Кулон заңына есептер шағару. Физика, 8 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.2А Электр өрісі | Мектеп: НЗМ Талдықорған қ | ||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Султанова И.А. | ||||||||||
Сынып: 8 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||
Сабақ тақырыбы | Кулон заңына есептер шағару | ||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.4.1.5 - Кулон заңын есептер шығаруда қолдану; | ||||||||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: Кулон заңының математикалық өрнегін білу, есептер шығаруда қолдана алу. Оқушылардың басым бөлігі: Кулон заңының тұжырымдамасын түсіну, есептер шығаруда қолдана алу. Кейбір оқушылар: Күрделі есептер шығаруда Кулон заңын қолдана алу. | ||||||||||
Жетістік критерийлері | Кулон заңының математикалық өрнегін біледі, есептер шығаруда қолдана алады. Кулон заңының тұжырымдамасын түсінеді, Күрделі есептер шығаруда Кулон заңын қолдана алады. | ||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Диалогқа/жазуға қажетті сөз тіркестері Біртектес зарядтар тебіледі, әртектес зарядтар тартылады. Диэлектрик өтімділік, зарядтардың көбейтіндісіне тура пропорционал, арақашықтығына кері пропорционал. | ||||||||||
Құндылықтарды дарыту
|
Мұғалім және оқушылар бір-біріне өзара көмек және қолдау көрсетеді. | ||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Математика | ||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Learningapps.org платформасын қолданып оқушылардың АКТ дағдыларын дамыту | ||||||||||
Бастапқы білім | Денелердің электрленуі, электр зарядының сақталу заңы. 7 сынып бағдарламасынан ауырлық күші | ||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||
Сабақтың басы
0-10 мин | Ой қозғау. Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру. Learningapps.org платформасын қолдану арқылы оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. Оқушылардың зерделеу қабілетін, елестету, салыстыру, байқағыштық жалпыдан негізгіні айыра алу, ұқастықты табу қасиеттерін дамыту. Оқушылармен бірге сабақтың мақсатын және тақырыбын ашу. | Learningapps.org Платформасы | |||||||||
Сабақтың ортасы 10-25 мин 25-30 мин | Сыныппен жұмыс. Мұғалім Оқушылармен бірге ОМ негізделіп іріктелген тапсырмаларды орындайды. ОМ: 8.4.1.5 - Кулон заңын есептер шығаруда қолдану; Жетістік критерийлері:
Дескрипторлар: Кулон күшінің формуласын қолданады; Әрекеттесу күшін анықтайды; Зарядтар арасындағы әсерлесу арақашықты анықтайды; Зарядтардың шамасын анықтайды; Ауырлық және Кулон күшін қолдану арқылы зарядталған дененің массасын анықтайды; Диэлектрик өтімділігін анықтайды. Оқушылармен әр есепке өзара талқылау жүргізу арқылы жоғарғы деңгейдегі дағдыларын дамыту. Сонымен қатар оқушылардың белсенді тыңдау, академиялық сөз қорын, өзара әрекет дағдыларын дамыту жүзеге асады. Оқушылар. Өзін-өзі бағалау. Forms платформасында орындалған тапсырмалар бойынша өзін өзі бағалайды. | Қосымша 1 https://forms.office.com/ | |||||||||
Сабақтың соңы 30-40 мин | Сабақты қорытындылау Үйге тапсырма Оқушылардан кері байланыс алу Ең пайдалы тұстары және түсінуге ең қиын болған тұстары | Қосымша 2 Padlet.com | |||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады | Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | |||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | |||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру