Электромагниттік толқындар. Сәулелену және қабылдау. Физика, 11 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Электромагниттік толқындар | Мектеп: Қарағанды қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |
Сынып: 11 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |
Сабақ тақырыбы | Электромагниттік толқындар. Сәулелену және қабылдау | |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
| |
Сабақ мақсаттары | * оқушыларды электромагниттік толқындардың таралу ерекшеліктерімен таныстыру; * электромагниттік өріс теориясын құру және осы теорияны эксперименталды растау кезеңдерін қарастыру; | |
Бағалау критерийлері | Оқушылар: электромагниттік толқындардың пайда болу жағдайларын түсіндіреді және олардың қасиеттерін сипаттайды | |
Тілдік мақсаттар | Пәнге тән лексика мен терминология: Тербелмелі контур, толқын көздері, ығысу, амплитуда, толқын ұзындығы, тербеліс периоды мен жиілігі Диалог пен жазу үшін қажет сөз тіркестер: Электромагниттік өріс …… Электромагниттік толқын .....электромагниттік өрістің таралуы… | |
Құндылықтарды дарыту | Сабақ бойында оқушыларда қалыптасады
| |
Пәнаралық байланыстар | Формуланы түрлендіру(математика), есептер шығару кезінде алған білімдерін қолдану | |
АКТ қолдану дағдылары | Интерактивті тақтамен жұмыс | |
Бастапқы білім
| Толқындар мен тербелістер Физика 9-сынып | |
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
| Ұйымдастыру кезеңі. Оқу мақсатымен танысу. (W) Экспресс сауалнама (толқынның негізгі сипаттамалары)
Тапсырма 1-суретте екі тербелмелі қозғалыстардың x(t) координаталарының уақытқа тәуелділік графиктері келтірілген. Тербеліс амплитудасын, периоды мен жиілігін салыстырыңыз (W) жаңа тақырып Электромагниттік толқын теориясын құру кезеңдері және оны практикалық растау Максвеллдің электромагниттік теориясының негізгі ережелері және Герцтің электромагниттік толқындардың бар болуын тәжірибелік дәлелдеуі. Электромагниттік толқын және оның сипаттамалары, құйынды өріс, электромагниттік толқындар шкаласы. (G) топтық жұмыс Электромагниттік толқындардың қасиеттері Электромагниттік толқындардың шағылуы Таратқыш және қабылдағыш рупорлардың арасына металл қаңылтыр қойылса, дыбыс естілмейді. Электромагниттік толқын металл қаңылтырдан өте алмай шағылады. Электромагниттік толкынның металл бетінен шағылуын түсіну оңай. Металға келіп түскен толқынның электр өрісінің әсерінен металл бетінде еркін электрондардың еріксіз тербелістері қозады. Осы еріксіз тербелістердің жиілігі электромагниттік толқынның жиілігіне тең. Бетке түскен электромагниттік толкынның энергиясы металдағы еркін электрондардың еріксіз тербелістерін қоздыруға жұмсалады. Толқын металдан өте алмайды, металл бетінің өзі екінші реттік толқын көзі болып табылады, яғни шағылады. Диэлектриктен толқынның шағылуы әлсіз, өйткені диэлектрикте электромагниттік толқынның әсерінен байланысқан электрондардың еріксіз тербелістері қозады. Бірақ олардың еріксіз тербелістерінің амплитудасы металдағы еркін электрондардың еріксіз тербелістерінің амплитудасынан анағұрлым кіші. Сондықтан толқынның диэлектриктен шағылуы нашар. Электромагниттік толқынның шағылу қасиеті радиобайланыс жүйесінде, радиолокадияда қолданылады. Электромагниттік толқынның сынуы Электромагниттік толқынның сынуын парафинмен толтырылған үшбұрышты призманы пайдаланып бақылауға болады.. Қабылдаушы антенна толқынды тіркемейді. Енді диэлектрик болып табылатын парафиннен жасалған призманы суретте көрсетілгендей орналастырайык, антенна толқынды тіркейді. Демек, электромагниттік толкын екі ортаны бөліп тұрған ауа-парафин және парафин-ауа шекараларынан өткенде сынған. Элеқтромагниттік толқын бір ортадан екінші ортаға өткенінде сыну заңының орындалатынын зерттеулер көрсетті. Электромагниттік толқынның жұтылуы Рупорларды бір-біріне қарама-қарсы қойып, олардың арасына түрлі диэлектриктер, мысалы, фанера, плексиглас және т.б. қойсақ, толқынның жұтылатынын байқауға болады. Жұтылу дәрежесі түрлі диэлектриктер үшін әр түрлі. Электромагниттік толқындардың интерференциясы Кеңістікте екі немесе бірнеше таратқыш антеннадан таралған электромагниттік толқындар бір-бірімен қабаттасады. Жиіліктері бірдей екі толқын қосылғанда қорытқы толқын амплитудасының арту немесе кему құбылысын толқындардың интерференциясы дейді. Электромагниттік толқындардың дифракциясы Толқындардың түзусызықты таралуынан ауытқуын, бөгеттерді орағытып өтуін толқынныц дифракциясы деп атайды. Толқын жолындағы бөгеттердің өлшемдері толқын ұзындығынан кіші немесе онымен шамалас болған жағдайларда толқын дифракциясы айқын байқалады. Электромагниттік толқындардың дифракциясын 3.17-суретте көрсетілген қондырғының көмегімен бақылайды. Аса жоғары жиілікті генератор мен қабылдағыштың арасында жіңішке саңылауы бар металл экран тұр. Қабылдағыштың орнын ауыстыра отырып, тербеліс амплитудасының максимумдары мен минимумдары кезек ауысатынын көреміз. Бұл саңылаудың шетін орағытып өтетін толқындардың дифракциясы нәтижесінде ғана мүмкін болады. Ендеше электромагниттік толқындарда дифракция құбылысы байқалады (G) Әрбір топ төменде көрсетілген қасиеттердің бірін ұсынады: • шағылу • сыну • жұтылу • Дифракция • Интерференция (G) постер қорғау бағалау Бағалау критерийлері: • Регламентті сақтау 1-2 мин • Тақырыптың ашылуы • Креативті дизайн • Топ мүшелерінің сөз сөйлеуге қатысуы • Сұрақтарға жауап бере білу Рефлексия: Балалар сөйлемді төменде келтірілген сөз тіркестері арқылы келтіреді Бүгін мен білдім… Қызықты болды… Қиын болды… Мені таң қалдырды… | |||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Дифференциация жұппен, жеке, бірлесіп жұмыс істеуге арналған тапсырмаларды орындағанда жүргізіледі | Мұғалімнің критерийі бойынша оқушылардың жұмысын бағалау, өзара бағалау. | Түрлі ақпаратты жасерекшеліктерін мен мөлшерін ескере отыра беру | ||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақтың мақсаты / мақсаты шынайы болды ма? Барлық оқушылар ОМ-на жетті ме? Егер жоқ болса, неге? Сабақта дифференциация дұрыс өткізілді ме? Сабақтың уақыт кезеңдері сақталды ма? Сабақтың жоспарынан қандай ауытқулар болды және неге? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. | |||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | ||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру