Болашақ музыкасы. Музыка, 4 сынып, сабақ жоспары. 2 – сабақ.


8-бөлім: Болашаққа сапар

Мектеп: Талдықорған қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 4

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Болашақ музыкасы (2 сабақ)

Оқу мақсаттары

4.2.1.1- музыкалық шығармашылық жұмыстарды жасау үшін өз идеясын ұсыну және түрлі материалдар мен ресурстар таңдау;

4.3.1.1 - шығармашылық жұмысын көрсете және бағалай білу.

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

- Киностудия бағдарламасында жоба жасайды;

- өз жұмыстарын таныстырады;

- сыныптастарының жұмысына баға береді.

 Бағалау критерийлері

Оқушы:

- өз идеяларын ұсынады;

- өз жұмысын таныстырады;

- сыныптастарының жұмысын бағалайды.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар :

тиісті пәндік терминологияны пайдалана отырып, музыканы талқылау және талдау;

өз жұмысына түсініктемелер енгізу және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау.

Терминдер сөздігі:

- Киностудия.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Музыка дегеніміз не?
  • Музыканың стилі, бағыты, жанры дегеніміз не?
  • Музыканың стильдері, бағыттары, жанрлары адамзат тарихы бойы неліктен ауысып отырады?
  • Болашақта музыка стильдері қандай болады? Неліктен?

 Құндылықтар

Ынтымақтастық және ақпаратпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

 Пәнаралық байланыстар

Информатика – ноутбуктермен жұмыс жасау.

 АҚТ қолдану дағдылары

Киностудия бағдарламасы.

Бастапқы білім

Алдыңғы сабақта оқушылар «Болашақ музыкасы» тақырыбында өз идеяларымен бөлісті: болашақтағы классикалық музыка, ұлтық музыка, поп музыка, қазақтың ұлттық аспаптары қандай болады? екені туралы талқылады. Оқушылар жоба жұмысмының 1-ші кезеңнің Audacity бағдарламасында орындады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

7 минут

Стартер

Музыкалық сәлемдесу

Дауыс жаттығулары

Оқушылардың қалауы бойынша ән орындау.

Оқушылармен бірге сабақтың мақсаттары мен міндеттерімен таңысу.

Синтезатор.

Таныстырылым.

Сабақтың ортасы

20 минут

10 минут

1 – тапсырма. Музыкалық шығармашылық

2 - кезеңі: «Болашақ музыкасы» Киностудия компьютерлік бағдарламаларын пайдаланып, музыкалық жобаны жалғастырыңыз.

1 топ - Болашақтағы классикалық музыка.

2 топ - Болашақтағы ұлтық музыка.

3 топ - Болашақтағы поп музыка.

4 топ - Болашақта қазақтың ұлттық аспаптары.

3-тапсырма. Жобаны ұсыну және бағалау

«Болашақ музыкасы» тақырыбы бойынша өз музыкалық жобаңызды ұсыныңыз.

Өз жұмысыңызды көрсетіп және критерийлер бойынша бағалаңыз:

  • шығармашылық көзқарас;
  • тақырып сәйкестігі;
  • ұйымшылдық.

Ресурстар:

Ноутбуктар, Киностудия бағдарламасы.

Сабақтың соңы

3 минут

Рефлексия

- Бүгін сабақта не үйрендік?

- Қандай тапсырма сендерге қиын болды?

- Тағы нені жақсартуға болады.

- Бүгін сабақта не құнды болды? Неге?

Қорытынды. Оқушылар ауызша бүгінгі сабақтан алған әсерлерімен бөлісіп, өзара бағалау жүргізеді.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Шығармашылық тапсырмаларды орындау барысында мұғалім көмек қажет ететін кейбір оқушыларға бағдар беріп отырады.

- сұрақтар арқылы;

- практикалық тапсырманы бір-бірін бағалау;

- бағалау критерийлері бойынша.

Осы сабақта интертақтаны аз уақыт пайдалану.

Ноутбуктармен пайдаланған кезде қауіпсіздік техникасының сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу