№ 8 зертханалық жұмыс. «Тұрақты магниттiң қасиеттерiн оқып-үйрену және магнит өрiсiнiң бейнесiн алу». Физика, 8 сынып, дидактикалық материал.


Сабақ тақырыбы: № 8 зертханалық жұмыс. «Тұрақты магниттiң қасиеттерiн оқып-үйрену және магнит өрiсiнiң бейнесiн алу»

Оқу мақсаты:

– магниттердің негізгі қасиеттеріне сипаттама беру және магнит өрісін күш сызықтары арқылы бейнелеу;

1. «Кестені толтыр» тапсырмасы. Өткен тақырыпқа қайталау жүргізу мақсатында алынатын тапсырма.

 Кестенің бірінші бөлігіндегі берілген анықтама, тұжырымдарды екінші бөлігіндегі дұрыс деп санаған жауабымен сәйкестендіріңдер.Кейбір тапсырмалардың жауаптары берілмейді. Оны өздерің табуларың қажет. Көп нүктенің орнына дұрыс жауаптың жанындағы әріпті белгіле.

тапсырма

жауабы

Жауапты белгілеу үшін

1

Электролит арқылы электр тогы өткенде электродтарда зат бөліну процесі.................деп аталады.

электролиттер

А

2

Қажетті энергияны электролиз көмегімен үнемі жаңартып алып тұратын элемент.............

электролиз

В

3

Фарадей заңының өрнегін жаз

..........................

С

4

k-заттың электрохимиялық эквиваленті дегеніміз не?

.............................

D

5

Тұздардың, қышқылдардың және сілтілердің ерітінділері, сонымен қоса, металдардың балқымалары........................деп аталады.

аккумулятор

Е

2. Зертханалық жұмыс. Тұрақты магниттің қасиеттерін зерттеу және магнит өрістерінің кескінін алу

Жұмыстың мақсаты: тұрақты магниттің полюстерімен танысу және әр түрлі магниттің төңірегінде магнит өрісінің қандай сызықтарын түзетінін көрсету.

Құрал-жабдықтар: әр түрлі магниттер (жолақ, таға тәрізді және дөңгелек), темір ұнтақтары, қағаз парағы.

Жұмыстың барысы:

  • Темір ұнтағын қағаз стақанға салып, оның ішінде магнитті енгізіңдер;
  • Магнитті шығарып алып, магниттің әр жеріне темір ұнтақтарының қалай тартылғанына назар аударыңдар;
  • Үстел үстіндегі магнитті бір парақ қағазбен жауып, оған жұқалап металл ұнтағын себіңдер;
  • Темір ұнтақтарының орналасуының суретін салыңдар
  • Магниттің полюстерін анықтаңдар.(магнит тілшесін немесе компасты пайдалануға болады)Төмендегі суреттегі ақ түсті бос орындарға магниттің екі полюсін белгіле.
  • Екі жолақ магниттердің аттас полюстерін жақындатыңдар. Бақылағандарыңды түсіндір:

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  • Пайда болған магнит сызықтарына назар аударып, олардың суретін салыңдар.
  • Екі жолақ магнитті бір-біріне әр түрлі ұштарына апарыңдар. Бақылағандарыңды түсіндір:

_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  • Пайда болған магнит сызықтарына назар аударып, олардың суретін салыңдар.
  • Тәжірибе барысында байқаған алған білімдеріңді пайдаланып қорытынды жасаңдар.

Үй жұмысы:

Эрстед тәжірибесі:

а) Тізбекте электр тогы жоқ кезінде компас тілшесі (магниттік тілше) солтүстікке бағытталған.

 

б) Егер тізбекті тұйықтасақ (электр тогы болса) компас тілшесі бағытын өзгертеді (ориентациясын өзгертеді).

Тәжірибеден не байқағаныңды түсіндір. Бұл тәжірибеден қандай қорытынды жасауға болады?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу