Электр тогы.Тізбек бөлігі үшін Ом заңы. Физика, 10 сынып, дидактикалық материал.


Зертханалық жұмыс

Өткізгіштерді аралас жалғауды зерттеу

Мақсаты: Өткізгіштерді аралас қосу арқылы кернеуді және ток күшін бөлуді үйренуге машықтану. Аралас қосу кезіндегі тізбек бөлігіндегі кернеулерді өлшеп үйрену.

Құрал жабдықтар: 4 В арналған тұрақты ток көзі, 3,5 В екі шам, 15-50 Ом-дық айнымалы резистр 3 вольтметр.

Қысқаша теория: Тізбекте паралель және тізбектеліп жалғанған өткізгіштер болса тізбек аралас деп аталады. Өткізгіштерге байланысты аралас жалғау әртүрлі болады.

  • Қосымша кедергі (1 сурет). Егер кедергі мәні аз болып өткізгішке тізбектей жалғанса ол қосымша кедергі болып есептеледі. Қосымша кедергі шектік кернеу мен ток күшіне есептеледі.
  • Шунт (2 сурет). Егер өткізгіш элек-тр құрылғысына паралель қосылса ондағы потенциал-дар айырмасы бірдей болады. Өткізгіштің шетін-дегі кернеу 0-ге тең болады. Электр құрылғысында тоқ болмайды. Заряд тасымалы өткізгіш арқылы жүргізіледі. Мұндай өткізгішті шунт деп атайды.
  • Кернеу бөлгіштер (потенциометр). Кедергісі өзгеріп отыратын (3 сурет) және (4 сурет) өткізгіштер тізбек-тегі ток күші мен кернеуді реттеп отыруға көмектеседі. Ток көзіменен электр құрылғылардағы кернеуді реттеп отыратын тізбектің сызбасы төменде берілген.

Жұмыстың орындалу тәртібі

1 тапсырма.

  • Берілген сызба бойынша тізбек құрастырыңдар.

2. Айнымалы резистрдің пайдалануын түсіндіріңдер.

3. Реостат тиегінің әртүрлі орындары үшін вольтметрдің көрсетуін анықта.

4. Мәліметтерді кестеге енгіз.

Тәжірибе №№

Өлшенген

U1,B

Есептелген

U2,B

1

2

3

  • Тізбектің АВ, СD бөлігіндегі кернеулердің қосындысын ток көзіндегі кернеумен салыстыр.
  • Реостат тиегін жылжытқанда шамның жарығының өзгеру себебін түсіндіріңдер.
  • Қорытынды шығарып, сараптама жасаңдар.

2 тапсырма.

1. Берілген сызба бойынша тізбек құрастырыңдар.

2. Айнымалы резистрдің пайдалануын түсіндіріңдер.

3. Кілт қосылғандағы және ажыратылғандағы вольметр-лердің көрсетулерін анық-таңдар. Мәліметтерді кестеге енгізіңдер.

Тәжірибе №№

Кілттің орналасуы

Өлшенген

U1,B

Есептелген

U2,B

1

Ашық

2

Жабық

  • Реостат тиегінің шеткі нүктелері үшін кілттің ажыратылған және қосылған кезіндегі вольтметрлердің көрсетулерін анықта. Шамның жарқырауын қадағалаңдар. Мәліметтерді кестеге енгізіңдер.

Тәжірибе №№

Реостат тиегінің орналасуы

Өлшенген

U1,B

Есептелген

U2,B

1

Шеткі сол жақ

2

Орта

3

Шеткі оң жақ

  • Тізбектің бөлігіндегі кернеулердің қосындысын ток көзінің кернеуімен салыстырыңдар.
  • Бірінші вольтметрдегі кернеу 0-ге тең болу шартын анықтаңдар.
  • Қорытынды шығарып, сараптама жасаңдар.

3 тапсырма.

1. Берілген сызба бойынша тізбек құрастырыңдар.

2. Реостат тиегін бір шетінен екінші шетіне жылжыта отырып үш нүкте-дегі кернеудің мәнін анықтаңдар. Мәліметті кестеге енгізіңдер.

Тәжірибе №№

Өлшенген

U1,B

Есептелген

U2,B

1

2

3

3. Реостат тиегінің кез келген нүктесіндегі кернеудің шеткі нүктедегі кернеуге тең болатынын дәлелде.

4. Айнымалы резистрдің пайдалануын түсіндіріңдер.

5. Қорытынды шығарып, сараптама жасаңдар.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу