Эстрадалық музыка. Музыка, 6 сынып, дидактикалық материал.1 сабақ.
Эстрадалық өнер
Эстрада, эстрада өнері (франц. estrade, исп. estrado – тақтайша үстел) – көп жанрлы сахналық өнердің бір түрі. Эстрада өнері әр алуан артистердің (әншілер мен бишілер, көркем сөз оқушылар мен акробаттар, конферансье мен музыканттар, т.б.) ойын-сауығынан құралады. Кейде жалғыз артистің өнер көрсетуіне құрылған жеке – соло концерт те болуы ықтимал. Әрбір ойын-сауық нөмірінің ұтымды әрі шапшаң (10 – 15 минуттан) орындалуымен байланысты Эстрада өнердің шағын түрі деп те аталады. Эстрада артистері жасаған сахналық бейнелер психол. жағынан күрделі болмағанымен, олар ашық та жарқын бояуға, гротескіге толы болады. Эстрада өнерінің қайнар көзі еуроп. елдерде жонглерлер (Франция), шпильмандар (Германия), скоморохтар (Ресей), даршылар мен масқарапаздар (Азия), қулар (Қазақстан) сияқты кезбе өнерпаздардың сауығына саяды. Олардың ойын-сауығы сатиралық көріністер мен машықтандыруды, акробатика мен жонглерлік өнерді, ән мен билерді қамтыды. 16 – 17 ғ-ларда Эстрадалық өнердің мұндай түрлері халық сейілдерінде, балағандар мен жәрмеңке алаңдарында одан әрі өркендеу өрісін тапты. 18 ғ-дың басында Англияда ойын-сауықтары ән-билерден, шағын пьеса мен буффонадалық интермедиялардан тұратын мюзик-холлдар пайда болды. Лондон қаласында “Альгамбра” (1890), “Колизей” (1904) атты мюзик-холл құрылып, жұмыс істей бастады.
Эстраданың осы сияқты түрлері дүние жүзінің көптеген елдерінде бой көрсетіп, кеңінен тарады. 18 ғ-дың аяғы мен 19 ғ-дың басында Францияның жәрмеңке театрлары сахнасында көбіне фольклорға негізделген сатиралық өлеңдер мен тақпақтар зор табыспен орындалды. Эстрадасы бар мейрамханалар кафе-шантандар деп аталды. Бұлардың артистері кейде өз ойын-сауықтарымен әлеум. мәселелерді қозғады. Бірақ олар көбіне көңіл көтеруден аспайтын, ой-мазмұны таяз ойын-сауық нөмірлерін орындаумен шектелді. Тыңдаушы-тамашалаушыларға әннің сөзін жеткізу, әннен гөрі сөзге, яғни мелодекломацияға еркін ауысып отыру.
Эстрада өнерінің ерекшелігі болып табылады. 19 ғ-дың 80-жылдары Франциядаимпровизац. ойын-сауықтар қоятын кабарелер ашылды. Бұлардың ойын-сауықтарына ақындар мен музыканттар, орындаушы актерлер, өмірдің көкейтесті мәселелерін қозғайтын өлеңдер мен әндер, сатиралық көріністер мен би нөмірлерін және пародия орындаушылар қатысты. Осы жылдары ойын-сауыққа қатысушы орындаушы-өнерпаздардың аты-жөнін хабарлап тұратын және көрермендермен қызғылықты әңгіме-дүкен құрып отырушы конферансье өнері де өмірге келді.
Ресейде “Летучая мышь” (1908, Мәскеу қаласында) және “Кривое зеркало” (1908, Санкт-Петербургқаласында) деген атпен алғашқы кабарелер ашылды. 20 ғ-да Францияда Ш.Азнавур, И.Монтан, Э.Пиаф, М.Шевалье, М.Матье; АҚШ-та Д.Рид, П.Робсон, П.Сигер, Э.Фицджеральд; Италияда Р.Лоретти; Англияда К.Ричард; Югославияда Р.Караклаич; Чехословакияда К.Готт; Польшада А.Герман; Болгарияда Л.Иванова мен Б.Киров; ТМД елдерінде Л.О. Утесов, Л.А. Русланова, Л.Г. Зыкина, К.И. Шульженко, М.М. Магомаев, И.Д. Кобзон, А.Б. Пугачева, С.М. Ротару, т.б. Э-лық өнердің көрнекті орындаушыларының есімдері дүние жүзіне танылды. Эстрадалық өнердің кейбір элементтері қазақтың әнші-жыршылары мен сал-серілерінің (Ақан сері, Әміре Қашаубаев, Біржан Қожағұлұлы, Ғазиз Файзоллаұлы, Yкілі Ыбырай, т.б.), сондай-ақ халық қуларының (Айдарбек, Зәрубай, Күндебай, т.б.) өнерінен де бой көрсетті. 20 ғ-дың басында белең алған әр түрлі көркемөнерпаздар үйірмелерінің репертуары негізінен жеке ән орындау мен көркем сөз оқудан (өлең, мысал, тақпақ, т.б.) құралды.
Әсіресе, 1920 – 30 ж. кең қанат жайған драма үйірмелерінің ойын-сауық бағдарламасынан шағын пьесалармен қатар ән-күй, күй, көркем сөз оқу да мол орын алды. 20 ғ-дың 1-жартысында Қазақстанда Эстрада өнерінің жан-жақты өркендеп өсуіне кең жол ашылды. Осы жылдары К.Байсейітова, Қ.Жандарбеков, Ж.Елебеков, М.Ержанов, Е.Өмірзақов, Р.Бағланова, Ғ.Құрманғалиев, Ж.Омарова, .Серкебаев, Б.Төлегенова, т.б. есімдері қалың көрермендерге кең танылды. Әсіресе, көркем сөз оқу жанрында ерекше көзге түскен І.Қуанышбаев өзінің өткір сатир. тақырыптағы әңгімелері мен өлеңдерін оқып, қазақ Эстрадасының ілгері дамуына мол үлес қосты. Қуанышбаевтың осы жанрдағы өнері Ш.Айманов, Х.Бөкеева, С.Қожамқұлов, Ф.Шәріпова, Г.Ғалиева, Ә.Жолымбетов, Б.Римова, Т.Жаманқұлов, І.Сұлтанбаев, т.б. сынды көркем сөз оқу шеберлерінің өнеріне игі әсер етті.
20 ғ-дың 60 – 80-жылдары Қазақстанда “Алатау” (Жамбыл), “Арай”, “Ариран”, “Гүлдер”, “Дос-Мұқасан”, “Отырар сазы”, “Яшлық” (Алматы), “Жайық қызы” (Атырау), “Жетісу” (Талдықорған), “Сыр сұлуы” (Қызылорда), “Ұлытау” (Қарағанды), “Эренгольд” (Павлодар), т.б. Э-лық ансамбльдері ұйымдасты. Комп-лар Б.Байқадамов, С.Бәйтереков, Ә.Бейсеуов, Б.Жұманиязов, Ш.Қалдаяқов, А.Қоразбаев, Н.Тілендиев, т.б. аталмыш ансамбльдерге арнап ән жазды. Әншілер: С.Әбусейітов, І.Байбосынов, С.Боранбаева, Ә.Дінішев, Н.Есқалиева, П.К. Кесоглу, В.Қармысова, З.Қойшыбаева, М.Мұсабаев, Р.Мұсабаев, Н.Нүсіпжанов, Г.Рәзиева, Р.Рымбаева, А.Сембин, С.Тыныштығұлова, Е.Хасанғалиев, М.Ерәлиева, М.Жүнісова, М.Қазтұрғанова, А.Мейірбеков, С.Нұрмағамбетова, М.Ілиясова; реж. С.Елеусізов, көркем сөз оқушылар Т.Бұйрабаев, И.Я. Дальский, М.Н. Ли, виолончельші Ж.Баспаев, скрипкашы А.Мұсаходжаева, гобойшы Т.Тікішев, т.б. қазақ Эстраданың өркендеуіне елеулі үлес қосты. Ал пианиношы-педагог Г.Кәдірбекова концерттік-орындаушылық өнерімен тыңдаушы-көрермендер ілтипатына бөленді. 1991 – 2000 ж. ұлттық Эстрада өнері бір топ комп-лар (К.Дүйсекеев, Ж.Еңсепов, М.Омаров, т.б.), әншілер (Г.Қаспақова, Г.Оразымбетова, Б.Сәмединова, Г.Сиқымбаева, Р.Стамғазиев, Б.Тайлақбаев, М.Түсіпова, Б.Тілеухан, Б.Шадаева, Ж.Ысқақова, т.б.) мен күйші-домбырашылар (Ә.Есқалиев, І.Ахмедияров, А.Еңсепов, А.Үлкенбаева, т.б.) есімдерімен толықты; олар шығарм. және орындаушылық шеберлігімен көпшілік-көрермендердің ықыласын аударды. Эстрада бойынша түрлі ұйымдастыру жұмыстары Қазақконцерт және облысы филармониялар арқылы жүргізіледі. 1965 ж. Алматы қаласында эстрада және цирк өнері студиясы (қазіргі колледж) ашылды
Қазақтың халық әні «Он алты қыз»
Астыма мінген атым генадушка,
Шабамын көңіл ашып немношка.
Не керек бұл дүниеде жить етуге,
Азырақ ойнап-күлмей, молодушка.
Зұлқия-ай, Ұрқия-ай,
Қатира-ай, Сағира-ай,
Күлзира-ай, Назира-ай,
Нағима-ай, Батима-ай!
Әшекей қыз Айжан-ай,
Бәлекей қыз Балжан-ай,
Толықсынған Маруся-ай,
Тындаушы еді-ау, сәлем-ай!
Қайда кетті Раиса-ай?
Я люблю тебя, Рая-ай!
Қарағым, айналайын, черный көзім,
Никогда не забуду айтқан сөзің.
Втарой, третей сорттар толып жатыр,
Первый сорт қайдан тудың сенін өзің?
Зұлқия-ай, Ұрқия-ай,
Қатира-ай, Сағира-ай,
Күлзира-ай, Назира-ай,
Нағима-ай, Батима-ай!
Әшекей қыз Айжан-ай,
Бәлекей қыз Балжан-ай,
Толықсынған Маруся-ай,
Тындаушы еді-ау, сәлем-ай!
Қайда кетті Раиса-ай?
Я люблю тебя, Рая-ай!
Астыма мінген атым генадушка,
Шабамын көңіл ашып немношка.
Не керек бұл дүниеде жить етуге,
Азырақ ойнап-күлмей, молодушка.
Зұлқия-ай, Ұрқия-ай,
Қатира-ай, Сағира-ай,
Күлзира-ай, Назира-ай,
Нағима-ай, Батима-ай!
Әшекей қыз Айжан-ай,
Бәлекей қыз Балжан-ай,
Толықсынған Маруся-ай,
Тындаушы еді-ау, сәлем-ай!
Қайда кетті Раиса-ай?
Я люблю тебя, Рая-ай!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?