Еріксіз электромагниттік тербелістер. Айнымалы ток. Физика, 11 сынып, презентация.


Тақырыбы:

Еріксіз электромагниттік тербелістер

Айнымалы ток

Оқу мақсаты:

11.4.3.2: физикалық шамаларды (период, жиілік, кернеу, ток күші мен электр қозғаушы күшінің максималды және әсерлік мәндері) қолданып, айнымалы токты сипаттау

Суретті пайдаланып электр тогына қатысты пікірлеріңізбен бөлісіңіздер

Тербелістер дегеніміз – қозғалыстыңҚозғалыс (мұндай бет жоқ) белгілі уақытУақыт аралығында қайталанып отыруы болып табылады

Механикалық тербелістерде маятникке сырттан периодты күш әсер етсе, ал тербелмелі контурда периодты кернеу әсер етеді. Мұндай тербелістер сыртқы мәжбүр етуші әсердің (кернеудің) жиілігіндей жиілікпен және сондай заңдылықпен жүреді.

Бұл тербелістер еріксіз тербелістер деп аталады

Біз күнделікті тұрмыста жиілігі 50 Гц айнымалы токты пайдаланып жүрміз. Еріксіз тербелістер өшпейтін тербеліске жатады. Тербелмелі контурда еркін тербелістер өшпейтін болу үшін, жүйені энергия қорымен периодты түрде қамтамасыз ету қажет.

Айнымалы токты пайдаланудың ең алғаш рет 1875 жылы орыс ғалымы П.Н.Яблочков ұсынды. Айнымалы ток Яблочков шырағындағы көмірдің біркелкі жануын қамтамасыз етті және шамдардың бір электр энергиясы көзінен қоректенуіне жол ашты. Электр энергиясы қажеттілігінің өсуіне байланысты оны алыс қашықтыққа жеткізу мәселесі алға қойылды. Бұл мәселенің шешімі электр энергиясын таратуды, ол үшін әртүрлі кернеуді табуды талап етті. Үнемділік жағынан алғанда, электр энертиясын алыс қашықтықтарға жеткізудегі тиімдісі – жоғары кернеу, ал қабылдағыштарға беру кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау үшін төменгі кернеу қажет болды.

Кернеуді бұдан былай түрлендіру үшін, айнымалы токты түрлендіретін құрылғы, яғни қарапайым трансформаторлар қажет болды, оны да өзінің шырақтары үшін Яблочков ойлап тапты.

Айнымалы токты сипаттайтын физикалық шамалар

Айнымалы ток күшінің әсерлік мәні айнымалы ток өткізгіште қанша жылу мөлшерін бөліп шығарса, өткізгіште сонша уақытта дәл сондай жылу мөлшерін бөліп шығаратын тұрақты ток күшіне тең

Айнымалы ток гармоникалық тербеліс заңдылықтарына бағынады

1-тапсырма

Тізбектегі ток күшінің өзгеріс заңы: i=0,5sin1256t. Ток күшінің тербеліс жиілігі қандай? Тербеліс периоды қандай?

2-тапсырма

Индукциялы ЭҚК-нің лездік мәні e=100si800πt заңы бойынша өзгереді. Айнымалы ток периодын анықтаңыз.

3-тапсырма

Актив кедергісі бар тізбек бөлігі арқылы өтетін зарядтың өзгеру заңдылығы: q=10 -2 sin 28,2t.

а) Ток күшінің амплитудалық мәні қандай?

b) Ток күшінің әсерлік мәні қандай?

4-тапсырма



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу