Теңүдемелі қозғалыс кинематикасының негізгі теңдеулері мен ұғымдары тақырыбы бойынша есептер шығару. Физика, 10 сынып, презентация.


Теңүдемелі қозғалыс кинематикасының негізгі теңдеулері мен ұғымдары тақырыбы бойынша есептер шығару

10.2.1.2 - сандық және графиктік есептерді шығаруда кинематика теңдеулерін қолдану

Оқу мақсаты:

Бағалау критерийлері:

Теңүдемелі қозғалыстың негізгі теңдеулерін біледі және оларды есептер шығаруда пайдалана алады.

Кинематика формулаларын еске түсіруге

арналған тапсырманы орындау.

Дескрипторлар:

Оқушы,

Теңүдемелі қозғалыс кезіндегі теңдеулерді жазады;

Теңдеулерден ізделінді шаманы өрнектей алады;

Физикалық шамалардың өлшем бірліктерін жазады.

Есептерді біріге отырып шығару.

Дескрипторлар:

Оқушы,

- Кинематика теңдеулерін есептер шығаруда қолдана алады;

- Графиктерді оқи алады;

- График тұрғыза алады;

- Математикалық есептеулерді жүргізе алады.

a. Графикте қандай қозғалыс кескінделген?

b. Дененің бастапқы және соңғы координаталары неге тең?

c. Дене қандай жылдамдықпен қозғалады?

d. Олар қандай уақытта кездеседі?

e. Кездесу жерін аналитикалық және графикалық әдіспен анықтаңыз

f. Әр график үшін қозғалыс теңдеуін жазыңдар

1. Графиктермен жұмыс істей отырып, сұрақтартарға жауап беріңдер.

график 1

график 2

график 3

2. х осі бойымен қозғалатын материалдық нүкте х = 5 - t + 2t2 заңы бойынша өзгереді. 4 с кейінгі нүктенің қозғалыс жылдамдығын анықтаңыз. V(t) тәуелділік графигін салыңыз.

3. Суретте жазықтықта қозғалатын екі денінің (І және ІІ) координаталарының уақытқа тәуелділік графиктері көрсетілген. Келесі тұжырымдардың қайсысы І және ІІ дене қозғалысына қатысты дұрыс болып табылады? Жауаптарыңды негіздеңдер.

І және ІІ дене қозғалыс басталғаннан 2 с кейін кездеседі.

І және ІІ дене координаталар басынан 2 м қашықтықта кездесті.

І және ІІ дене кездескен жоқ.

Дұрыс жауап беру мүмкін емес.

І дененің жылдамдығы тұрақты болып табылады.

Есептерді жеке шығару.

Дескрипторлар:

Оқушы,

- Есептер шығаруда алған білімдерін дұрыс қолданады;

- Есептерді дұрыс шығарады.

Үй жұмысы.

Рефлексия

- Мен қандай іс-әрекетті дұрыс жасадым?

- Мен үшін бүгін не қиын болды?

- Тағы қандай жұмыс жасауым керек?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу