Электр тогының жылулық әсері. Джоуль-Ленц заңы. Физика, 8 сынып, дидактикалық материал.


Оқу мақсаты: 8.4.2.13 –Джоуль Ленц заңын есептер шығаруда қолдану.

Физикалық диктант

1.Ток күшінің анықтамасы айт және оның математикалық формуласын жаз.

2. Зарядтар орын ауыстырғанда өрістің электрлік күштерінің атқаратын жұмысын анықтайтын формуланы жаз.

3. Ток күшінің анықтамасынан шығатын зарядтың формуласын жаз

4. Электр тогының жұмысын ток күші, кернеу және жұмыс істеуге кеткен уақыт арқылы өрнекте

5. SI жүйесінде жұмыстың өлшем бірлігі қалай анықталады?

6. Тізбек бөлігіне арналған Ом заңын пайдаланып электр тогын анықтауға болатын тағы да екі формула қорытып шығар.

7. Электр тогының қуатын қалай есептеуге болады?

8. SI жүйесінде қуаттың өлшем бірлігі қалай анықталады?

9.Өткізгіштерді тізбектей жалғанғанда қуатты қандай формуламен есептеген қолайлы?

10. Өткізгіштерді параллель жалғанғанда қуатты қандай формуламен есептеген қолайлы?

«Ойлан – жұптас – бөліс»

І жұп

  • Электр тогының өткізгішті қыздыратының қалай түсіндіруге болады?
  • Электр тогы бар өткізгіште бөлініп шығатын жылу мөлшерін қандай формула бойынша есептеп шығаруға болады?

ІІ жұп

  • Электр тогы бар өткізгіште бөлініп шығатын жылу мөлшерін, Ом заңын пайдалана отырып, ток күші, өткізгіш кедергісі және уақыт арқылы қалай өрнектеп көрсетуге болады?

ІІІ жұп

  • Қыздырғыш прибор рефлектордың спиралі бау және айыр істік арқылы розеткаға қосылған. Бау спиральға ток жеткізетін, сырты изоляцияланған сымдардан құралған. Спираль мен сымдар тізбектеле қосылған. Электр желісінен келетін кернеу өткізгіш сымдар мен спираль арасында қалай бөлінеді? Неліктен спираль қызады; ал сымдар қызбайды деуге болады?

ІҮ жұп

  • Ұзындығы мен қимасы бірдей мыс, болат, никелиннен жасалған үш сым ток көзінің тізбегіне тізбектеп қосылған. Олардың қайсысы көбірек қызады? Жауаптарыңды дәлелдеңдер.

Ү жұп

1.Өткізгіш сымдарды жалғастырғанда ұштарын бұрап бекіте салмай, неліктен оларды пісіріп жалғастырады? Жауаптарыңды дәлелдеңдер.

  • Джоуль Ленц заңы қалай тұжырымдалып айтылады? Неліктен бұл заң осылайша аталған?

Өздік жұмыс тапсырмалары:

  • Кедергісі 12 Ом өткізгіш сым кернеуі 120 В электр желіге қосылған болса, 20 с ішінде сым арқылы қанша жылу бөлініп шығар еді?
  • Қуаты 40 Вт шамның қыл сымы 2 сағ, ал қуаты 150 Вт шамның қыл сымы 3 мин бойы жарық шығарып тұрса, қайсы шамның жұмысы аз?
  • Электр пеші кернеуі 220 В электр желісіне қосылғанда оның орамасының бойынан 2 А ток өтеді деп алып, әр 10 мин сайын бөлініп шығатын жылу мөлшерін есепте?

4. Кернеуі 220 В желіге есептелген қуаты 600 Вт электр пешінің орамасын жасау үшін, көлденең қимасының ауданы 0,2 мм2 никелин сымынан неше метр алу керек? =0,4

Үйге тапсырма

  • Электр тізбегінің ток күші 2А ге тең, кедергісі 100 Ом болатын реостаттан 1 сағаттың ішінде қанша жылу мөлшері бөлінеді?
  • Ток күші 3,5 А, кернеуі 220 В қа тең розеткаға қосылған электрплитасының спиралі 690 кДж жылу бөлді. Плита тізбекке қанша уақыт қосулы болды?
  • Металды балқытуға арналған электр пешінде 60 В кернеу болғанда, 800 А токты тұтынады. 1 мин ішінде электр пешінде қанша жылу мөлшері бөлінеді?
  • Электр жылытқышы 2 мин ішінде қанша жылу мөлшерін бөледі, егер оның кедергісі 20 Ом, ал тізбектегі ток күші 6 А тең болса?


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу