Өткізгіштердіӊ тізбектей және параллель жалғау. Есептер шығару. Физика, 8 сынып, дидактикалық материал.


САБАҚ ЖОСПАРЫ

Сабақ тақырыбы:

Өткізгіштердіӊ тізбектей және параллель жалғау. Есептер шығару

Мектеп:

Мерзімі:

Мұғалімнің аты:

Сынып:

8

Оқушылар саны

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.4.2.11 – өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғауда тізбек бөлігі үшін Ом заңын қолданып, электр тізбектеріне есептеулер жүргізу

Сабақтың мақсаты

  • Өткізгіштерді тізбектей жалғау заңдылықтарын есептер шығаруда қолдану;
  • Өткізгіштерді параллель жалғау заңдылықтарын есептер шығаруда қолдану;
  • Ом заңын есептер шығаруда қолдану.

Бағалау критерийлері

  • Өткізгіштерді тізбектей жалғау заңдылықтарын есептер шығаруда қолданады;
  • Өткізгіштерді параллель жалғау заңдылықтарын есептер шығаруда қолданады;
  • Ом заңын есептер шығаруда қолданады.

Тілдік

мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

Ток күші- amperage

Кернеу-voltage

Амперметр- ammeter

Вольтметр- voltmeter

Тізбектей жалғану-series connection

Параллель жалғану-parallel connection

Электрлік кедергі- resistor

Өткізгіштіӊ меншікті кедергісі- Conductor resistivity

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер

Егер өткізгіштер тізбектей жалғанса, онда олардағы ток күші бірдей болады.

Тізбек бөлігіндегі кернеу әрбір өткізгішке түскен кернеулердіӊ қосындысына теӊ болады.

Егер тізбектегі өткізгіштер тізбектей жалғанса, онда тізбектіӊ жалпы кедергісі тізбектегі өткізгіштердіӊ кедергілерініӊ қосындысына теӊ.

;

 Құндылықтарды дарыту

Бұл сабақта оқушылар жұпта жұмыс жасауға және сыни ойлауға дағдыланады.

Пәнаралық байланыстар

Тібек бөлігінің кернеуін , ток күшін және жалпы кедергісін анықтау барысында математика пәнімен байланыс.

Бастапқы білім

Тізбек бөлігі үшін Ом заңын тұжырымдауды біледі.

U-кернеу (В); R- кедергі (Ом)

ЖОСПАР

Уақытша жоспарлау

Жоспарланған іс-шаралар

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 мин

5-10 мин

10-15 мин

1) Паралелль және тізбектей жалғау заңдылықтарын еске түсіру

Оқушылар формуласын жатқа жазады. Оқушылар жазып болған соң парақтарын тақтаға іледі. Мұғалім оқушыларға кері байланыс береді.

2) Топта жұмыс жасауға және бірін- бірі бағалауға дағдылану үшін оқушылар тапсырманы топпен талқылайды.

1 топ тапсырмасы. Егер суретте көрсетілген тізбектердегі резистордыӊ кедергісі 1 Ом болса, онда әр бір тізбектіӊ жалпы кедергісін анықтаӊыз.

2 топ тапсырмасы. Егер суретте көрсетілген тізбектердегі резистордыӊ кедергісі 2 Ом болса, онда әр бір тізбектіӊ жалпы кедергісін анықтаӊыз.

Әр топ оқушылары тапсырмаларымен ауысып өзара бағалау жүргізеді және бір- біріне кері байланыс жасайды.

Сабақтың ортасы

15-33мин

33-38 мин

3) Оқушылар қолдану дағдысын дамыту мақсатында өздік жұмыс орындайды

Тапсырма №1: А және В нүктелері арасындағы жалпы кедергіні анықтаӊыз. R= 4 Ом

Тапсырма №2: А және В нүктелері арасындағы жалпы кедергіні анықтаӊыз. R= 1 Ом

Тапсырма №3: А және В нүктелері арасындағы жалпы кедергіні анықтаӊыз. R= 1 Ом

Тапсырма №4: Төрт бірдей шам тізбекте көрсетілгендей жалғанған және тұрақты кернеу көзіне жалғанған. Егер 4-шам жанып кетсе, қалған шамдардыӊ жарқырауы қалай өзгереді.

Дұрыс жауаптарды қолданып оқушылар өзін- өзі бағалайды, мұғалім немесе оқушылар бірі- біріне кері байланыс жасайды.

Сабақтыңсоңы

38-40 мин

4) Рефлексия

Мұғалім тапсырманың орындалу деңгейін талқылай отырып, сабақ мақсатына оралады. Келесі сабақты жоспарлау үшін оқушыларға сұрақтар қойылады:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет.

Сұрақтар ауызша немесе жазбаша талқылануы мүмкін.

5) Үйге тапсырма §41 20 жаттығу №1-5

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жос-парлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың мате-риалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіп-сіздік техникасының сақталуы

Қабілетті оқушылар тізбектің эквивалент сұлбасын сызады.

Оқушылардың өзара және өзін- өзі бағалауы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу