Ішкi энергия. Ішкi энергияны өзгерту тәсiлдерi. Физика, 8 сынып, презентация.


Энергия. Энергияның сақталу заңы

Ішкі энергия

Ішкі энергияны өзгерту тәсілдері

Тақырып мазмұны

Ішкі энергия.

Ішкі энергияны өзгерту тәсілдері

7 сыныпта өткен оқу мақсаттарын қайталау, еске түсіру

7.2.3.2 - механикалық энергияның екі түрін ажырату;

7.2.3.5 –энергияның түрленуіне мысалдар келтіру;

І топ механикалық энергияның түрлерін ажыратады

ІІ топ энергияның түрленуіне мысалдар келтіреді

ІІІ топ екі топтың жұмысының нәтижесін талдайды және механикалықэнергияның сақталу заңын тұжырымдайды

Бағалау критерийлері:

Механикалық энергияның түрлерін біледі.

Механикалық энергияның түрленуіне мысалдар келтіре алады

Механикалық энергияның сақталу заңын дұрыс тұжырымдайды.

Энергия. Ішкі энергияның сақталу заңы

Механикалық энергияның екі түрі бар екенін білеміз. Кез келген қозғалатын дененің кинетикалық энергиясы бар. Потенциалдық энергия бір дене бөліктерінің немесе өзара әсерлесетін денелердің өзара орналасуымен анықталады.

Болат шар құлаған кезде, шардың потенциалдық энергиясы азаяды, бірақ жылдамдығы артады, сәйкесінше, кинетикалық энергиясы өседі. Демек, потенциалдық энергия кинетикалық энергияға айналады. Болат пластинамен соғылғаннан кейін, шар тоқтайды. Шардың пластинаға қатысты потенциалдық энергиясы мен кинетикалық энергиясы нөлге тең болады. Бұл шардың энергиясы жоғалып кеткенін білдіреді ме?

Механикалық энергия энергияның басқа түріне айналады. Соққы кезінде шар мен пластиналар деформацияланады. Айта кету керек, соққының әсерінен беттер жылынады. Жылыну кезінде молекулалардың кинетикалық энергиясы мен олардың өзара әрекеттесуінің потенциалдық энергиясы артады.

Оқу мақсаттары:

Дене температурасының артуы оның ішкі энергиясының артуымен байланысты екенін түсіну

Дененің ішкі энергиясы денені құрайтын бөлшектердің ретсіз қозғалысының кинетикалық және олардың өзара әрекеттесуінің потенциалдық энергиясының қосындысы екенін түсіну

Ішкі энергияны өзгертудің тәсілдерін түсіну

Цилиндрдегі су жылиды, қайнайды, бу пайда болады

Қызған бу ұлғаяды және

тығынды итереді.

Будың ішкі энергиясы

тығынның механикалық

энергиясына айналады.

Түсіндіру.

Сығылған ауа тығынды шығарады және бір мезгілде салқындайды.

Неліктен?

Егер дененің өзі

механикалық жұмыс жасайтын болса, дененің ішкі энергиясы азаяды

Ішкі энергия

Ішкі энергия – бұл денені құрайтын бөлшектердің ретсіз қозғалысының энергиясы мен олардың өзара әрекеттесу энергиясы. Ішкі энергия U әрпімен белгіленеді. Өлшем бірлігі Джоуль (1 Дж).

Ек молекулалардың қозғалыс жылдамдығына байланысты (температура)

Молекулалардың кинетикалық энергиясы бар, өйткені үздіксіз қозғалады

Еп молекулалар арасындағы қашықтыққа байланысты

(заттың агрегаттық күйі)

Молекулалардың потенциалдық энергиясы бар, өйткені бір-бірімен өзара әрекеттеседі

Дененің ішкі энергиясы

U =N(Еп + Ек) дененің барлық молекуласы

Егер υ , онда t ↑ дененің ішкі энергиясы температураға байланысты

Дененің ішкі энергиясы тәуелді:

Дененің температурасына

Дененің массасына

Заттың агрегаттық күйіне

Газ, сұйық және қатты дене арасындағы айырмашылық: молекулалар арасындағы қашықтық және олардың қозғалыс жылдамдығы

Дененің ішкі энергиясы – бұл денені құрайтын барлық молекулалардың жалпы энергиясы.

Дененің ішкі энергиясы денені құрайтын молекулалардың энергияларының қосындысына тең. Дененің молекулалары неғұрлым көп болса, соғұрлым оның ішкі энергиясы жоғары болады. Дененің массасы денені құрайтын бөлшектердің массаларының қосындысына тең болғандықтан, ішкі энергия массадан тәуелді

Дененің ішкі энергиясы, дененің механикалық қозғалысына және басқа денеге қатысты тұрған орнына байланысты емес. Мысалы, үстелдің үстінде және еденде жатқан доптың ішкі энергиялары бірдей (молекулалардың өзара әрекеттесуінің потенциалдық энергиясы өзгермейді.) Демек, тыныштықтағы және қозғалыстағы шарлардың ішкі энергиялары бірдей.

Дененің ішкі энергиясын өзгерту бойынша тәжирибелер:

тиынды картонға үйкеу,

сымды бір жерден бірнеше рет майыстыру,

термометрді қолдың жылуымен жылыту және т.б.

Ішкі энергияны өзгерту тәсілдері

Жұмыс жасау

Жылу берілу

Жылуөткізгіштік

Конвекция

Сәулелену

Түтікті арқанмен үйкелеу кезіндегі жұмыс жасалу есебінен ішкі энергияның артуы болды

1 тәсіл

Жүйенің ішкі энергиясын жүйеде механикалық жұмыс жасау арқылы арттыруға болады

(үйкеліс, соққы, деформация:майысу немесе бұралу)

100⁰ С

60⁰ С

Металл цилиндр өзінің ішкі энергиясының бір бөлігін суға берді.

2 тәсіл

Жылу берілу -бір обьектіден екінші обьектіге жылуды тасымалдау процессі

Суретте дененің ішкі энергиясын өзгертудің бірнеше тәсілдері көрсетілген.

Сабақты бекіту.

Арқанға жабысып тез

сырғанап түскен кезде,

қолдың күйіп қалатыны

неліктен?

Қай ыдыста температура жоғары?

Ыстық суға батырғанда кеспектер үшін ішкі энергия өзгерісі бірдей бола ма?

Сіріңке шырпысының тұтану себептерінің ұқсастығы мен айырмашылығы қандай?

Сабақты бекіту.

Бағалау критерийлері:

1. Дененің ішкі энергиясын өзгертудің тәсілдерін біледі.

2. Қай ыдыста температура жоғары екенін түсіндіре алады.

3. Ішкі энергияның массаға тәуелділігін түсіндіре алады.

4.Сіріңке шырпысының тұтану себептерінің ұқсастығы мен айырмашылығын түсіндіре алады.

5. Арқанға жабысып тез сырғанап түскенде неліктен қолдың күйіп қалатынын түсіндіре алады.

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

немен жұмысты жалғастыру қажет

Үйге тапсырма:

"Ішкi энергия. Ішкi энергияны өзгерту тәсiлдерi"

тақырыбын оқу



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу