Отын энергиясы. Отынның меншікті жану жылуы. Физика, 8 сынып, қосымша материал.


Теориялық материал

Денені қыздыруға қажетті энергияны отын жаққанда алады. Қарапайым отын – көмір, мұнай, бензин және тағы басқаларының құрамында көміртек бар. Жану кезінде көміртек атомдары ауадағы оттектің атомдарыман қосылып, көмірқышқыл газының молекулаларын құрайды. Нәтижесін мол энергия бөлінеді.Массасы 1 кг отын толық жанғанда бөлінетін жылу мөлшерін көрсететін физикалық шаманы отынның меншікті жану жылуы деп атайды.q – отынның меншікті жану жылуы. Өлшем бірлігі 1 Дж/кг.Кез келген массасы m отын толық жанғанда бөлінетін Q жылу мөлшерін есептеу үшін q меншікті жану жылуын жанған отынның массасына көбейту керек:Қазақстан Республикасында отын - энергетикалық ресурстардың мол қоры бар. Соңғы жылдары еліміздің отын - энергетикалық баланс құрылымында аса көп өзгерістер болды. 50 - жылдары отынның негізгі түрі көмір болса, қазіргі кезде көмірсутекті шикізат – мұнай мен газ алдыңғы қатарға шықты.Қазақстанда 300 - ден астам көмір кен орындары белгілі, олар көбіне Орталық Қазақстанда шоғырланған. Бұл аймақтарда тас көмір көп, ал еліміздің солтүстігі мен оңтүстігінде қоңыр көмір жиі кездеседі. Көп қолданысқа ие болған көмір кен орындарына Қарағанды және Екібастұз кен орындары жатады. Қарағандының тас көмірінің жану жылуы 33, 5 - 33, 6 МДж/кг, ал Екібастұз таскөмірінің жану жылуы 31, 8 - 34, 3 МДж/кг, ал Торғай өңірінің көмірінің жану жылуы 27, 2 - 28, 9 МДж/кг, Майкөбенің қоңыр көмірінің жану жылуы 29, 3 - 31, 4 МДж/кг.Көмірсутекті шикізаттың жалпы қоры бойынша Қазақстан ТМД елдерінің ішінде Ресей мемлекетінен кейін екінші орынды иеленеді, ал әлемдік деңгейде Сауд Арабиясы, Кувейт және Біріккен Араб Әмірліктері мемлекеттерімен қатарласа алады. Жанатын пайдалы қазбаларға жататын мұнай мен газ бассейні Қазақстанның батыс аймағында кездеседі. «Атырау, Ембі, Маңғыстау».Өткен ғасырдың 80 - жылдарынан бастап ас ірі мұнай қорын игеру басталды. Ол – Атырау облысының оңтүстік - шығысындағы «Теңіз» мұнай кен орны.Отын - энергетикалық өндірістің болашағы газ болып табылады, себеі газ жанады, ауаны ластамайды және құбырлар арқылы жеңіл тасымалданады. Қазақстандағы ірі газ кен орны – Қарашығанақ, онда еліміздегі бүкіл газ қорының 70%- і жинақталған.Энергияның сақталу заңы:Энергия жоғалмайды және жоқтан пайда болмайды. Ол тек бір денеден екінші денеге беріледі немесе бірдей мөлшерде бір түрден екінші түрге айналады.Энергияның сақталу және айналу заңы:Тұйықталған және жылулық оқшауланған денелер жүйесінің толық энергиясы - осы жүйеде болатын кез келген өзгерістер кезінде сақталады.

Тапсырмалардың бағалау критерийлері:

1. Отын энергиясының формуласын есептер шығаруда қолдана алады.

2. Физикалық шамалардың өлшем бірлігін ХБЖ ауыстыра алады. 3. Белгісіз шаманың формуласын дұрыс қорытып шығарады.

4. Берілген шамалардың мәндерін пайдаланып, дұрыс есептеулер жүргізе алады

Тапсырмалардың жауаптары:

1. t = 16 oC

2. 34 %

3. 0,153 кг

Қабілетті оқушыларға берілетін тапсырма жауаптары

1. 9 есе

2. 8,2 г

Үй жұмысы жауаптары

1. 8,8107 Дж

2. 4 кг

3. 1,65108 Дж



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу