар екен. Кітаптың аты: «Жаңа заман ертегілері». Осы кітап менің білімімді арттыруға себеп болды. Әсіресе мен «Үш дос» деген әңгімеден бәрін үйрендім. Кітаптың ішіндегі ертегілерді бір күн тастамай оқыдым. Содан менің тілім жаттығып, тез оқып, тез жазуға үйрендім. Оқыған ертегілерімді достарыма айтып бердім. Ертегілер оларға қатты ұнады.

А) екі мәтінді жеке оқу;

В) бірінші мәтінннің мазмұнын анықтау; (оқушылар тізбектеп айтады)

С) екінші мәтіннің мазмұнын анықтау; (оқушылар тізбектеп айтады)

Д) бірінші мәтіннің түрін анықтау;

Е) екінші мәтіннің түрін анықтау.

Мәтіндерді салыстыр

1-мәтін

2-мәтін

Мазмұны не туралы?

Мәтіннің түрі қандай?

Өзіндік бағалау (дайын критерий бойынша өз-өзін бағалайды)

Бағалау критерийі

Дескриптор

Балл

Мәтінге талдау жасайды

Мәтін мазмұнын түсінеді

Мазмұнын салыстыра алады

1

1

Мәтін түрін анықтайды

1

Жұптық жұмыс. «Менің сүйікті кітабым» тақырыбына диалог құру.

Сөйлеу әдебін сақтауға арналған нұсқаулық беріледі.

  • Амандасу (сәлем)
  • Қал сұрасу (қалың қалай)
  • Тақырып бойынша сұрақ қою: сенің сүйікті кітабың бар ма?
  • Жетелеуші сұрақтар қою: ол кітап не туралы? Кейіпкері кімдер?
  • Қолдаушы сөйлемдер айту: Өте қызықты екен, рахмет
  • Әңгімеңе рақмет!

Бағалау (топтық бағалау)

Керемет

Орташа

Жеке жұмыс. «Менің сүйікті кітапшам» (шағын кітапша жасау)

1-бетінде кітаптың аты

2-бетінде кітап не туралы? (сөздерді қолданып жазу)

3-бетінде тақырып бойынша сурет

4-бетінде мазмұны бойынша сұрақтар

5-бетінде кітап туралы мақалдардан таңдап алып жазу.

А) кітаптарын жеке жасайды;

В) ортада қорғайды, бір-бірін бағалайды.

Бағалау критерийі

Дескриптор

Балл

Тақырып бойынша постерді қорғай алады.

Талапқа сай орындады

Топ алдында сөйлем алды

1

1

Кітап қызықты болды.

1

Тірек сөздер мен сөз тіркестері

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия (аяқталмаған сөйлем)

Мен бүгін .................... үйрендім.

Маған бүгін .................... қиын болды.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар үшін тапсырманы күрделендіру:

Қабілеті жоғары оқушылар кестені өз бетінше толтыра алады.

Сергіту сәттерінде, белсенді жұмыс түрлерін өткізуде қауіпсіздік техникасын сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу