Эстрадалық музыка. Музыка, 6 сынып, презентация. 1 сабақ.


2-бөлім: Заманауи музыка мәдениеті

Эстрадалық музыка

Оқу мақсаттары:

6.1.3.2 – әртүрлі стильдегі және жанрдағы әндердің орындау түрлерін салыстыру;

6.1.2.2 – эстрада музыкасының жанрлары мен бағыттарын анықтау;

6.1.3.1 әуеннің көңіл-күйі мен көркем бейнесін жеткізе отырып, екі дауыспен,немесе канон элементтерін қолдана отырып, әртүрлі стильдегі және жанрдағы әндерді орындау

Сабақ мақсаты:

қазақтың халық әні «Он алты қызды» түрлі орындауда тыңдап, талдау;

Орындаулардың ерекшелігін анықтау және салыстыру;

эстрадалық музыка ұғымын зерттеу;

қазақтың халық әні «Он алты қызды» орындау.

Бағалау критерийлері

әртүрлі стильде орындалған әнді салыстырады;

эстрадалық музыкалардың жанры мен бағытын анықтайды;

әннің көркем бейнесін жеткізе отырып, орындайды.

Терминология

эстрада;

эстрадалық музыка;

эстрадалық музыка түрлері;

эстрадалық ансамбль;

Тапсырма.

Музыка тыңда және талда

Қазақтың халық әні «Он алты қызды» әртүрлі орындауда тыңдаңыздар.

Ғ.Құрманғалиевтің орындауында:

http://audio.nur.kz/1269226-garifulla-kurmangaliev-16-devushek

ВИА «Дос - Мұқасанның» орындауында:

http://audio.nur.kz/720993-dos-mukasan-16-kiz

Хордың орындауында:

https://www.youtube.com/watch?v=u84Jc3tjis0

Мына сұрақтарға жауап беріңіздер:

Бұл ән сізге таныс па?

Бұл ән не жайында айтылады?

Ұсынылған орындаулар несімен өзгешеленеді?

Қандай музыкалық аспаптар ойналды?

Ұсынылған орындаудың қайсысы эстрадалық болады?

Тапсырма. Ақпарат ізде.

1 топ – эстрадалық музыка тарихы;

2 топ - Қазақстандағы эстрадалық музыка;

3 топ – Қазақстандағы алғашқы эстрадалық әншілер.

Сұрақтарды топта талқыла.

Эстрада дегеніміз не?

Эстрадалық музыка дегеніміз не?

Эстрадалық ансамбль дегеніміз не?

Қандай эстрадалық музыканы білесіздер?

Эстрадалық музыканың, классикалық музыкадан айырмашылығы неде?

Қазақтың алғашқы эстрада әншілерін ата?

Тапсырма. Ән үйреніңіз және орындаңыз

Қазақтың халық әні«Он алты қызды» үйреніңіз және орындаңыз.

https://www.youtube.com/watch?v=oJ_jeX1lebI

Халық әні «Он алты қыз»

1.Астыма мінген атым генадушка,

Шабамын көңіл ашып немножка.

Не стоит на свете жить етуге,

Азырақ ойнап-күлмей,молодушка.

Қайырмасы:

Зұлқия-ай,Ұрқия-ай,

Қатира-ай,Сағира-ай,

Күлзира-ай,Назира-ай,

Нағима-ай,Бәтима-ай.

Әшекей қыз Айжан-ай,бәлекей қыз Балжан-ай,

Шашбаулы қыз Сәлима-ай, еркелеген Таиса-ай,

Толықсыған Маруся-ай,тыңдаушы еді-ау Сәулем-ай,

Қайда кетті Раиса-ай,я люблю аяй,Рая-ай!

2.Қарағым,айналайын черный көзім,

Никогда не забуду айтқан сөзің.

Второй,третий сорттар толып жатыр,

Первый сорт қайдан тудың сенің өзің?!

Қайырмасы:

Зұлқия-ай,Ұрқия-ай,

Қатира-ай,Сағира-ай,

Күлзира-ай,Назира-ай,

Нағима-ай,Бәтима-ай.

Әшекей қыз Айжан-ай,бәлекей қыз Балжан-ай,

Шашбаулы қыз Сәлима-ай, еркелеген Таиса-ай,

Толықсыған Маруся-ай,тыңдаушы еді-ау Сәулем-ай,

Қайда кетті Раиса-ай,я люблю аяй,Рая-ай!

Рефлексия



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу