Жан жадыратар әуен. Музыка, 6 сынып, презентация.


Сабақ тақырыбы:

Жан жадыратар әуен

1 сабақ

Сабақ мақсаты

Дж.Гершвиннің «Блюз стиліндегі рапсодия» шығарма үзідісін талдайды;

Компьютерлік бағдарламалар, музыканы көркемдеуші құралдар көмегімен музыка шығарады.

Бағалау критерийлері

Қажетті пәндік терминологияны қолдана отырып, өзінің және өзгенің жұмыстарын талдайды;

Компьютерлік бағдарламалар мүмкіндіктерін көмегімен музыка үзіндісін шығарады.

Тапсырма. Топта талқылау.

1 топ:

Жан жадыратар әуен дегеніміз не?

Демалыс дегеніміз не?

2 топ:

Сіздер қалай демаласыздар?

«жан жадыратар әуен», «демалыс музыкасы» деген сөз не мағына білдіреді? Неге?

Қандай музыканы «жанға жайлы», «демалыс үшін» музыкасына жатқызуға болады

«релакс» сөзін қалай түсінесіздер?

3 топ:

«жан жадыратар әуенді» қандай көркемдік тәсілдер бейнелейді?

Релаксациялық деп қандай музыканы айтуға болады?

4 топ:

релаксация музыкасын шығаруға қандай музыкалық көркемдік тәсілдер көмектеседі?

релаксация музыкасын қайда естуге болады?

неге өмірде «жеңіл» музыка пайда болды?

Сынып алдында өз жауабыңызбен бөлісіңіз.

Тапсырма. Тыңдау.

Дж.Гершвиннің «Блюз стиліндегі рапсодия» шығармасынан үзінді тыңдаңыздар.

Бұндай музыканы немен байланыстыруға болады?

Тыңдаған сәтте сіздерге қандай ой келді?

Бұл шығарманы тыңдағанда көз алдарыңызға музыка арқылы елестеген бейнелерді суреттеп салыңыздар

Дескриптор:

Музыка мен қиялдағы бейнені ұштастыра алады.

Музыка толқындарын ашық түстермен бере алады.

Тыңдаған музыкасын есте сақтау арқылы суреттей алады.

Тапсырма. Талқылау.

Кавер» дегеніміз не?

Қандай музыкаға кавер жасауға болады?

Қандай композициялардың кавер түрін тыңдадыңыз?.

1 топ- «Кавер» дегеніміз не?

2 топ - Кавер үлгілері.

3 топ - Кавер түрлерінің ерекшеліктері.

Тапсырма. Импровизация және музыка шығару.

Қазақ әндері («Дудар-ай», «Құсни-Қорлан»т.б.) негізінде өз кавер түрін құрастыр.

Таңдау:

Әннің кавер түрі;

Компьютер бағдарламасы көмегімен өңделген музыка үзіндісі.

Тапсырмаға арналған критерийлер:

Ән ырғағының сәйкестігі;

Ән үзіндісінің толық орындалуы;

Қазақ әндері негізінде.

Тапсырма. Презентация.

Топтардың сынып алдында орындауы.

Қандай дыбыс әсерлерін қолдандыңыз.

Өз жұмысыңызды қалай бағалайсыз?

Сыныптастарыңыздың жұмысын қалай бағалайсыз?

Нені жақсартуға болады?

Рефлексия:

Жан жадыратар музыкасының ерекшелігі неде?

Музыкалық бағдарламалар көмегінің шығарманы түрлендіруге себебі бар ма?

Кавер- тәсілінің тиімділігі неде?

Lounge музыкасын қай жерлерге қолданар едіңіз?

Ойларыңызды ортаға салып, жасалған туындыларға өз пікірлеріңізді білдіріңіздер.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу