Электр тогы.Тізбек бөлігі үшін Ом заңы. Физика, 10 сынып, дидактикалық материал.


ОМ (Ohm) Георг Симон (1787-1854), неміс физигі.Ол эектр тізбегінің негізгі заңдылығын (ОМ заңын) тағайындады. Омның кейiнгi еңбектерi акустикаға, соның iшiнде дыбыстың күрделi құрамын (обертондардың бар болуын) зерттеуге арналған.

Ом Георг Симон 1789 - 1854 Немiс физигi Георг Симон Ом Эрланг қаласында дүниеге келген. Георг алғашында гимназияда, кейiннен Эрланг университетiнде оқиды да, Швейцарияда жеке мектепте сабақ бере бастайды. 1811 ж. ол университеттегi емтихандарын тапсырып, философия докторы деген дәрежеге ие болады. Ол Кельндегi гимназияға аға оқытушы болып орналасады. Кельнге көшiп келгеннен бастап Ом физикалық тәжiрибелермен айналыса бастайды. Көптеген оқыған кiтаптарының әсерiнен, әсiресе Эрстедтiң ашқан жаңалығынан кейiн Ом 1820 жылы электромагнетизмдi зерттеуге кiрiседi. 1826 ж. өз заңын тұжырымдаған еңбегiн жарыққа шығарады. ЭҚК-i, кернеудiң азаюы, өткiзгiштiк деген ұғымдарды енгiзген Ом болатын. Ол тiзбектiң бөлiгi үшiн ток күшiнiң кернеуге тәуелдiлiк заңын, сондай-ақ тұйық тiзбектегi ток күшiн анықтайтын заңды ашты. Ом кедергiнiң өткiзгiш ұзындығына және оның көлденең қимасының ауданына тәуелдiлiгiн тапты, ток күшiн өлшейтiн сезгiш приборды жасады. Ом кернеу көзi ретiнде термопараны пайдаланды (термопара – ұштары жалғанып дәнекерленген әр түрлi металдан жасалынған екi сым). Дәнекерленген ұштарының температуралар айырмасын арттыра отырып, кернеудi өзгерттi. Ол ток пен жылуөткiзгiштiк арасындағы ұқсастықты пайдаланып, электр тiзбегiнiң теориясын жасамақ болды. Бiрақ Омның ашқан жаңалықтары немiс ғалымдары арасында дұрыс қабылданбады. Өмiрiнiң соңғы жылдарында ғана оның еңбектерi таныла бастады. 1841 ж. Омға Лондон хандық қоғамының ең жоғары марапаты – Копли медалi берiлдi, ал 1850 ж. Мюнхен университетiнде кафедраны басқару ұсынылды



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу