Отын энергиясы. Отынның меншікті жану жылуы. Физика, 8 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Жылу құбылыстары

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Отын энергиясы. Отынның меншікті жану жылуы.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.3.2.7 – отынның жануы кезінде бөлінген жылу мөлшерін анықтау

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар білуі тиіс:

  • Отының меншікті жану жылуының физикалық мағынасын түсіну;
  • Меншікті жану жылуының формуласын есептер шығару барысында дұрыс қолдана алу;
  • Отын энергиясы мен отының меншікті жану жылуы арасындағы байланысты көрсету;
  • Отынның меншікті жану жылуының өлшем бірлігін білу.

 Бағалау критерийлері

1. Отының меншікті жану жылуының физикалық мағынасын түсіндіреді;

2. Меншікті жану жылуының формуласын есептер шығару барысында дұрыс қолданады;

3. Отын энергиясы мен отының меншікті жану жылуы арасындағы байланысты көрсете алады;

4. Отынның меншікті жану жылуының өлшем бірлігін біледі.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар білуі тиіс:

Отының меншікті жану жылуының физикалық мағынасын ауызша түсіндіру.

Отын энергиясы мен отының меншікті жану жылуы арасындағы байланысты көрсететін формуланы есептер шығаруда қолдана алу.

Пәнге тән лексика мен терминология:

Меншікті жану жылуы, отын энергиясы, температура, заттың массасы.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Отының меншікті жану жылуы дегеніміз........................

Отын энергиясы деп ...............................

 Құндылықтарды дарыту

 

Бұл сабақ ұйымшылдық, ынтымақтастық, жауапкершілік және сыйластық құндылықтарын дарытуға бағытталған.

 Пәнаралық байланыстар

Физикалық шамалардың мәндерін инженерлік калькулятордың көмегімен дұрыс есептей білу, теңдеуді шешу және сандарды жуықтауды дұрыс орындау.

Бастапқы білім

Оқушылар жылу мөлшері мен энергияның сақталу заңын біледі. Жылу энергиясы ұғымын түсінеді.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-10 мин

10-15 мин

1. «Сағат» әдісі арқылы оқушылармен өткен тақырыпқа байланысты қайталау жүргізу. Ол үшін оқушылар шеңбер бойымен тұрады. Сағат тілінің бағыты бойынша оқушылар бір-біріне сұрақтар қойып, жауап береді. Мысалы:

  • Жылу мөлшері дегеніміз не?
  • Жылу мөлшерін анықтайтын формулада қандай физикалық шамалар қатысады?
  • Дене жылығанда немесе суығанда оның ішкі энергиясында өзгерістер бола ма?
  • Заттың меншікті жылу сыйымдылығының мағынасын түсіндір?

Мұғалім сырттай бақылайды, әрбір оқушының жауабына кері байланыс жасайды.

2. Ой қозғау. Энергияны қалай алуға болады? Энергия сарқыла ма? Үнемдеу үшін қандай шаралар қолдануға болады?

Алдымен оқушылар жұпта талқылайды. Содан соң мүғалім әр жұптың пікірін тыңдап, кері байланыс жасай отырып бүгінгі сабақтың мақсатын анықтауға бағыттайды.

3. Мақсатты болжау. Оқушылармен бірге сабақ мақсаты анықталады:

  • Отының меншікті жану жылуының физикалық мағынасын түсіну;
  • Меншікті жану жылуының формуласын есептер шығару барысында дұрыс қолдана алу;
  • Отын энергиясы мен отының меншікті жану жылуы арасындағы байланысты көрсету;
  • Отынның меншікті жану жылуының өлшем бірлігін білу.

Сабақтың ортасы

15-20 мин

20-35 мин

4. Түсіндіру.

Отын энергиясы және отынның меншікті жану жылуының физикалық мағынасы түсіндіріледі. Отын энергиясы Жану кезінде бір көміртек атомы аудағы оттектің екі атомымен қосылып, көмірқышқыл газының бір молекуласын құрайды. Нәтижесінде өте көп энергия бөлінеді. Отынның меншікті жану жылуы-массасы 1кг отын жанғанда бөлінетін жылу мөлшерін

көрсететін физикалық шама. Белгіленуі: q

ХБЖ-де меншікті жану жылуының өлшем бірлігі Дж/кг `өрнектеледі.

5. Сабақты бекіту. Оқушылар төмендегі тапсырмаларды орындау үшін отын энергиясының формуласын қолданады.

Тапсырмалар:

1. ПӘК-і 40 пеште 0,5 кг ағаш көмірін жағып көлемі 100 л суды қанша градусқа дейін жылытуға болады? с4200 Дж/кг0С, 1000 кг/м3, q=34106Дж/кг.

2. Спирт шамымен массасы 400 г суды 160С-тан 710С-қа дейін қыздырды. Ол үшін 10 г спирт жанған болса, қондырғының ПӘК-і қандай? с4200 Дж/кг0С, q=27106 Дж/кг.

3. Массасы 100 г бензин толық жанғанда бөлініп шығатын жылу мөлшеріндей жылу алу үшін, қанша тас көмір жағу керек? qб=4,6107Дж/кг, qк=3107Дж/кг.

Бағалау критерийлері:

1. Отын энергиясының формуласын есептер шығаруда қолдана алады.

2. Физикалық шамалардың өлшем бірлігін ХБЖ ауыстыра алады. 3. Белгісіз шаманың формуласын дұрыс қорытып шығарады.

4. Берілген шамалардың мәндерін пайдаланып, дұрыс есептеулер жүргізе алады

Қабілетті оқушыларға берілетін тапсырмалар:

1. Массасы 1 кг сутегі толық жанғанда бөлінетін жылу мөлшері сондай құрғақ қайың толық жанғанда бөлініп шығатын жылудан неше есе артық? qс=120106Дж/кг. qа=13106Дж/кг. 2.Газ плитасының үстінде тұрған массасы 2 кг алюминий ыдыстың ішіндегі массасы 1 кг суды 200С-тан 800С-қа дейін қыздыру үшін қанша табиғи газ жағу қажет? (Шығын ескерілмесін). с4200 Дж/кг0С, q=44106Дж/кг, са920 Дж/кг0С.

Презентация

 

Бақынов, физика есептер жинағы

Сабақтың соңы

35-40 мин

7. Рефлексия

Мұғалім тапсырманың орындалу деңгейін талқылай отырып, сабақ мақсатына оралады. Келесі сабақты жоспарлау үшін оқушыларға сұрақтар қойылады:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет.

Сұрақтар ауызша немесе жазбаша талқылануы мүмкін.

8. Үйге тапсырма:

1. Массасы 2 кг табиғи газ толық жанғанда қанша жылу мөлшері бөлініп шығады? q=4,4107Дж/кг.

2. ПӘК-і 30 пеште 0,5 кг ағашты толық жағып, қанша суды қайнатуға болады? Судың бастапқы температурасы 100С. с4200 Дж/кг0С, q=10106 Дж/кг.

3. Көлемі 3 л керосинді көлемі 1 л спиртпен араластырды. Осы отын жанғанда бөлініп шығатын жылу мөлшері қандай? qк=4,6107Дж/кг, qс=2,7107Дж/кг, к800 кг/м3, сп800 кг/м3

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар: отынның меншікті жану жылуының физикалық мағынасын түсініп, формуласын білуі керек.

Көпшілік оқушылар:отынның энергиясы қандай параметрлерге тәуелді екендігін біліп, қарапайым есептерде қолдана білулері керек.

- «Сағат» әдісін пайдаланып сұрақ-жауап арқылы бағалау;

- Есептер шығарту арқылы олардың қолдану дағдыларын бағалау;

Топтық жұмыс барысында қауіпсіздік ережесін сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу