№ 8 зертханалық жұмыс. «Тұрақты магниттiң қасиеттерiн оқып-үйрену және магнит өрiсiнiң бейнесiн алу». Физика, 8 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Электромагниттік құбылыстар

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтақырыбы

№ 8 зертханалық жұмыс. «Тұрақты магниттiң қасиеттерiн оқып-үйрену және магнит өрiсiнiң бейнесiн алу»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.4.3.1 – магниттердің негізгі қасиеттеріне сипаттама беру және магнит өрісін күш сызықтары арқылы бейнелеу;

 Сабақ мақсаттары

-Тұрақты магниттер және магнит өрісі туралы түсінік қалыптастыру;

-Магнит полюстерін және олардың әрекеттесуін білу;

-Магниттік күш сызықтарының бағытын анықтау;

- Магнит өрісін күш сызықтары арқылы графикалық бейнелей білу;

-Магнит өрісі күш сызықтарының тұйықталған сызықтар екенін білу.

 Бағалау критерийлері

1. Тұрақты магнитті біледі;

2. Тұрақты магниттіӊ қасиеттерін біледі;

3. Магниттіӊ полюстерін ажырата алады;

4. Тұрақты магниттіӊ магнит сызықтарын кескіндей алады;

5. Магнит өрісінің болатынын біледі;

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар білуі тиіс:Тұрақты магниттерге мысалдар келтіреді, магниттің полюстарын анықтап, күш сызықтарын графикті түрде кескіндей алады.

Пәнге тән лексика мен терминология:

 Магнит өрісінің негізгі қасиеттері: 1) Магнит өрісін магниттелген денелер, тогы бар өткізгіштер және қозғалыстағы зарядталған денелер тудырады; 2) Магнит өрісінің күш сызықтары тұйықталған; 3) Магнит өрісі құйынды өріс (күш сызықтары тұйықталған өріс).

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

 Магниттік құбылыстар адамдарға ежелден белгілі болған. «Магнит» сөзі Магнесии тасы деген мағынаны білдіреді. Магнеси Түркияныӊ солтүстігінде орналасқан қала.

 Құндылықтарды дарыту

 

Бұл сабақ академиялық адалдық, жауапкершілік, топ ережесін сақтау, игерген білімдерін өмірде қолдану құндылығын дамытуға бағытталған.

 Пәнаралық байланыстар

 

Жердің магнит өрісін түсіндіруе география пәнімен байланыс

Бастапқы білім

География пәнінен Жердің магнит өрісін біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағыжоспарланғаніс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 мин

5-8 мин

1. Өткен материалды меңгергендерін тексеру мақсатында қайталау жүргізу. «Кестені толтыр»

тапсырма

жауабы

Жауапты белгілеу үшін

1

Электролит арқылы электр тогы өткенде электродтарда зат бөліну процесі.................деп аталады.

электролиттер

А

2

Қажетті энергияны электролиз көмегімен үнемі жаңартып алып тұратын элемент.............

электролиз

В

3

Фарадей заңының өрнегін жаз

..........................

С

4

k-заттың электрохимиялық эквиваленті дегеніміз не?

.............................

D

5

Тұздардың, қышқылдардың және сілтілердің ерітінділері, сонымен қоса, металдардың балқымалары........................деп аталады.

аккумулятор

Е

2. Ой қозғау.

Магнит дегеніміз не?

Не себепті магниттер өзіне кейбір заттарды тартады?

3. Мақсатты болжау.

- магниттердің негізгі қасиеттеріне сипаттама беру және магнит өрісін күш сызықтары арқылы бейнелеу;

Таратпа материал

Сабақтың ортасы

8-15 мин

15-35 мин

3. Түсіндіру.

Тұрақты магниттер туралы тарихи мағлұматтарға шолу жасай отырып, теориялық тұрғыдан қысқаша түсіндіру.

Тұрақты магниттер

Магниттік құбылыстар адамдарға ежелден белгілі болған. «Магнит» сөзі Магнесии тасы деген мағынаны білдіреді. Магнеси Түркияныӊ солтүстігінде орналасқан қала. Магнетит - минерал құрамы FeO (31%) және Fe2O3 (69%).

Алғаш заттардыӊ магниттік қәсиеттерін Қытайда қолданған. Алғашқы компас Қытайда жасалған. Магнетиттен жасалған тұрақты магниттер медицинада ежелден қолданылып келген. Египеттің ханшайымы Клеопатра магниттен жасалған алқа таққан. Ежелгі Қытайда «Императордың ішкі медицина кітабында» магниттік тастарды денедегі Ци энергиясын қалыпқа келтіру үшін қолданған. Кейінірек заманда магниттің денсаулыққа әсерін атақты Аристотель, Авиценна, Гиппократ сияқты дәрігерлер мен философтар айтып кеткен. Орта ғасырда Гилберт атты дәрігер өзінің «Магнит туралы» шығармасында Елизавета I нің артрит ауруын тұрақты магниттің көмегімен емдегені туралы жариялаған болса, орыстың атақты дәрігері Боткин магниттік терапия әдісіне жүгінген.

 Магнит өрісінің негізгі қасиеттері:

  • Магнит өрісін магниттелген денелер, тогы бар өткізгіштер және қозғалыстағы зарядталған денелер тудырады;
  • Магнит өрісінің күш сызықтары тұйықталған;
  • Магнит өрісі құйынды өріс (күш сызықтары тұйықталған өріс).

4. Жұптық жұмыс. Зертханалық жұмыс "Тұрақты магниттің қасиеттерін зерттеу және магнит өрістерінің кескінін алу"

Жұмыстың мақсаты: тұрақты магниттің полюстерімен танысу және әр түрлі магниттің төңірегінде магнит өрісінің қандай сызықтарын түзетінін көрсету.

Құрал-жабдықтар: әр түрлі магниттер (жолақ, таға тәрізді және дөңгелек), темір ұнтақтары, қағаз парағы.

Жұмыстың барысы:

  • Темір ұнтағын қағаз стақанға салып, оның ішінде магнитті енгізіңдер;
  • Магнитті шығарып алып, магниттің әр жеріне темір ұнтақтарының қалай тартылғанына назар аударыңдар;
  • Үстел үстіндегі магнитті бір парақ қағазбен жауып, оған жұқалап металл ұнтағын себіңдер;
  • Темір ұнтақтарының орналасуының суретін салыңдар
  • Магниттің полюстерін анықтаңдар. (магнит тілшесін немесе компасты пайдалануға болады) Төмендегі суреттегі ақ түсті бос орындарға магниттің екі полюсін белгіле.
  • Екі жолақ магниттердің аттас полюстерін жақындатыңдар. Бақылағандарыңды түсіндір:
  • Пайда болған магнит сызықтарына назар аударып, олардың суретін салыңдар.
  • Екі жолақ магнитті бір-біріне әр түрлі ұштарына апарыңдар. Бақылағандарыңды түсіндір:
  • Пайда болған магнит сызықтарына назар аударып, олардың суретін салыңдар.
  • Тәжірибе барысында байқаған алған білімдеріңді пайдаланып қорытынды жасаңдар.

Қорытынды: Тұрақты магниттердің солтүстік және оңтүстік деп аталатын екі полюсі болады. Күш сызықтары солтүстік полюстен шығып оңтүстік полюске кіреді. Тұрақты магниттердің магниттік әрекеті кез келген магниттің айналасында магнит өрісінің болуымен түсіндіріледі.

Оқушылардың жасаған қорытындысына мұғалім кері байланыс жасайды

5. Бағалау критерийлері

1.Тұрақты магнитті біледі;

2. Тұрақты магниттіӊ қасиеттерін біледі;

3. Магниттіӊ полюстерін ажырата алады;

4. Тұрақты магниттіӊ магнит сызықтарын кескіндей алады;

5. Магнит өрісінің әсерін бақылайды және қорытынды жасайды

Презентация

Жолақ магниттер, темір ұнтағы, ақ қағаз.

Таратпа материал

Сабақтың соңы

35-40 мин

6. Рефлексия«Бас бармақ» тәсілі.

Мұғалім тапсырманың орындалу деңгейін талқылай отырып, сабақ мақсатына оралады. Келесі сабақты жоспарлау үшін оқушыларға сұрақтар қойылады:

Жазбаша белгілейді.

7.Үйге тапсырма:

Эрстед тәжірибесі:

а) Тізбекте электр тогы жоқ кезінде компас тілшесі (магниттік тілше) солтүстікке бағытталған.

б) Егер тізбекті тұйықтасақ (электр тогы болса) компас тілшесі бағытын өзгертеді (ориентациясын өзгертеді).

Тәжірибеден не байқағаныңды түсіндір. Бұл тәжірибеден қандай қорытынды жасауға болады?

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалауоқушылардыңматериалдымеңгерудеңгейінқалайтексерудіжоспарлайсыз?

Денсаулықжәнеқауіпсіздіктехникасыныңсақталуы

Оқушының жұптағы жұмысын бақылау.

Өздік жұмыс нәтижесін қолдану.

Жұптық жұмыс барысында қауіпсіздік ережесін сақтау. Темір ұнтақтарымен жұмыс жасаған кезде абай болу. Темір ұнтақтарының көзге кіріп кету қаупінен сақтану.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өзпікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақбағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады(оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

 

 

 

 

 

 Үй тапсырмасының жауаптары:Эрстед тәжірибесі бойынша қорытынды: Ток өтіп тұрған өткізгіш маӊында магнит өрісі пайда болады. Осы өріс магниттік тілшеге әсер етіп, оныӊ орналасуын өзгертеді. Тогы бар өткізгіш және магниттік тілше арасындағы өзара әрекет күші магниттік күш деп аталады.

 Кез келген тогы бар өткізгіш айналасында магнит өрісі бар болады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу