алу
👈 қаріп өлшемі 👉
қосу

Электр тогы.Ток көздері.Ток күші.Амперметр. Физика, 8 сынып, дидактикалық материал.


Сабақтың тақырыбы: Электр тогы.Токкөздері.Ток күші.Амперметр

Оқу мақсаты:

8.4.2.1 – электр тогы ұғымын және электр тогының пайда болу шарттарын түсіндіру

8.4.2.2 – электр схемасын графикалық бейнелеуде электр тізбегі элементтерінің шартты белгілерін қолдану;

Тапсырмалар:

1) Электр тогының пайда болу мен бар болу шарттарын атаңдар

2) Шам арқылы 10 минут ішінде 300 Кл заряд өтетін болса шамдағы ток күшін есептеңдер

3) Амперметр арқылы өтетін токтың күші 12 мА. Амперметр тізбекке 4 минут бойы жалғанатын болса, ол арқылы өтетін зарядын анықтаңдар

4) Өткізгіш арқылы өтетін ток күші 9,6 мкА. Өткізгіш арқылы өткен электрон саны 30 миллиард. Электрондардың өткізгіш арқылы өту уақытын есептеңдер

5) ¼ минут ішінде тізбек арқылы 15 Кл электр заряды өтетін болса, ток күші қандай?

6) Электр шамы арқылы әр секунд сайын 0,2 Кл заряд өтетін болса, ток күші қандай?

7) Электр тізбегіне қосылған амперметр 2 А-ді көрсетсе, бір минут ішінде тізбек арқылы өтетін зарядтың шамасы қандай болады?

8) Амперметрге қосылған өткізгіш арқылы 10 минутта 60 мА ток жүретін болса, осы уақыт ішінде амперметр арқылы қандай заряд өтеді?

Өзіңді тексер!

Төменде аталған құбылыстардың мысалдарына сәйкес келеді…

А. токтың жылулық әрекеті

Б. токтың химиялық әрекеті?

В. Токтың магниттік әрекеті?

Г. Токтың механикалық әрекеті?

  • Электр шамының жарығы.
  • Егер изоляцияланған сымды шегеге орап және оныңұштарын

батареяның полюстеріне қосып ол ұсақ темір заттарды тартады.

  • Егер тогы бар раманы магнит полюстерінің арасына орналастырсақ,

онда рама бұрылады.

  • Егер мыс купоросының ерітіндісіне аккумулятордың полюстерімен

жалғанған екі темір өзекшелерін түсірсек, онда бірнеше уақыт соң оның

біреуінде мыс бөлінеді.

  • Электр шәйнекте су қайнады.
  • Электр тогының көмегімен металл заттарды никелдеу, хромдау,

күміспен жалату жүзеге асады

7. Электр өрісінің әрекетінен кварц пластинкасы тербеледі

Физикалық диктант

1. Ток күшін өлшейтін құралды _________________деп атайды.

2. Ол тізбекке қалай ______________қосылады?

3. 1А═1А 1мА═ 1мкА═ 1кА═

4. Алғашрет «электр тогы» түсінігін физикаға енгізген француз ғалымы............

5. Ток күшінің формуласы.

6. Ток күшін ____ әрпімен белгілейміз.

7. Өткізгіштің көлденең қимасы арқылы 1 минут сайын 42 Кл-ға тең электр заряды өткен кездегі өткізгіштегі ток күшін есептеңдер.

8. Ток күші 0,5 Аболғанда 7,7 Кл зарядты тасымалдау қанша уақытқа созылады?

9. 1 сағатта 25 Кл заряд өту үшін өткізгіштегі ток күші қандай болу керек?


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:

Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Оқу-ағарту бірінші вице-министрі: ЖАЗҒЫ КАНИКУЛ 90 КҮНГЕ СОЗЫЛАДЫ 29.05.2023
» Шетелге шығу турларының құны бір жыл ішінде қалай өзгерді ? 19.05.2023
» Соңғы қоңырау 2023 жылы қашан болады ? 15.05.2023

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы