![]() |
|
![]() |
№ 8 зертханалық жұмыс. «Тұрақты магниттiң қасиеттерiн оқып-үйрену және магнит өрiсiнiң бейнесiн алу». Физика, 8 сынып, презентация.
Сабақтың тақырыбы
«Тұрақты магниттiң қасиеттерiн оқып-үйрену және магнит өрiсiнiң бейнесiн алу»
«Кестені толтыр» тапсырмасының жауаптары:
1. «электролиз-A»
2. «аккумулятор-B»
3. «m=qIt-C»
4. «Сан мәні электролит арқылы 1 Кл заряд өткенде электродтардың біреуінде бөлінетін заттың массасына тең пропорционалдық коэффициент-D»
5. «электролиттер-E»
Ой қозғау.
Магнит дегеніміз не?
Не себепті магниттер өзіне кейбір заттарды тартады?
Сабақ мақсаттары:
-Тұрақты магниттер және магнит өрісі туралы
түсінік қалыптастыру;
-Магнит полюстерін және олардың әрекеттесуін білу;
-Магниттік күш сызықтарының бағытын анықтау;
Магнит өрісін күш сызықтары арқылы графикалық
бейнелей білу;
-Магнит өрісі күш сызықтарының тұйықталған сызықтар
екенін білу;
Тұрақты магниттер немесе қарапайым магниттер деп магниттелуін ұзақ уақыт сақтайтын денелерді айтады. Мұндай денелерге табиғи магниттік теміртас (магнетит) жатады.
Магниттік құбылыстар адамдарға ежелден белгілі болған. «Магнит» сөзі Магнесии тасы деген мағынаны білдіреді. Магнеси Түркияныӊ солтүстігінде орналасқан қала. Магнетит - минерал құрамы FeO (31%) және Fe2O3 (69%).
№ 8 зертханалық жұмыс. «Тұрақты магниттiң қасиеттерiн оқып-үйрену және магнит өрiсiнiң бейнесiн алу»
Тәжірибе бойынша қорытынды
Тұрақты магниттердің солтүстік және оңтүстік деп аталатын екі полюсі болады. Күш сызықтары солтүстік полюстен шығып оңтүстік полюске кіреді. Тұрақты магниттердің магниттік әрекеті кез келген магниттің айналасында магнит өрісінің болуымен түсіндіріледі.
Магнит өрісінің негізгі қасиеттері:
Магнит өрісін магниттелген денелер, тогы бар өткізгіштер және қозғалыстағы зарядталған денелер тудырады;
Магнит өрісінің күш сызықтары тұйықталған;
Магнит өрісі құйынды өріс (күш сызықтары тұйықталған өріс).
Магнит өрісі — қозғалыстағы электр зарядтары мен магниттік моменті бар денелерге әсер ететін күштік өріс. Магнит өрісі магниттік индукция векторымен (В) сипатталады. В- ның мәні магнит моменті бар қозғалыстағы электр зарядына және денелерге өрістің берілген нүктесінде әсер етуші күшті анықтайды.
Рефлексия
Үйге тапсырма:
Магнит өрісінің тогы бар өткізгіштің айналасында да пайда
болатынын Эрстед
тәжірибесін сурет бойынша орындау
Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Қарап көріңіз 👇
Жаңалықтар:
» Оқу-ағарту бірінші вице-министрі: ЖАЗҒЫ КАНИКУЛ 90 КҮНГЕ СОЗЫЛАДЫ 29.05.2023
» Шетелге шығу турларының құны бір жыл ішінде қалай өзгерді ? 19.05.2023
» Соңғы қоңырау 2023 жылы қашан болады ? 15.05.2023