Лазерлар. Физика, 11 сынып, дидактикалық материал.
Жарық толқындарының интерференция және дифракция құбылыстары негізінде объектілердің көлемдік кескіндерін алу тәсілін голография деп атайды. Голография (грекше — «толық жазу» деген ұғым) деп интерференциялық көрінісфтерді толық жазып және оны қайта қалпына келтіретін ерекше тәсілді айтады. Бұл тәсіл интерференция және дифракция заңдарының негізінде пайда болды. Осындай жаңа тәсілмен нәрселердің кеңістіктік кескінін алу және қайта қалпына келтіруді алғаш 1947 жылы ағылшын физигі Д. Габор (1900—1979) жасаған. Одан кейін бұл тәсілді эксперимент нәтижесінде ең жоғарғы дәрежелі когерентті жарық көздері — лазерлердің 1960 жылдары ашылуынан кейің совет физигі Ю. К. Денисюк 1962 ж. және американ физигі Э. Лейто мен Ю. Упатнистер 1963 ж. дамытып жетілдірді.Голография әдісі когерент сәулелер — лазерді пайдалануға негізделген. Бұл әдісті түсіну үшін оны фотография әдісімен салыстыра қарастырған жөн. Заттарды фотографиялағанда суретке түсірілетін заттан (объектіден) шағылысқан жарық сәулелерініц интенсивтігі (амплитудасы) фотопленкаға жазылады. Бұл жазу ақ және қараңғы нүктелер жиынтығы болып саналады. Ал шағылысатын толқындардың фазалары туралы фотопленкада ешқандай хабар-ошар жазылмайды. Олай болса, фотография суретке түсірілген дене туралы толық хабар бермейді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру