![]() |
|
![]() |
Ішкi энергия. Ішкi энергияны өзгерту тәсiлдерi. Физика, 8 сынып, дидактикалық материал.
Сабақ тақырыбы: Ішкi энергия. Ішкi энергияны өзгерту тәсiлдерi
Оқу мақсаты: Дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдерін сипаттау
Қайталау үшін берілген тапсырма
а)Осы термометрдің шкаласының бөлік құнын және өлшеудің төменгі және жоғарғы шегін анықтаңдар
b)Дене батырылмай тұрғандағы судың температурасын абсолют қателігімен жазыңдар
с)Суға жез цилиндрді салғанда температура көрсеткіші 36 0С төмендеді.Су температурасының төмендеу себебін түсіндіріңдер.
Сабақты түсіндіру үшін берілген сұрақтар.
1) Стақандарға бірдей мөлшерде ыстық және суық су құйылған. Қай стақандағы судың ішкі энергиясы жоғары екендігін түсіндір
2) Тиынның ішкі энергиясын өзгертудің жолдарын анықтаңдар
Сабақты бекіту үшін берілетін тапсырмалар
Ішкі энергиясы өзгеретін дене | Ішкі энергиясы | Ішкі энергияның өзгерту тәсілі |
Қыздырылған үтік қоршаған ортамен жылу алмасты | ||
Плитаға ыдысты қойғанда ол қызды , осы кезде ыдыстың | ||
Машина кенет тежелгенде оның дөңгелегі қызып кетті | ||
Қыста тоңғанда секіріп біз жылынуымызға болады | ||
Терезе шынысы күн сәулесі түскенде қызды |
2) Суретке қарап дененің ішкі энергиясын өзгертудің тәсілдерін атаңдар.
3) Балғамен темірді ұрғанда, балға қызады. Қатты ыстық күндері күннің астында қалып қойған балға да қызады.Балғаның ішкі энергиясын өзгертудің тәсілдерін атап, түсіндіріңдер.
4) Екі латуннан жасалған шарик бірдей биіктіктен құлайды. Бірі топыраққа, екіншісі тасқа соғылысымен біршама биіктікте шарикті ұстап алады.Шариктердің ішінде қайсысы ішкі энергиясын көп өзгертті. Себебін түсіндір
Тест тапсырмалары:
1. Денені құрайтын бөлшектердің өздік әсерлесуінің потенциалдық энергиясының және олардың бейберекет жылулық қозғалысының кинетикалық энергиясының қосындысынан тұратын шаманы ... деп атайды.a) Сыртқы энергия;b) Меншікті энергия;c) Меншіксіз энергия;d) Ішкі энергия.2. Дененің эшкі энергиясын қалай өзгертуге болады?a) Механикалық жұмыс істеу және жылу алмасу арқылы;b) Сәулелендіру арқылы;c) Қайнату арқылы;d) Жүйені тұйықтау арқылы.3. Денеге жылу алмасу жолымен берілетін энергияны .... деп атайды.a) Жылу сыйымдылық;b) Жылу мөлшері;c) Ішкі энергия;d) Жұмыс.
Жауаптары: 1D 2A 3С
Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Қарап көріңіз 👇
Жаңалықтар:
» Оқу-ағарту бірінші вице-министрі: ЖАЗҒЫ КАНИКУЛ 90 КҮНГЕ СОЗЫЛАДЫ 29.05.2023
» Шетелге шығу турларының құны бір жыл ішінде қалай өзгерді ? 19.05.2023
» Соңғы қоңырау 2023 жылы қашан болады ? 15.05.2023