Электр тогы. Ток көздері. Ток күші. Амперметр. Физика, 8 сынып, сабақ жоспары.


Сабақтың қысқа мерзімді жоспары

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

Тұрақты электр тогы

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

8

Қатысқандардың саны:

Қатыспағандардың саны:

Сабақтың тақырыбы

Электр тогы.Ток көздері.Ток күші.Амперметр

Осысабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.4.2.1 – электр тогы ұғымын және электр тогының пайда болу шарттарын түсіндіру

8.4.2.2 – электр схемасын графикалық бейнелеуде электр тізбегі элементтерінің шартты белгілерін қолдану;

 Сабақ мақсаттары

  • электр тогы ұғымын түсіндіру;
  • электр тогының әрекетін сипаттау;
  • электр схемасын графикалық бейнелеуде электр тізбегі элементтерінің шартты белгілерін қолдану;
  • ток күшін сипаттау және қолдану

 Бағалау критерийлері

  • электр тогы ұғымын түсіндіреді;
  • электр тогының әрекетін сипаттайды;
  • электр схемасын графикалық бейнелеуде электр тізбегі элементтерінің шартты белгілерін қолданады;
  • ток күшін сипаттайды және қолданады.

 Тілдік мақсаттар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

қазақша

русский

english

Электр тогы

Электрический ток

Electric current

Электр заряды

Электрический заряд

Electric charge

Өткізгіш

Проводник

Conductor

Ток күші

Сила тока

Current

Өткізгіш арқылы заряд өткен кезде...

При прохождении заряда через проводник...

As charge flows (passes) through the conductor…

Электрондардың реттелген бағытталған қозғалысы

Направленное упорядоченное движение электронов

Directed ordered movement of electrons

Оң полюсынан теріс полюсына қарай...

От положительного полюса к отрицательному полюсу...

From the plus pole to the minus pole

Амперметр

Амперметр

Ammeter

Тізбектей

Последовательно

Series

Электр тогының пайда болу мен бар болу шартттары

Условия возникновения и существования электрического тока

Conditions of appearance and existence of electric current

Оқушылар электр тогы ұғымын және электр тогының пайда болу шарттарын ауызша түсіндіреді.

Пәнге тән лексика мен терминология:

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер

Электр тогы деп........

Электр тогы пайда болуы үшін қажетті шарттар:...................

Ток күші дегеніміз................

ЭҚК деп.........

 Құндылықтарды дарыту

Бұл сабақ академиялық адалдық,топта жұмыс жасай алу және жауапкершілік құндылықтарын дамытуға бағытталған.

Пәнаралық байланыстар

Токтың әрекетін түсіндіргенде химия және биология пәнімен, ал ток күшін есептегенде математика пәнімен байланыс

Бастапқы білім

ХБЖ; электр заряды; электр өрісі; электрометр, электроскоп ұғымдарымен таныс.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтың жоспарланған әрекеттері

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 мин

  • Ой қозғау. Оқушалар топта талқылайды, оқулықты қолдануларына болады.
  • топ. Ток болуы үшін қандай шарт орындалу керек?
  • топ. Қазіргі таңда электр тогының қандай әсері қолданысқа ие?
  • топ. Ток көзіне энергетикалық сипаттама бер.
  • топ. Электр тогын өлшеуге болама? Қалай?

Оқушылар топта талқылайды, мұғалім кері байланыс жасай отырып оқушыларды бүгінгі сабақтың мақсатына қарай бағыттайды.

2) Мақсатты болжау. Оқушылармен бірге анықталады

  • электр тогы ұғымын түсіндіру;
  • электр тогының әрекетін сипаттау;
  • электр схемасын графикалық бейнелеуде электр тізбегі элементтерінің шартты белгілерін қолдану;
  • ток күшін сипаттау және қолдану

Презентация

Сабақтың ортасы

5-15 мин

15-25 мин

25-35 мин

35-38 мин

3) Түсіндіру. Презентацияны қолданып мұғалім түсіндіреді.

Электр тогы – зарядталған бөлшектердің бағытталған қозғалысы

Ток болуы үшін қажетті шарттар

  • Еркін q зарядтардың бар болуы.( электрондар, иондар)
  • Электр өрісінің бар болуы.

Өткізгіштің көлденең қимасы арқылы қандай да бір уақыт аралығында тасымалданатын электр мөлшерінің сол уақыт аралығына қатынасы Ток күші деп аталады

I=q/t

I –ток күші

q-электр заряд

t-уақыт

Алғаш рет « электр тоғы» түсінігін енгізген француз ғалымы Андре Ампер болды

Амперметр тізбектей жалғанады. Құралдың (+) таңбасы бар клеммасынток көзінің (+) полюсінен басталатын сыммен жалғайды, ал (-) таңбасын ток көзінің сәйкесінше (-) полюсімен жалғайды.

4) Сабақты бекіту.

а) Оқушылар теориялық материалды игеру деңгейін анықтау үшін тест тапсырмаларын орындайды.

Дұрыс жауаптарын пайдаланып оқушылар өзара бағалау жасайды және бір -біріне кері байланыс жасайды.

b) Оқушылар есептер шығару үшін ток күшінің формуласын қолданады.

1.Өткізгіш арқылы 3,6· Кл заряды

30 минут ішінде өтеді. Өткізгіштегі ток күшін анықтаңдар.

2. Өткізгіштегі ток күші 1,5 мА және оның созу уақыты 50 с болса, өткізгіш арқылы өткен заряд шамасын анықтаңдар.

3. 10 мин ішінде электр шамы арқылы 300 Кл электр мөлшері өтеді. Шамның ток күшін табыңыз

4. Егер сымдардағы ток күші 5 А болса, онда электрплита арқылы10 мин ішінде өтетін электр мөлшерін табыңыз

5. Егер тізбектегі ток күші 12 мА болса, онда 2 мин қосылған Гальванометрдің катушка арқылы

өтетін электр мөлшерін табыңыз

Бағалау критерийлері:

Ток күшін біледі және есеп шығаруда қолданады

Оқушылар өзін-өзі тесереді және бір-біріне кері байланыс жасайды

Таратпа материал

Сабақтың соңы

38-40 мин

5) Рефлексия: бағдаршам (әртүрлі түсіндегі пластиктан жасалған стакандарын қолдана отырып, оқушылардың жаңа тақырыбын қаншалықты түсінікті екендігін анықтау).

6) Үй жұмысы

§35-36 оқу

Рефлексиялық құралдар

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жос-парлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың мате-риалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіп-сіздік техникасының сақталуы

Қалыптастырушы бағалау нәтижелері;

Сабақ үстіндегі есептердің жауаптары;

Оқушылардың бір-бірін бағалау

Физика кабинеттіндегі қауіпсіздік техника сақтау ережелерін сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу