Жан жадыратар әуен. Музыка, 6 сынып, презентация. 2 сабақ.
Сабақ тақырыбы:
Жан жадыратар әуен
2 сабақ
Сабақ мақсаты
Өнердің басқа түрлерімен байланысын анықтайды;
Музыкалық терминологияны қолданып талдау жұмысын жүргізеді;
Әннің көркем бейнесін орындау барысында көрсетеді.
Бағалау критерийлері
Пәндік терминологияны қолдана отырып, тыңдалған музыкалық шығарманы, талдайды;
Анимациядағы музыка рөлін түсінеді;
Өнердің басқа түрлерімен байланысын табады;
Әннің көңіл-күйі мен көркем бейнесін жеткізе отырып, орындайды.
Тапсырма. Тыңдау және талдау.
Т. Қажғалиевтің «Қыз қуу» күйін тыңдау. Тыңдалған шығарманың тарихын, мазмұнын, басты кейіпкерлерін ойлап табу.
Күйдің көңіл-күйі қандай?
Күйді тыңдау барысында қандай көріністі еслестеттіңіз?
Сіздің ойыңызша, қандай басыт кейіпкерлер болуы мүмкін?
Олардың суретін салыңыз.
Тапсырма. Тыңдау.
Дж.Гершвиннің «Блюз стиліндегі рапсодия» шығармасынан үзінді тыңдаңыздар.
Бұндай музыканы немен байланыстыруға болады?
Тыңдаған сәтте сіздерге қандай ой келді?
Бұл шығарманы тыңдағанда көз алдарыңызға музыка арқылы елестеген бейнелерді суреттеп салыңыздар
Тапсырма. Ақпарат іздеу.
Топтық жұмыс.1 топ:
«Анимация» дегеніміз не?
Анимация жанры қашан пайда болды?
2 топ:
Оның ерекшелігі неде?
Аниматорлық фильмде өнердің қандай түрлері бірігеді?
3 топ:
Анимациялық фильмде музыканың рөлі қандай?
Анимацияның қандай түрлерін білесіз?
Тапсырма. Тыңдау және талқылау
Қазақша «Алдар көсе» анимациялық фильмінен үзінді көру.
Анимациялық фильмдегі басты кейіпкер кім?
Үзінді мазмұны не туралы?
Фильмді қайта көріңіз.
Автор фильмді дыбыстауға қандай музыкалық аспапты қолданған?
Сонымен қатар қандай шулы әсерлерді қолданған?
Анимациялық фильм кейіпкерлерін кімдер дыбыстаған, білесіз бе?
Ән үйрену және орындау
С. Апасованың «Я рисую мир» әнін үйрену. Сыныппен орындағанда әуеннің көңіл-күйі мен көркем бейнесін беру. Сыныпта солисттер рөлін анықтау.
Рефлексия:
- Нені жақсартар едіңіз?
- Не сәтті болды?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?