Лазерлар. Физика, 11 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

  • Сынып: 11
  • Мектеп:
  • Күні:
  • Мұғалімнің аты-жөні:
  • Қатысқандар саны:
  • Қатыспағандар саны:
  • Сабақ тақырыбы

Лазерлар

Оқу мақсаттары

11.7.1.7- лазердің қызметі мен қолданылуын түсіндіру;

11.7.1.8 – гологрфияның келешекте дамуын талқылау

Бағалау критерийлері

лазердің қолданылуын түсіндіре алады;

гологрфияның не екенін түсінеді;

голографияның қолданылу аясын біледі;

голографияның болашақта қолданылуын болжай алады.

Тілдік мақсаттар

Лазер, голография

Laser

Лазер

лазер

monochromatic

Монохромат

монохроматический

directional

Бағытталған

направленный

coherent

Когерент

когерентный

Incandescent

Қыздыру

раскаленный

Absorption

Жұтылу

абсорбция

Spontaneous Emission

Спонтанды сәулелену

Спонтанное излучение

Stimulated Emission

Еріксіз сәулелену

Вынужденная эмиссия

Holography

Голография

голография

Құндылықтарды дарыту

Жолдастарын тыңдай білу, ой пікірлерімен санасу, өз ісіне жауапкершілікпен қарау дағдыларын дамыту.

Пәнаралық байланыстар

биология, химия, информатика, математика.

АКТ қолдану

Интерактивті тақта, ғаламтор

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-3 мин

I. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен сәлемдесу

2. Оқушыларды түгендеу

3. Оқушыларды бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру

4.

Know

Want to learn

Learnt

Оқушылар осы кері байланыс парағының алғашқы екі бағанасын толтырады

Сабақтың

ортасы

4-10 мин

Бейне ролик көрсету:

https://twig-bilim.kz/kz/film/how-do-lasers-work

Бейнебаянды көріп болған соң оқушылар топтарда

Лазер дегеніміз не?

Ол қалай жұмыс істейді екен?

Лазердің қасиеттері қандай?

сұрақтар бойынша талқылау жүргізеді.

"Лазер" деген сөз ағылшынның "Light Amplificatoin by Stimulated Emission of Radiation" деген сөйлемiнiң алғашқы әрiптерiнен алынған (LASER). Бұл "мәжбүрленген сәуле шашудың көмегiмен жарықты күшейту" дегендi бiлдiредi.Лазер –жылулық, химиялық, электр энергиясын электромагниттік өрістің энергиясына - лазер сәулесіне айналдыратын құрылғы.Еріксіз сәуле шығарудың ерекшелігі – оның монохроматтылығы және когеренттілігі. Алғашқы лазерлер ретiнде рубиннiң кристалдары пайдаланылды. Ондағы атомдарды қоздыру үшiн рубин бiлiктi сыртынан импульстi түрде жұмыс iстейтiн, спираль шаммен орайды. Шам жарқ етiп жанған кездегi шыққан энергияны рубин атомдары жұтып, метатұрақты күйлерге өтедi. Атомдарды бұлай қоздыру оларды үрлеу деп аталады. Бүкiл қозған атомдардың сәуле шығаруы бар болғаны 10-8 – 10-10 с уақытқа созылады. Лазер сәулесiнiң негiзгi қасиеттерi оның аса жоғарғы монохроматтылығы, шашырамайтын сәуле түрiнде алу мүмкiндiгi және аса қуаттылығы.Лазерлік энергияның сапасы күшті шоғырлану жоғарылығымен және едәуір ара қашықтыққа жеткізу мүмкіндігімен анықталады. Лазерлер ең қуатты жарық көздері болып табылады. Уақыттың қысқа мерзімі ішінде (10-13 с аралығы) спектрдің жіңішке аралығындағы сәуле шығару қуат 1017 Вт/см2, ал күннің сәуле шығару қуаты тек 7*103Вт/см2

https://twig-bilim.kz/kz/film/how-do-lasers-work

10-30 мин

Топтық жұмыс

Сынып оқушылары сабақтың басында топқа біріккені бойынша «Лазердің пайдасы мен зияны» тақырыбында ғаламтор арқылы лазер жайлы мәліметтер іздеп, постер дайындап, қорғайды.

І топ – лазердің пайдасы

ІІ топ – лазердің зияны

Постер, түсті қарындаштар, маркер

30-42 мин

Сабақты қорытындылау (слайд арқылы)

Лазердің түрлері :

  • рубин лазері,
  • газ лазері,
  • жартылай өткізгішті лазерлер,
  • газодинамикалық лазерлер

Лазердің қолданылу аясы:

  • медицина;
  • косметологияда;
  • материалдардың кептіру, пісіруде,кесуде; заттарды өңдеуде;
  • талшықтық оптикада- кабельдiк, телефондық және теледидарлық байланыста
  • химиялық реакцияларда;
  • архитектурада-қашықтықты өлшеу үшін;
  • саудада-штрих кодты оқу үшін;
  • сигнализацияда;
  • әскери мақсатта-қару ретінде;
  • астрономияда-алыс қашықтықты өлшеуде;
  • тағамның сапасы мен ұзақ сақталуы үшін;
  • әртүрлі кештерде-лазерлік шоу ретінде;
  • галограммада;
  • фотолитографияда, зергерлік салада;
  • лазерлік дисклерде;
  • машина жасау, құрылыс саласында;
  • атмосфераның құрамын зерттеуде;
  • әуежайға ұшақты қондыруда,т.б.

Pptx

Сабақтың соңы

43-45 мин

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

Know

Білдім

Want to learn

Білгім келеді

Learnt

Үйрендім

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар лазердің не екенін біледі

Оқушылардың көбі лазердің қолданылуын біледі, лазердің пайдалы және зиянды жақтарын біледі.

Кейбір оқушылар лазердің келешекте дамуына ой қоса алады

Топпен жұмыста топтардың өзара бағалауы

Физика кабинетінде қауіпсіздік техникасын сақтау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу