алу
👈 қаріп өлшемі 👉
қосу

Ішкi энергия. Ішкi энергияны өзгерту тәсiлдерi. Физика, 8 сынып, қосымша материал.


Сабақ тақырыбы: Ішкi энергия. Ішкi энергияны өзгерту тәсiлдерi

Оқу мақсаты: Дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдерін сипаттау

Теориялық материал

Дененің толық энергиясын емес, ішкі энергиясының өзгерісін ғана өлшеуге болады. Дене қатты, сұйық және газ тәрізді бола ма әлде тұтас немесе майда ұнтақталған күйде ме бәрібір дененің ішкі энергиясы оның температурасына байланысты. Дененің температурасы артқан сайын оның ішкі энергиясы да артады, өйткені молекулалар қозғалысының орташа кинетикалық энергиясы артады.Қатты дененің ұсақталған бөліктері өте үлкен потенциалдық энергияға ие болатындықтан, тұтас денеге қарағанда, ұсақталған жаныштап тозаңға айналдырылған дененің ішкі энергиясы көп болады. Көп жағдайда дене бөлшектерінің кинетикалық және потенциалдық энергиялары қатар өзгереді.Санақ жүйесін таңдап алуға байланысты дененің толық механикалық энергиясының болмауы да мүмкін, мысалы, жерде жатқан допты жерге қатысты қарастыру кезінде. Әрқашан дененің ішкі энергиясы болады. Ішкі энергия дененің қозғалысына да, бұл дененің басқа денелерге қатысты тұрған орнына да тәуелді емес.Әрдайым ішкі энергияның белгілі қоры бола тұрса да, дене механикалық энергияға: потенциалдық не кинетикалық немесе потенциалдық, әрі кинетикалық энергияға ие бола алады. Мысалы, Жер бетінен біршама биіктікте ұшып бара жатқан ұшақтың ішкі энергиясымен қатар, кинетикалық әрі потенциалдық энергиясы бар.Біз тек жылу процесіндегі ішкі энергияны әрі олардың өзгерісін ғана қарастырамыз, ішкі энергия U әрпімен, ал оның өзгерісі ∆U таңбасымен белгіленеді.

Дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдері: жылу алмасу және жұмыс жасау. Жылу алмасу деп бір денеден энергия температурасы төмен келесі денеге берілуін айтады.

Денемен немесе дененің өзімен жұмыс жасамай, жылу алмасу арқылы ішкі энергияны өзгерту тәсілі жылу беру деп атайды.

  

Жұмыс істеу арқылы. Цилиндр поршені астындағы газды ұлғайту 

Жұмыс істеу Цилиндр поршені астындағы газды сығу 

Идеал газдың ішкі энергиясы тек температураға тәуелді.Қыздырған кезде ішкі энергия артады.Егер газдың температурасы өзгермесе ,ішкі энергияда өзгермейді.

Тест жауаптары : 1D 2A 3С


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:

Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Оқу-ағарту бірінші вице-министрі: ЖАЗҒЫ КАНИКУЛ 90 КҮНГЕ СОЗЫЛАДЫ 29.05.2023
» Шетелге шығу турларының құны бір жыл ішінде қалай өзгерді ? 19.05.2023
» Соңғы қоңырау 2023 жылы қашан болады ? 15.05.2023

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы